Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 1 page





А

А.БАЙТҰРСЫНОВ, Х.ДОСМҰХАНБЕТОВ, М.ДУЛАТОВ, Ж.АЙМАУЫТОВ, Н.ҚҰЛЖАНОВА,М.ЖҰМАБАЕВТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ОЙ ТҰЖЫРЫМДАРЫ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТЫРЫ МЕНЕҢБЕКТЕРІ

Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен ауыл мектебінде (1882-1884), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909). 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды. Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. "Әліпби", "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш", т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселәлерін зерттеу ісімен айналысты.Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал"романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.[3]Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси­хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

М.Жұмабаевтың талантын алғаш тани білгендердің қатарында қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов те бар. Ол «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (тарихи-әдеби сын) атты мақаласында әдеби дамуға шолу жасай келіп, ондағы соны жаңалыққа тоқталады: «Ол жаңалық – жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік, сыршылдық (романтизм) дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай заманынан бері қарай келе жатқан реализм сарыны көбінесе құрғақ ой, жадағай сөз (рассуждение) күйі осы күнгі терең сезім, нәзік сыр күйіне айналып келеді. Бұның белгісі М.Жұмабаевтың соңғы «Ертегі», «Қорқыт» сияқты өлеңдерінде бар» деген жолдар «Шолпанда» 1923 жылы № 4-5 сандарында жарияланған. Бұл жерде Мұхтар Мағжанды қазақ поэзиясының дамуындағы жаңа бір саты, бағыт деп жоғары бағалаған [43].

С.Қожанов М.Жұмабаевтың өлеңдерін бастырып шығару саяси тұрғыдан қаншалықты қауіпті екенін сезе тұра, саналы түрде кіріскен сияқты. Сондықтан ол Мағжан өлеңдерін талдамайды. С.Қожановтың өзі басқарған «Ақ жол» газетінде М.Жұмабайұлының шығармаларына көп орын берілгені туралы ғалым А.Шәріпов былай дейді: «Дәл осы тұста Мағжан туындылары «Ақжолдың» бетінде жиі жарияланып жатты. 1923-1924 жылдары бұл газетте оның «Жай әншейін ойын ғой», «Сырдағы алашқа», «Берниязға», «Тірі бол», «Асық иіру», «Еділдің сағасында», «Қызыл жалау», т.б. біраз өлеңі жарық көрді. Сондай-ақ «Ақ жолдың» 1924 жылғы сәуірдің 1-індегі санында авторы көрсетілмей, басқарма атынан берілген «Мағжан» атты мақала басылды», - дейді [44, 40]. Бұл мақаланы А.Шәріпов мазмұн-мәнеріне қарай С.Қожанұлының алғысөзімен сабақтасып жатқанын алға тартады. Осы кезде Мағжанды қудалау ұйымдасқандық сипат ала бастады. 1924 жылдың бас кезінде Орынборда Мағжанға әдеби сот ұйымдастырылды. Онда басты айыптаушы С.Мұқанов болды да, қорғаушылық қызметті Жәкен Сәрсенбин атқарған. Екі сағатқа созылған айыптау баяндамасын тындап болған соң, қатысып отырғандар айғайлап, қорғаушыны сөйлетпей қойған.

АДАМГЕРШІЛІК, ИМАНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫҚ ҚАҒИДАЛАР

Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс тағы басқалары. Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырған.. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды. Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi — өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.

АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ ТҮСІНІГІ,ТӘЖІРИБЕСІ?

Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып ойлау сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс тәсілдерді шебер пайдаланып отырған. Ұзын ғасырлар бойы дамып,тарихи қалыптасқан халықтық тәрбие жүйесінде баланы ақыл ой жағынан дамыту ерекше орын алады.Халқымыз:«Бай болып,барша мұратына жетудегі-адам үшін қажет ең басты сапа-ақыл»деп түсінген. «Ақыл азбайды,білім тозбайды», «Ақылды көпшіл келеді,надан кекшіл келеді»деп,ақылдың адам үшін баға жетпес қазына екендігін атап көрсетеді.Баланың ақыл-ойын жетілдіруді мақсат ете отырып,халқымыз көптеген тәрбиелік дүниелер қолданды.Оларды 2-ге бөлуге болады.Оның бірінші тобына жататындар-өмір мұратына жетудегі ең басты адамдық сапа адалдық екенін көрсетуге арналған шығармалар,яғни мұнда баланың түсінігіне,ойлау,қабылдау ерекшеліктеріне ыңғайлай отырып,өмір жақсылығын көрудегі ақылдылықтың мәні ашылады.Ондай шығармаларға «Аяз би», «Қырық өтірік»сияқты ертегілер жатады.Ақыл-ой тәрбиесін беруде айтыс ерекше рөл атқарады.Өлең жырмен айтысу,өнер сайысына түсу,жмналған жұртты күлдіру-жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүріне айналды. Екінші топқа баланың ойын дамытатын,баланың ақыл-ой жағынан дамуына көмектесетін,осы сапаны дамытуда ерекше рөл атқарған аңыздар,ертегілер,жұмбақтар,өтірік өлеңдер,жаңылытпаштар,ертегілер,жырлар енеді.Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауына баулиды», – деген анықтама берілген.Жұмбақ баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білерлік талғампаздыққа да үйретеді. Жұмбақ өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге де тәрбиелейді. Ал жұмбақтың өлең оралымдары, ұйқастықтары, айшықты сөз қолданыстары, оның теңеу, метафора сияқты көркемдік тәсілдермен шебер, қиыстыратын суреттеу құралдары арқылы балаларға берер эстетикалық нәрі аз емес. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.

АЙТЫС ӨНЕРІН ЖАЛҒАСТЫРУДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР.

Қазақ халқының ұлттық өнерінің аса бір құнды мәйегі – айтыс өнері болып табылады. Айтыстың қазақ әдебиетінің тарихында алатын орнын әдебиет зерттеушілері А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңырабаев, Р.Бердібай т.б. ғалымдар зерттеп, атамұра өнеріміздің тарихы мен табиғатын бүгінгі ұрпаққа айқындап берді. 70-80 жылдары алдын ала жазып алып, жазғанын сахнада оқып, айтуға дейін құлдыраған ұлттық өнер егемендікпен бірге қанаттанып, қайта тұғырына қонды. Айтыстың солғындаған жылдарында аянбай тер төккен халық ақындары Манап Көкенов, Қалихан Алтынбаев, Әселхан Қалыбекова, Баянғали Әлімжанов, Қатимолла Бердіғалиев, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысовалар айтыстың байрағын көтеріпкележатыр. Тәуелсіздікалғаннанкейінгіайтысөнерініңтыңөріскеталпынғантұсы1997жылданбасталды.Бұданбұрындаәртүрлітойларда,белгілітұлғалардыңтолағайтойларында,Республикалықкөлемде,тіпті,Халықаралықдәрежедебірталайіріөнерсайыстарыөткенібелгілі.Ендігіуақыттаайтыстыңтасынөргедомалатып,алғасүйрегенЖүрсінЕрманныңОсыөнердідамытудағыжаңабағдарламаларықолғаалынды. «НұрОтан» партиясыменЛ.Н.ГумилеватындағыЕуразиялықұлттықуниверситетібірігіпөткізген «Тәуелсіздікжылдарындағыайтысөнерініңдамуы,мәселелері,болашақбағыты» аттыдөңгелекүстел барысында айтысты дамытуға қатысты бірқатар мәселелер мен қатар, осы өнердің басы-қасында жүрген азаматтардың оның тарихынан бейхабар екендігі туралы айтылды.Бұлшарабарысында «Айтысжәнеелдікмүдде», «Айтысөнерініңбүгініменболашағы», «Алтындомбыра» республикалықақындарайтысынұйымдастырумәселелерітуралытақырыптарталқығатүсті.Партияназарындаайтысшараларынбірорталықтанүйлестіру,айтысмамандығындаоқуға ниетті талапкерлерге арнайы граттар бөлу, айтыс өнеріне жастарды ынталандыру мақсатында аудандық, облыстық деңгейдегі сайыстарды жиі ұйымдастыру, «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысына алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар ұсыныстар айтылды. Қорыта айтқанда, қазақ халқы барда ұлттық дәстүріміздің мәйегі болған айтыс өнері ешқашан өлмейді. Дәстүрдің жаңаруы, жаңаруы мүмкін бірақ саналы ұрпақ барда түбегейлі жоғалып кетпейді.

АСАНҚАЙҒЫНЫҢ АҚЫЛ-НАҚЫЛ, НАСИХАТ ӨЛЕҢДЕРІ, "ЖЕРҰЙЫҚТЫ" ІЗДЕУІ:

Адамгершілік асыл қасиеттерге байланыстытағылымдық ой пікірлер Асан Қайғының нақыл сөздерінде,толғау-жырларында кең көлемде орын тапқан. "Ерегесіп ұрыспа, Сенікі дұрыс болса да, Атың шықпас дұрысқа." деген шумақтарында жастарды ұстамдылыққа,Достыққа,кешірімді болуға шақырса: "Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа" деп өмірде қандай белеске көтерілсеңде оған қалай жеткеніңді,кімнің қолдағанын,қандай ортадан шыққаныңды деп ескертіп тұрғандай.Асан Қайғы жастарды отанын, туған жерін, елін сүюге, қадірін түсіне білуге, қорғай білуге үйретеді.Мұндай қабілет-қасиеті жоқтарға: "Ауылдағ жамандар, Ақылыңа көнбеген, Ел қадірін не білсін?! Жұрт қадірін не білсін?!" депнаразылығын білдіреді.

АСАН ҚАЙҒЫ (ХАСАН) СӘБИТҰЛЫ (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ.Әз Жәнібекханның ақылшысы болған. Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді".

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ:

Абай жастар тәрби сіне ерекше көңіл бөлген."Ата-анаға көз қуаныш","Заманақыр жастары","Сегіз аяқ" деген өлеңдерінде жастарды әдепті,тату болуға,сөз қадірін білуге,сабырлы,арлы,еңбекшіл,есте сақтау,көргенен өнеге алу, нәпсіні ақылға жеңдіру,ұстамды болуға шақырады.Оның қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық тәлім-тәрбиелік тұжырымдар.Абайдың 15,17,23,29,32-қара сөздері тәрбиеге арналған.Абай өзін-өзі тәрбиелеуге аса зор мін беріп,он бесінші қара сөзінде адамды ө,ө тәрбиелеуге шақырады. 17қ.с. жан-жақты даму-қайрат,ақыл,жүрек 3і бірдей болып, тең табыссын деген.Абай өлең мен әннің тәрбие құралдары реінде рөлін жоғ.бағалаған.Абай халық педагогикасына үлкен мін беріп,озық үлгілерін насихаттайды. "Туғанда дүние есігін ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кірер денең" деп шілдехана жырынан бастап жоқтау жырына дейін барлық рәсімдерөлеңмен өрнектелетінін тебірене сөзт етеді.Абай адамдар жартылысынан бірдей емес дейтін көзқарасқа қарсы шығып,"Жан құмары арқ.жинақталатын нәрсенің аты ақыл,ғылым" деген 19қ.с. ақыл естің тәрбие арқылы жетілдіретінін дәлелдейді.23қ.с.теріс тәрбиелейтін мақалаларды айыра білу керектігіни ескертеді.34,38қ.с. діннің тәр/лік жоғары бағалап,Алланың ақ жолында халықты имандылыққа тәрбиелеуді көздейді.Абай Аллаға тән 8қасиетті атады:іс-әрекет,ғылым,қуат,көру,ес,тіл,орындау,көтерілу.Бұл қасиеттер адмда да бар.оны пайдалану үшін еңбектену керек.Абай ана тілін ардақтай білді. "Өткірдің жүзі,кестенің бізіөрнегін сендей сала алмас" деген Абай қазақ тіліне өте жоғары баға берген.

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

Date: 2016-05-24; view: 1203; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию