Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 4 page





ДІНИ ҰҒЫМДАР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Исламтұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкілдүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мыңжыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққақолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері –сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан,иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттікағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық,будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.«Діни сенім және діни бостандық туралы» алғашқы Заң 1992 жылы қабылданды. Ол кеңес заманында дайындалған заң жобасы еді. Бірақ, біз бұл жерде үлкен қателікке ұрындық. Негізі, бұл дінге бетбұрыс болмады. Бұл шын мәнісінде Құдайды, дінді тану емес еді. Бұл кеңес заманындағы заңсыздықтан, бұғаудан босану, теңдік алу болды да, екінші жағы діннің терең мағынасын бағдарлай алмадық. Ол да түсінікті. Осыдан келіп дін біздің елімізде сәнге айналды десе де болады. Дінді танудан гөрі, неше түрлі діни ағымдарды, әдеби кітаптарды таңырқап оқи бастадық. Діннің тіпті араласпаған саласы қалмады. Діни музыка көбейді. Осының барлығын дұрыс екен деп қабылдадық та, бұл елімізде үлкен бір жаңа ахуал туғызды. Сонымен бірге, біз дінді кімнен үйрендік сонда? Біз дінді шетелден келіп жатқан ағымнан үйрендік, шетелде оқып келген жастардан үйрене бастадық. Бірақ, сол кездегі діни бірлестіктердің басында тұрған имамдардың, священниктердің өздері де діни сауат ашуда әлсіз, сауатсыз болды. Бір жағынан бұларды кеңес заманында қорқытып-үркітіп алғандықтан, іске батыл кірісе алмады. Сөйтіп, осындай аласапыран ахуал қалыптасты. Сондықтан, мысалы, күні бүгін де біздің елдегі өздерін мұсылманмын дейтіндер де терең діндарлар емес. Бұлар ислам дінімен байланысты дәстүрімізді мойындаудан, менталитетімізді, болмысымызға сай келетін діни ұғымдарды қабылдаудан гөрі, қазақсың ба мұсылмансың, орыссың ба – православиеліксің деген стереотипті ұстанды. Сол стереотип әлі күнге дейін жұмыс жасап келе жатыр. Осындай жағ­дайлардан кейін, яғни 90-жылдардың аяғы, 2000-жылдардың басында біз, әрине, ойлана бастадық. Мысалы, Қазақстан Рес­публикасының Парламентінде «Діни сенім және діни бірлестіктер туралы» Заңның осы аралықта сегіз рет қайта қаралуы, толық­тырылуы, сол заңға өзгерістердің енгі­зілуі еліміздегі діни істерге деген мазалану­шылықты көрсетеді, сол мәселеге мемле­кеттің мән беруіне депутат ретінде өзім де куә болдым. Міне, сөйтіп, 2000 жылдың басына таман шетелден келген неше түрлі секталар қоғамымызды аздырып, тіпті бір отбасын, атасын, баласын, анасын бір-біріне қарсы қоюға әкелді.

ДОСПАМБЕТ, ЖИЕМБЕТ,АҚТАМБЕРДІ,ҮМБЕТЕЙ,ШАЛ АҚЫН,ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ, ҚАЗТУҒАН, МАХАМБЕТ, БАЗАР ЖЫРАУ, МАЙЛЫҚОЖА ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ, АҚЫЛ-НАҚЫЛ, НАСИХАТ ӨЛЕҢДЕРІ: Оларда қазақтың ой-арманы, болмысқа деген өзіндік көзқарастары, мақсат, мүддесі,өмірі,тұрмыс қарекеті,мінез-құлық ерекшеліктері,қонақжайлылығы,меймандостығы бейнеленді.Оны Ақтамберді жыраудың "Күлдір-Күлдір кісінетіп" деген толғауынан байқауға болады. Өз еңбектерінде, жырлары арқылы жеткіншектер мен жастарды ерлікке, батырлыққа,табандылыққа шақырды,елін,жерін жаудан қорғап қалуға,аянбай күресуге шақырды. Жыраулар ішіндегі ірі тұлғалар бірі-Д.Бабатайұлының ш/ры тағылымдық сарында жазылған.Онда жырау бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуын ата-анамен жақсы адамдардың үлгі өнегесімен байланыстырды:"Ата-ананың ақылы-қазылған қара жолмен тең, Жақсылардың ақылы-гауһар шырақ шаммен тең".

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР- әрбір дінді ұстанушылардың ерекше қастерлейтін мейрам күндері. Діни мерекелердің ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жекедіннің тарихына байланысты.Діни мерекелер: Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт.

Ораза айт – Фарз Ораза уақытының, Рамазан айының аяқталуының құрметіне мұсылмандар тойлайтын мереке..

Құрбан айт – Зұлхиджа айының 10 күні басталып, 3-4 күнге созылады. Құрбан айт һижра жыл есебінің басы болып саналады. Құрбан айтты мерекелеу бозала таңнан басталады.

Құрбан айттың алғашқы күні – Қазақстанда демалыс. Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туылған күніне арнап өткізіледі. Мәуліт – Пәкістанның ресми мерекесі. Мәулітте Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнап мәуліт оқылады, құранды мәнерлеп оқудан жарыс өткізу тәрізді түрлі діни шаралар ұйымдастырылады.

ДУЛАТИ ХҰСАЙЫНҰЛЫ МҰХАММЕД ХАЙДАР

(1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті—Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар.

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ, ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ, АҚТАМБЕРДІ,ҮМБЕТЕЙ,ШАЛ АҚЫН, ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ, ҚАЗТУҒАН, МАХАМБЕТ, БАЗАР ЖЫРАУ, МАЙЛЫҚОЖА ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПЕД. ИДЕЯЛАРЫ,АҚЫЛ НАҚЫЛ НАСИХАТ ӨСИЕТТЕРІ.

Жиембет жырау Бортоғашұлы ХVІІ ғасырда өмір сүрген әрі әскербасы, әрі ақын, әрі жырау болған. Жиембет жырау Еңсегей бойлы ер Есім ханның тұсында өмір сүрген. Ел арасына сөзі өтімді болған Жиембет жыраудан сескенген және өзіне қарсы тұрғаны үшін Есім хан Жиембетті інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. «Ханға қарсы тұрам деп» ел-жұрынан айырылған Жиембет жырау өзінің сағынышын «Қол-аяғым бұғауда» толғауында жеткізген. Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанның Қаратау өңірінде ауқатты жанұяда дүниеге келген. Еңбектері: «Жағалбайлы деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жағама қолдың тигенін», «дұшпаннан көрген қорлығым», «Көк көгершін, көгершін», «Салпаң да салпаң жортармын», «Жауға шаптым ту байлап», «От басар орны отаудай», «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Ағайының көп болса», «Еділ, Жайық екі өзен», «Балаларыма өсиет». Үмбетей – 1706 – 1778 жылдары өмір сүрген жырау, жыршы, Бөгенбай батырдың жауынгер серігі«Бәкеге», «Жауқашарға», «Бекболат биге» деген толғаулары – жаман қылықтан сақтандырып, жақсылыққа, адамгершілікке үндейтін дидактикалық сарындағы шығармалар. Үмбетей жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» деген толғаулары бар.

Е

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ- ТӘРБИЕ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ЗЕРТЕЛУІ

Халық педагогикасындағы ұлттық тәрбие үрдісі – халықтың қоршаған ортадағы құбылыстар жөніндегі эмпирикалық білімдер арқылы жүзеге асырылады. Демек, тәрбие жұмысын ұйымдастыру адам әрекетінің белгілі бір мақсатты көздеген ісі ғана емес, ол қоғамның эволюциялық даму барысында қалыптасқан білім, таным жетістіктерін ұрпақ санасына жүйелі түрде сіңіру қажеттілігін қалыптастырады.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары:

- Ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл және байсалды болу;

- Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу;

- Ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері;

- Қонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу;

- Парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттері бойына сіңірген тұлға болу;

- Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды сақтау және қастерлеу;

- Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі;

- Денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. Ұлттық қазыналарды қастерлеу. Өсиеттер мен аманаттарға назар аудару.

Халық өнерінің адам жандүниесінің ішкі рухани қазынасы екенін сезген қазақи сана, өскелең ұрпағының бойына аталмыш ұлы дүниелерді сіңіруді басты мақсат еткені – ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларына жатады. Қазақ өнерінің қаншалықты мәнді, мазмұнды және әрқилы екені өнертанушы ғалымдардың ғылыми зертеулері мен шығармалары (Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев т.б.) негізінде нақты көз жеткіземіз.

Өмір сүріп отырған орта мал-егін шаруашылығын негізгі кәсіптің көзіне айналдыруымен бірге ұлттық өнер түрлерін (ән-күй, шешендік өнер, айтыс, қолөнер бұйымдарын жасау, кілем тоқу, өрнек тоқу, би өнері, эпостарды насихаттау, жыр жазу, ән шығару т.б.) жас ұрпақтың үйренуіне, таратуына, этнофилософиялық мән-мағынасын түсінуге және қастерлеуге баулып отырған.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидалық ғибраттарын ұлттық дүниетаным тұрғысынан тарату аталған ой-тұжырымдармен шектелмеуі тиіс. Біздің ойымызша айтарымызға қосымша: батырлық, тәккәпарлық, ұлтжандылық, имандылық, ілкімділік, дәнекерлілік, көпшілділік, қанағатшылық, тәубашылдылық, төзімшілділік сияқты әлемдегі кез келген этностың бойынан табылатын асыл қасиеттердің педагогикалық маңызын одан ары зерделей түскеніміз абзал.

ЕҢБЕККЕ БАУЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЙТЫЛҒАН БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕРІ,ХАЛЫҚ ЫРЫМДАРЫ МЕН ТЫЙЫМДАРЫ. Еңбек –жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді, адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды.Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады. Тәй-тәй басып,әрекет жолына түсе бастаған баладан бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке,еңбекті құрметтеуге (ата-ананың еңбегін құрметтеп,оны мақтан тұтып,оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға),еңбекке дағдыландыруға(үйрету,жаттықтыру,дағдыға айналдыру)үйретеді. Еңбек тәрбиесі алғаш,негізінен,баланың еркін әрекет жасап,талпыну,талаптану,ойнау,ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы-баланы кәсіпке үйрету болып табылады: мал бағу, егін салу,сәулет өнеріне үйрету,зергерлік,тоқымашылық,құсбегі болу алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері. Мал бағу -қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан,балаға ес біле еңбек етіп,мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептеген. «Қой бақсаң,өрісін тап» «доп ойнаған-тозар,асық ойнаған-азар,бәрінен де қой бағып,көтен,мойын жеген озар»деп халық өой бағу өнерін жоғары бағалайды. «Егін ексең,жүгері ек,жүгері-сүт,жүгері-ет», «нан құраннан да қасиетті», «алтын-күміс тас екен,арпа-бидай ас екен»деп халық егін егуді қастерлеп,жоғары бағалайды. «Көктемнің бір күні,қыстың бір айына азық»деп,ал егін салудың оны орып-жинаудың өз мезгілі болатынын қатаң ескертеді,егін жиналған соң сабан той («алтын дән»)жасайды. «Еңбек етпеген ішіп-жемейді», «Еңбек түбі береке» деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, өзгенің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуді бастауыш сыныпта үйретіп бастауы керек Сәулет өнері қазақ жерінде ертеден дамыған. Оған моңғол шапқыншылығында қазақ жерінде қираған (Отырар,Сауран,Сайран,Созақ,Иассы,Сығанақ,Испиджаб т.б)жүзден асқан қалалар мен қымбатты тарихи ескерткіштер дәлел бола алады. Сәулет өнерінің керемет үлгілерін тамсана сөз ету ертегілер мен аңыз әңгімелерде батырлар жырларында кездеседі. Сәулет өнерінің үлгілерін Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан баба кесенелерінен көре аламыз. Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап,зергерлерді ардақтап,олардың өнерлерін (ою-өрнек,алқа,сырға, білезік жасау,т.б)уағыздар,жастарға үйретіп отырған.

ЕҢБЕК КӘСІПКЕРЛІК ӘНДЕР, НАҚИЛАТ ӘНДЕР, ҚИЯЛ ӘНДЕР, САТИРАЛЫҚ ӘЗІЛ Т.Б ӘНДЕР ТҮРЛЕРІ

Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл — ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:

— тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар

әндері);

— еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);

— үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);

— ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет — ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

— жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);

— нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

— қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);

— сатиралы — юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

— тарихи әндер;

— әлеуметтік теңсіздік әңдері;

— эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

— айтыс әндері;

— лирикалық әндер.

Біздер казақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің ән жанрларын классификациялауына сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйелеп, төмеңдегі классификациямыз бойьнша карастырамыз:

— тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар

әндері);

— еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);

— үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, кұдалар әндері);

— ұлыс әңдері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

— жаналазау әңдері (естірту, жұбату, көңіл айту);

— нақиялы әңдер (алғыс, бата, тілек, жүмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

— киял-ғажайып әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);

— сатиралы юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

— тарихи әндер;

— әлеуметтік теңсіздік әндері;

— эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

— айтыс әндері;

— лирикалық әндер.

Турмыс салт әндеріадам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы карапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді.

Нақлият әндердеаса бағалы дидактикалық бай тағлымдық қазына жатыр, қоғамдағы адам өмірін бағыттайтын жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен парсыздықтың, моральдык, этикалық ұғымдарды жырлаған.

Нақлият әндерінің бір түрі — мысал әндер. Оларда аллегория түрінде ақыл-кеңес, мораль мәселелері айтылады. Сондықтан халық жыршыларының шығармаларында параллелизм, астарлап айту, символикалар жиі кездеседі. Олардың басты кейіпкерлері қорқау қасқыр, қу түлкі, аңкау қой, әнші бұлбұл, ақылсыз есек, өсекші карға тағы сол сияқтылар. Мысалы, Ж.Жұмабаевтың ән-мысалында:

Қарға менен сауысқан

Түбі бірге туысқан.

Тілейтіні қарғаның,

Ағайынның бірлігі.

Шықыддаған сауысқан,

Ед бүлдіру тірлгі, — деп еңбекшіл қарға мен өтірікші, өсекші және жалқау сауысканның тірлігін баяндайды.

Мысал әндерде параллелизм мен символика астасқан түрде де пайдаланылады. Мысалы аққу —сұлулық символы, сұңқар — батырлық, көгершін —бейбітшіліктің, қарлығаш —достықтың, өгіз — еңбекқордың, туйе— дала кемесінің символы ретінде беріледі. Мысал — әндерде кейіпкерлер ретінде құстар мен жануарлар келтірілген.

Жұмбақ өлеңдерде дидактикалық тәлім-төрбие мәселелері арқау болған. Ән-жұмбақтардың әр түрлі өзінің көркемдік ерекшеліктерімен коса аса бағалы төрбиелік мәні бар. Жұмбақ өлеңдер I, 2, 3 немесе 4 жолдардан құралады. Көркемдік мәнерілілігі жағынан мақал — мәтелдермен пара — пар деуге келеді. Мысалы, Ертай, Құлсариевтің трактор туралы ән-жұмбағында:

Бір базар көшіп келген Мәскеу жақтан,

Білмеймін ауырлығы неше батпан?

Ақын — жырлар ән — жұмбақтардың екі түрде: біреуінеде жұмбақтай отырьш, қолма — қол жауабын беріп отырса, еккіншісінде, халықтың өзі шешімін табуға арнап айткан. Мысалы, ән жұмбақтарда салыстырмалы метаформалар мен антитездер көптеп кезігеді.

Қиял ғажайып әңдердің катарына аңыз — әңдері, өтірік өлеңдері де жатады. Олардың сюжеттік мазмұны әр тұрлі болғанымен, негізінен халық өмірінен алынады. Карапайым адамдардың болашақка деген үміт-арманы, бақыт пен шынышылдық, ақиқат туралы сенімі арқау больш ән соңында дидактикалық ой-тұжырым мен байқаулар жасальш отырады.

Сатиралық-юморлық әндер ақын-жазушылардың орындауында халық тұрмысындағы келеңсіздікпен күресте айбынды қару балды. Халық жаршылығы күні бүгінге дейін юморлық, әзіл-қалжың, әжуа әңдерді шығарып келеді. Сан қилы әндерде жақсы әзіл, сын, сарказм, ирония кезігеді. Құрбы кұрдастарына арналған достық шаржлар, табыстары мен жетістіктеріне, олардың кәсіптік және мінездеріндегі кейбір қасиеттеріне тоқталады. Халық ақындарының ішіңде өте көп таралған сатиралық әндерде адамдардың ақылы тарлығы, тәрбиесіңдегі сорақы мінездерін аямай әжуалаған. Арсыз жалкаулықты, арсыздықты тамаша өткір теңеулермен шенеп — мінеген.

Date: 2016-05-24; view: 1128; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию