Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 3 page





БОЛАШАҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ПЕДАГОГ КАДРЛАР ДАЯРЛЫҒЫНДА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕШЕНДІ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ:

XXI ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғаның және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлдыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Соның бірі — жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқын қадірлеуде ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр. Сондықтан, қазіргі қоғамдық өзгерістерге сай даму қарқыны болашақ мамандарды даярлау барысында рухани, ұлттық болмысты қалыптастыруда білім беру моделін жаңаша құруды қажет етуде. Заман талабына сай туындаған қажеттіліктер болашақ ел иелерін ұлттың рухани қазынасымен, өнеге-өнерімен сусындатуды талап етеді. Осыған байланысты болашақ мамандық иелерінің іс-әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалар қалыптасып, тұлғаның дамуы көзделеді.

БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СОҢ ЖАСАЛАТЫН ЫРЫМДАР,РӘСІМДЕР.

Нәрестенің шыр етіп дүниеге келгенінен бастап өмір әні мен халық жырын құлағына сіңіріп өсетіні анық. Ата-ананың сәбиді жүрегі елжірей сүюі, әлпештеп, аялап, бағып-қағуы барлығы да жыр тілімен сыртқа шығып отырады. Халықтың тұрмыс тәжірибесінде сәбидің әрбір өмірлік қадамы назардан тыс қалмай дәстүрлі түрде әрқилы ырымдармен аталып өтіп отырады және де олардың барлығы өнер тілімен өрнектеліп, бізге жетіп келеді. Бала тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдыр мен кәделер де бар. Олар мынадай: құрсақ шашу, жарыс қазан, кіндік кесер, ат қою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шығару, тұсау кесу, тіл ашар, ашамайға мінгізу, аузына түкіру, шідерге сигізу т.б. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі - шілдехана. Бүгінде жас сәбидің дүниеге келгенін той жасап, атап өту рәсімге айналған. Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін "ұл туғанға - күн туған" деп, ерекше бақыт санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.Қазақ халқында ұл бала туса да, қыз бала туса да, жақын туыстарына хабарлап, "сүйінші" сұраған. Қуаныштарынан той жасап, атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіріп, шамаларына қарай, арналған сыйлықтарын береді. Баланың анасына туыстары күтіммен қарайды.Туған ер баланы отыз күн, қыз баланы қырық күн суға түсіріп, денесін сылап, буындарын созады. Қырық күн өткен соң, қырқынан шығару ырымын жасайды. Оны туыстары болып келетін үлкен кісіге тапсырады. Осындай міндет жүктелген адам, сыйлығын бір тоғыз етіп дайындап келіп, нәрестені қырқынан шыарады. Бесік той Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді. "Бесік алып беру" - қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүр. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киітін, зергерлік бұйымдары мен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған киітінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттарға дейін кіреді.Тойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағиларымен танысады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. сонан соң "бесікке салу" ырымын жасайды. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге "тыштыма" деп үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Әкелінген бесікке көріп отырғандар баға беріп, бесік әкелушілерге киіт беріледі. Құдағилар білезік пен жүзіктерін бір-біріне сыйлайды. Бесік жыры айтылып, би биленіп, көңіл көтереді. Ырымға байланысты ат қою қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн. Бауырына салу Немерелерін ата, әжесі немесе жақын туыстары уақытша тәрбиелеуге алғанды "бауырына салу" деп атайды. Бауырына салғандарымен, ата-аналарынан айырмайды. Асырап та алмайды. Бұл дәстүрдің мақсаты - жалғыз қалған ата-анасына ермек болсын деп, ал туыстарына көмек ретінде, баларын уақытша жібереді. Бауырына салушылар тәлім-тәрбиелерін береді, қамқорлықтарын жасайды. Бала өскен соң ата-анасына кетеді, немесе сол шаңырақта қала береді. Қазақ халқында, әсіресе, бірінші немерелерін бауырына ұлдың әке-шешелері салады. Бірінші немерелері үлкендердікі деп есептеледі. Бірақ, олармен қатар, баланың ата-анасы да тәрбие береді. Есейген балаға бауырына салған адамдар әрдайым ыстық болады. Өз баларынан кем көрмеген әже, ата-анасына немесе туысына сый сыйлайды. Бұл оның ризашылығын білдіреді. Жүрген жерлерінде мақтап, айта жүреді. Үйленіп, теңін тауып тұрмысқа шыққанда, үйлену тойларының қадірлі қонақтары етіп, үлкен ата-аналары деп, тілек білдіруде сөз кезегін бірінші соларға береді. Келін түсіргенде бірінші сол үйдің табардырығын аттатады. Асырап алу Басқа халықтар сияқты, қазақ халқында да асырап алу салты бар. Нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар, ата-аналарымен және өзара ақылдасып, бала асырап алады. Құжаттарының бәрін заңды түрде жасайды. Өздері ат қойып, өз аты-жөндеріне жазғызады. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар туыстарынан асырап алуға тырысады. Бұндай жағдайларда баланың әке-шешесімен алдын ала айтып, келіседі. Асырап алған ата-аналар балаға үлкен жауапкершілікпен қарайды, жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысып бағады. Тұсау кесу Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр - тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі.Тойға келгендер тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастархан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесетін әйел дайындап, алып келеді. Көпшіліктің алдында даярлаған сыйлықтарын беріп, ортада тұрған баланың аяғына байланған жібін кесіп, жібереді. Жіпті ақ, қара жіппен есіп, еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды. Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді. Тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді, іске ықшам, жасы үлкен, балалы-шағалы әйелге жүктейді. Ол әйел шамасына қарай балаға сыйлық береді. Кей жерлерде баланың басынан аяғына дейін жаңа киімдер әкеліп, әкелген сыйлығын ел көрсін деп, тұсауын кесіп, ортаға жібермей тұрып, кигізіп қояды. Ал кейбір жерлерде тұсауын кесетін балаға тұсау кесетін әйел балаға аяқ киім немесе бастан-аяқ киімнен бір тоғыз етіп жасап алып келеді. Бұрынырақта ат пен ер-тоқымын сыйлаған. Өлеңдер айтылып, жиналғандар тілектерін тілейді.Тұсау кескен әйелге әке-шешесі ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын тартады. Киітін береді. Сүндеттеу Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтары сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған. Қазақ халқында бұл салт-дәстүрге айналған. Халықтың түсінігі бойынша, сүндетке отырғызудың мақсаты - бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді. Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты "Сүндет той" деп, көп жерлерде үлкен той жасап, атап өтеді. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды. Бұрынырақта атқа жабу жауып, ашамай салып. сүндетке отырғызылатын баланы отырғызып, алдына қоржын іліп, туған-туыстарын тойға шақыртуға шығарған. Той басталғанда, кейбір жерлерде, арнайы ұлттық киім киген баланы атқа отырғызып, жиналған қонақтардың алдына шығарады. Отырғызатын атын өрнектелген кілемше жабуларымен безендіреді. Шашуларын шашып, байғазыларын береді. Тойға арнайы келген жақын туыстары тілектерін айтып, сыйлықтарын сыйлайды. Би биленіп, өлеңдер айтылып, ойындар ойналады.

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш”) қатарына жататын ескерткіш кешен.“Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды.. Барлығы — 80 жол жазуы бар. Қытай жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш о баста тасбақа тас үстіне күншығысқа қаратылып орнатылған. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш, бірнеше бөлшектенген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен ескіріп, талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған. Кесененің орны ғана білінеді. Білге Қаған Ескерткіші кешенінің құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Білге Қаған Ескерткішімен айна-қатесіз бірдей.. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.

БІЛГЕ ҚАҒАН МЕН КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ АБЫРОЙ,НАМЫС,ЕРЛІКТЕРІНІҢ ПАТРИОТТЫҚ МАҢЫЗЫ. БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш”) қатарына жататын ескерткіш кешен.“Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды.. Барлығы — 80 жол жазуы бар. Қытай жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш о баста тасбақа тас үстіне күншығысқа қаратылып орнатылған. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш, бірнеше бөлшектенген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен ескіріп, талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған. Кесененің орны ғана білінеді. Білге Қаған Ескерткіші кешенінің құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Білге Қаған Ескерткішімен айна-қатесіз бірдей.. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.

Ғ

ҒҰМАР ҚАРАШ (1875-1921) - діндар-ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген.Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады..Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар, «Қарлығаш», «Тумыш», «Ағатұлпар», «Тұрымтай» деп аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Бәдел қажы» дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.Ғұмар Қараш 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына», «Неден қорқам?», «Күн туды» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды.. Қазақтың тұңғыш педогогикалық журналы «Мұғалімге» басшылық етіп, сол журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды.. Спандияр Көбеев(1878-1956 Қостанай) ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Мұнда автор өз көзімен көрген екі өмірдің қарама-қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды баяндайды.

Қалың мал романының авторы.ҚР еңбек сіңірген мұғалімі.
ҒҰМАР ҚАРАШЕВ, МӘШҺҮР-ЖҮСІП, СПАНДИЯР КӨБЕЕВТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары.
(1875-1921 жж.)
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.
Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.
Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында жетім қалады.
Жастайынан өз халқының фольклорлық бай қазынасына құштар болған ол небір жыр, криссаларды ой-санасына сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелі діни білім алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол басқарған медресені бітіреді. Осы ғылымды жетік меңгергені соншама, иман, ал одан кейін ахун дәрежесіне ие болады. Өзі басшылық еткен мешітте медресе ашып, қазақ балаларының сауаи алуына біршама ат салысады.
1902-1910 жылдар аралығында медреседе оқитын шәкірттерін жаңа Жадит тәсілімен оқуды қолға алып, біршама жетістіктерге жеткен. Оқушыларды тез арада сауатын ашып, арабша, қазақша, татарша және орысша жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алған. Мұндай батыл реформалық іс-әрекет дүмше малдар мен шынжыр балаң, шұбар төс үстем тап өкілдеріне ұнамай «ислам дінін бұзып, қазақ балаларын орыс қылды» деген айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсат-мүддесі жергілікті зиялы қауымнан қолдау тауып жәдидше оқытуын әрі қарай жалғастырды. Ғұмар жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел аузындағы әдеби мұраларды жалғастырды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарайтын – арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын оңға бастайды, ол әдеби, тарихи пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыды. Сөйтіп, ислам діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан да хабары болады. Мәшһүр – Жүсіп шығармаларындағы тағы бір тілдік қабат, араб – парсы сөздері. Біз зерттеу жұмысымызда теологиялы лексикаға байланысты (діни сөздер) шамамыз келгенше зерттеуге тырыстық. Бұл – орайда, М.Дауан мен Г.Елемесовалардың еңбектері де ұшан теңіз. Соңғы Мәшһүр – Жүсіп қолжазбаларынан Д.Матаев, Қ.Талқанбаева, Б.Ахметнязов «Мәшһүр – Жүсіптің араб грамматикасын» тауып, 15 томына жариялады. Осындай, жекелеген шығармаларында кеткен мәліметтерді кейін өз алдына дербес кітапша қылып жариялау да ойда бар іс. Осы зерттеу еңбектің ішінде «Мәшһүр – Жүсіптің Араб грамматикасын» қоса беріп отырмыз. Бұндай, қосалқы тілдік мәліметтер мәтін ішінде оқыған сайын ұшырасады. Мәшһүр – Жүсіп жинаған ауыз әдебиетінің үлгілерінде де ескілікті көне сөздер өте көп кездеседі. Бұл дегенміз болашақта «Мәшһүр – Жүсіп этимологиялық» сөздігін, Шежірелердегі ру - тайпа, ел атауларына қатысты туындаған алуан түрлі ТТ., ФЕ немесе көне сөздер тобын зерттеу де күн құрғатпайтын міндетке айналып отыр. Өкінішке орай, ақын тіліне қатысты дайын кандидаттық диссертациялар танымал аға ғалымдардың тарабынан қолдау таппай отырғанын айтуға тиістіміз. Тілдік зерттеулер шыны керек жеңіл методологияға қарай ауысқан сыңайлы, таза теориялық тілдік зерттеулер кенжелеп қалғанын аңғарамыз. Осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында да «Мәшһүр – Жүсіп шығармаларының метрологиялық жүйесі» - атты жеке таза тілдік зерттеуді ұсынып отырмыз. Жалпы, тілдік дайындығы бар оқырман, студенттер осы – зерттеу еңбектен көптеген мағұлымат алатынына сеніміміз мол. Ойды, ой қозғап, әлі де болса, тың, жаңа серпілістерге жетелейтін зерттеу мақалалар, еңбектер, шәкірттер қаламынан туатынына зор үмітіміз бар. Спандияр Көбейұлы – Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз ұстазының жолын үлгі тұтып, ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы насихаттаған. Сол бағытта Спандияр Абай мен өз ұстазы Ыбырай Алтынсарин негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтық, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа жағдайға лайық дамытты. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне өзін оқуға орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды, онымен кездесулерін әсерлі баяндайды. «Қара бақсының хикаясы», «Надандық құрбаны» атты тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты әшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы бой көтеруі, байлардың олардан «кек қайтару» озбырлығы – кітаптың бірқатар тарауларының («Зорлық», «Мұз үстіндегі айқас», т.б.) мазмұнын құрайды.

 

 

Д

ДҮНИЕТАНЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ОЙ-

Дүниетаным –ақиқатты рухани практикалық тұрғыдан игеру жүйесі.Соның ішінде білім мен сенім жиынтығы,адамдардың адамгершілік мұраттары мен әлеуметтік мінез-құлқы реттегіштері,саяси бағдарлар,қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық көзқарас дүниені түсіну және дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады.Дүниетаным саласында көптеген ой пікірлер мен көзқарастар ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.Философ Д.Злобин дүниетаным ұғымына анықтама беріп оның негізгі компаненттеріне сенім мен күмәнді жатқызды.Психологтар:В.В.Богословский,А.Г.Ковалев,А.Спепанова,Н.Шабалин болса,жеке тұлға дүниетанымының сапалық сипаттамасын мазмұндылығы мен ғылымилығы:жүйелілігі мен мақсаттылығы:іс-әрекет пен мінез-құлық байланыстары,белгілері бойынша анықтайды.Белгілі психолог-педагог Қ.Жарықбаевтың пікірінше дүниетаным адамның табиғат қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.

Date: 2016-05-24; view: 940; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию