Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дамудың нашарлауын диагностикалаудың принциптары мен тапсырмалары





Нашар дамудың психодиагносткасы баланың оқу бағытын, оның оқу ерекшклігіндегі қажеттілігін және оқу дәрежесінің мүмкіншілігін анықтауға, оқуда түзету- дамыту бағдарын сілтеуі тиіс. Басқаша айтқанда, нашар дамудың психология- педагогикалық диагностикасы дифференциалды және болжамалы болып келеді. Диагностикалау процессінде баланы оқытудың қолайлы ұйымдастырушылық формалары мен индивидуалды жоспарлы оқытудың ұсынымдары қарастырылады.

Нашар дамудың диагностикасы заманауи кезеңде жетекші мамандардың (Л.С.Выготский,В.И. Лубовский, С.Д.Забрамная) еңбектерінде көрсетілген принциптер қатарына сүйеніп құрылуы керек.

Баланың психикалық дамуының қай түрін алсақ та, оның шығу тегінің терең ішкі себептері мен механизмін кешенді зерттеу арнайы мамандардың тобымен іске асырылады (дәрігерлер, педагог-дефектологтар, логопед, психолог, қоғамдық педагог). Баланың тек қана клиникалық және тәжірибелік- психологиялық зерттеуі ғана емес, сонымен қатар, басқа да әдіс- тәсілдер қолданылады: медициналық және педагогикалық құжаттаманы талдау, баланы бақылау, қоғамдық- педагогикалық тексеру, ал ең қиын жағдайларда- нейрофизиологиялық, нейропсихологиялық және басқа да тексерулер қолданылады.

Баланың психикалық дамуының диагностикасының жүйелік тәсілдемесі психиканың жүйелік құрылымының көрінісіне сүйенеді, және оның әр кезеңінде баланың психикалық әрекетінің нәтижелерін талдауды жорамалдайды. -Психология-педагогикалық диагностиканың процессінде жүйелік талдау жеке алынған ауытқушылықтармен қатар олардың арасындағы байланысты орнатуды қарастырады, анықталған ауытқушылықтардың иерархиясын анықтайды. Түзету шараларын ұйымдастыру үшін негіз болып табылатын маңызды жайт- тек келеңсіз жағдайлар емес, сондай-ақ сақталған функциялар мен тұлғаның жағымды қасиеттерін анықтау.

Дамуы нашар баланы зерттеудің динамикалық тәсілдемесі даму процессінде болатын өзгерістерді бақылау, баланың жас ерекшеліктерін қамтиды. Ол зерттеуді ұйымдастыруда, диагностикалық аспаптар таңдауда және зерттеу нәтижелерін талдауда маңызды. Баланың ағымдағы ахуалын, жас ерекшеліктеріне сай жаңа пайда болған элементтерді және оларды уақытылы іске асыруды есепке алу керек. Диагностикалық оқытуды жүзеге асыруда тек сол жас шамасындағы балалар орындай алатын тапсырмаларды ұйымдастыру кезінде жас шамасының факторын да ескеру керек.

Баланың потенциалды мүмкіншіліктерін анықтау және есепке алу.Бұл принцип Л.С.Выготскийдің көкейтесті және ең таяу даму зоналары туралы теориялық қағидаларына сүйенеді. Баланың потенциалдық мүмкіншіліктері ең таяу даму зонасы ретінде жаңа білім мен ептілікті игеру темпін және мүмкіншілігін анықтайды. Ол мүмкіншіліктер бала мен ересек адам арасында қарым- қатынас процессінде жаңа әрекет ету амалдарын үйрену кезінде қалыптасады.

Баланың психодиагностикалық зерттеудің сапалы сараптама нәтижесіне келесі параметрлер кіреді:

· Ситуациялық тексерістер мен тапсырмаларға қатынасы;

· Тапсырма жағдайяттарында бағдарлау тәсілдері және тапсырмаларды орындау тәсілдері;

· Баланың шаралары тапсырма шарттарына, экспериментті материал сипатына, нұсқаулықтарына сәйкестігі;

· Үлкендердің көмегін өнімді пайдалану;

· Тапсырманы ұқсас етіп орындай білу;

· Өз қызметінің қорытындысына қарым-қатынасы, өз жетістіктеріне сыншыл болу.

Психодиагностикалық зерттеудің сапалы сараптама нәтижесі сандық бағаның жекелеген диагностикалық тапсырмаларды орындауды жоққа шығармайды.

Баланың ерте диагностикалық бақылаудың қажеттілігі. Әсіресе дамудың ауытқуын ерте анықтау алғашқы ауытқуға социалды сипаттағы үсті-үстіне қабаттасуын алдын алуға, баланы түзету оқытуға қосылуына ықпал етеді.

Даму ауытқушылығы бар балаларға диагностикалық және түзету көмегінің бірлігі.Түзету- педагогикалық жұмыстың тапсырмалалары диагностика, психикалық дамуды тұспалдау және баланың мүмкіндіктеріне сүйеніп қана шешіледі.

Ауытқушылығы бар дамудың психодиагностикасы 3 кезеңнен тұрады: скрининг-диагностика; дифференциалды диагностика; жеке түзету бағдарламасын даярлау мақсатында баланы тереңірек зерттеу. Әр кезеңге өзіне тән ерекше тапсырмалары бар және әр кезеңнің замануи психодиагностиканы сипаттайтын өзіндік мәселелері бар.

Бірінші кезең «скрининг» деген атау алды. « Скрининг» сөзі ағылшын тілінің screen сөзінен шығады және «елеу, екшету» мағынасын білдіреді.бұл кезеңде баланың психофизикалық дамуында ауытқушылықтар барын нақты сипаттаусыз және ауытқудың тереңдігінсіз анықтайды.

Скрининг- диагностиканың негізгі тапсырмалары популяциялық дамуда әртүрлі ауытқушылығы бар балаларды дер кезінде анықтау, соның ішінде көпшілік оқу орындарында, баланың психология- педагогикалық мәселелерінің спектрін жуықтап анықтау болып табылады. Сонымен қатар, скрининг-диагностика балалардың оқу орындарындағы оқыту жне тәрбиелеу сапасын бағалау мәселелерін шешуге , оның ішінде: нақты берілген оқу орында оқыту- тәрбиелеу процессінің кемшіліктерін анықтау, балаларды тәрбиелеу- оқытудың әртүрлі бағдарламасының кемшіліктерін анықтау.

Қазіргі таңда скрининг- диагностиканы ұйымдастыру мен өткізудің мәселелері әр түрлі шешімін табуда. Іс- тәжірибеде бірнеше нұсқасы қарастырылады. Мысалы, баланы оқытып тәрбиелейтін педагогтар бала дамуында ауытқушылықтарды байқаған кезде, оқу орнының психологына даму ерекшеліктеріне баға беруіне және дамуында ауытқушылықтары бар баламен қалай жұмыс жасау керек екендігіне сәйкес ұсынымдар беруіне тапсырыс жасайды.

Келесі жағдайда, ата- ана баланың тәртібі мен оны тәрбиелеудегі қиыншылықтарға баға бере отырып, оқыту- тәрбиелеу іс- шараны ұйымдастыруда ұсыным беруіне психологқа жүгінеді. Бұндай тапсырыстар әсіресе мектепке дейінгі ересек балалар жасына тән, себебі дәл осы кезең «мектепке даярлау» шағы ретінде қарастырылады, ата- аналар балаларының психологиялық тұрғыда әртүрлі мәселелерін байқай бастайды.

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды анықтау арнайы ұйымдастырылған скрининг- зерттеудің нәтижелеріне сүйенеді. Ұйымдастыру формасына қарай скрининг- зерттеу жеке және жаппай болып бөлінеді. Бұл тәсілдеме замануи талаптарға сәйкес дамуында ауытқушылықтары бар балаларды анықтауға барынша жақын, алайда өкінішке орай қолданыста өте сирек кездеседі, ал өткізу процедурасы қазіргі талаптарға сай келмейді. Скрининг кезінде пайдаланатын әдіс- тәсілдер жинағы көбінесе скринингтік тексеріс таспырмаларына жауап бермейді, психолог- педагогтардың кәсіби дайындығы дамудың ауытқушылығын бағалауда жеткіліксіз. Бүгінгі таңда «өтініш бойынша» скрининг жасау алдыңғы қатарда, бірақ ол әрбір баланың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге және психология- педагогикалық көмекке мұқтаж балаларға көмектесу мүмкіндігін жоққа шығарады. Осылайша, заманауи скрининг- диагностиканың қазіргі қалпын сипаттайтын бірқатар мәселелер бар:

· Балаларды зерттеуге қолданатын, әртүрлі методикаларның көптігіне қарамастан, скрининг- тексерудің ғылыми негізделген және қолдануға арналған мақұлданған аспаптардың жетіспеушілігі анық белгілі(әсіресе скрининг-тексерудің баланың алғашқы үш жылына қатысты);

· Скрининг-диагностиканың методикасын өңдеудегі ең қиыны психикалық дамуы қалыпты бала мен психо-педагогикалық және медико-әлеуметтік көмекті қажет ететін балаға арналған жүйенің критерийлерін шығару(осы жағдайда мектепке дейінгі балалар айтылады);

· Скрининг- тексеруді өткізу барысында сыналушының эмоционалдық күйі мен дара ерекшеліктері қазіргі таңдағы мәселе болып табылады. Жетістікке және жеңіліске реакциясы, серіктестікке уәждеме,көңіл-күйі, өткен негативті тәжірибе және т.б. тапсырма орындаудың сапасына әсер етеді. Осы жағдай айтарлықтай қиынқық туғызады, өйткені скрининг- тексеру уақыты шектеулі болғандықтан керек ақпаратты толық бермеуі мүмкін.

Екінші кезең – ақыл-ойы кем балалардың дифференциалды диагностикасы. Осы кезеңнің мақсаты- даму бұзылысының типін анықтау. Осы кезеңнің нәтижелеріне қарап, баланың қай бағытта оқитыны, оқу түрі, бағдарламасы, оқу мекемесі, яғни ең жақсы педагогикалық маршрут, баланың мумкіндігі мен жағдайына қарай анықталады. Дифференциалды диагностиканың басты мақсаты психо-медико-педагогикалық кеңес болып табылады(ПМПК).

Дифференциалды диагностиканың есебіне мыналар кіреді:

· Баланың ақыл-ойының, сөйлеу тілінің, эмоционалды бұзылыстарының сипаты мен деңгейін айыру;

· Біріншілік және екіншілік бұзылыстарды анықтау, яғни бұзылыс құрылымының жүйелік талдауы;

· Көру, есту қабілетінің жетіспеушілігі, қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылуы кезінде психикалық дамудың ерекшеліктеріне баға беру;

· Педагогикалық болжамды анықтау және түсіндіру.

Осы есепке сай оқу мекемесі, оқу бағдарламасы, коррекциялық-педагогикалық процестің ұйымы анықталады. ПМПК-ның мамандар тобы диагностикаға сәйкес баланың дамуындағы мәселені зерттеудегі арнайы комплексті зерттеуді іске асырады. Диагностика қорытындысына қарап алқалы болып шешім қабылдайды. Диагностикалық топтың жұмысы баланың жекелеген айрықшалықтарын есепке алып, белгілі жүйе арқылы құрылады.

Қазіргі таңда ақыл-ойы бұзылысының дифференциалды диагностикасына байланысты көптеген мәселелер бар.

Осыған ұқсас психологиялық айрықшалық әртүрлі түрге (категорияға) жататын дамуында бұзылысы бар балада бақыланатыны белгілі. Мысалы, сөйлеу тілінің бұзылуы немесе төмен деңгейде оқыту, дамуы тежелген барлық баланы сипаттайды. Даму бұзылысының әр түрін анықтайтын, дифференциалды диагностиканын белгілеріне қызмет етуге спецификалық ерекшеліктер өте аз екені белгілі. (В.И.Лубовский). Бұл жағдай даму бұзылысы заңдылықтармен және арнайы психологияда салыстырмалы түрде ғылыми зерттеулердің қазіргі таңда жетіспеушілігіне байланысты.

Осындай ғылыми өңдеулерді іске асыру дифференциалды диагностиканың мүмкіншіліктерін елеулі түрде кеңейтуге ерік берер еді.

Үшінші кезең– феноменологиялық. Оның мақсаты – баланың жекелеген ерекшеліктерін анықтау, яғни тек сол балаға тән танымдық әрекетіне мінездеме, эмоциялық-ерік сферасы, жұмысқа икемділігі, жеке тұлғалық және жеке коррекциялық-дамыту жұмысы есепке алыну керек. Осы кезең барысында диагностика негізі баламен жеке коррекциялық-дамытушылық жұмыстың бағдарламасы құралады. Кезеңдегі басты рөлді психо-педико-педагогикалық консилиум (ПМПк) оқу орындары сомдайды.

Даму бұзылысының психо-педагогикалық терең зерттеуі өз алдына диагностиканың нәтижесіне сүйеніп коррекциялық бағдарламаларды өңдеуді мақсат етіп отыр. Бұндай зерттеу уақытты талап етеді және көбіне оқу мекемелерінде, кейде консультациялық мекемелерде жүзеге асады. Зерттеудің нақты есебі, ережеге сай әртүрлі жас кезеңдеріне көпқұрамды әрі спецификалық болып келеді. Арасынан келесілерді бөліп көрсетуге болады:

· Баланың жеке психо-педагогикалық қасиеттерін анықтау;

· Оқыту мен дамытудың жеке коррекциялық бағдарламаларды дайындау;

· Динамикалық дамуға және коррекциялық жұмыстың нәтижелілігіне баға беру;

· Баланы тәрбиелеу жағдайын анықтау, отбасылық қарым-қатынас спецификасы;

· Оқудағы қиындық туған жағдайда көмек көрсету;

· Кәсіби кеңес беру және бойжеткендерді кәсіби түрде анықтау;

· Әлеуметтік-эмоционалдық жоспардағы қиыншылықтарды шешу.

Осы мәселелерді шешу жолында елеулі рөлді психологиялық диагностиканың әдісі (эксперимент, тесттер,жобалау әдістері) мен арнайы ұйымдасқан бақылау және балалар мен жасөспірімдердің әрекетін, шығармашылығын саралау атқарады.

Айта кететін жайт, осы уақытқа дейін психодиагностика саласындағы көптеген мамандар баланың сөйлеу тілі дамуының және интеллектуалды дамуының деңгейінің бағасына, дифференциалды бұзылыстарға бағыт көрсетті. Мамандар бұзылыстарды немесе басқа да функцияның жетіспеушілігін өте жақсы анықтайды, бірақ ақиқатқа негізделген шамаға толық бағыт бере алмайды, әсіресе баланың танымдық, сөйлеу қабілетін, әлеуметтік-жекелеген міселелердің шешімі негізделген позитивті жеке ерекшеліктерге жол сілтеу толыққанды емес. Бірақ коррекциялық-педагогикалық процестің өнімділігі тек негативті факторларды анықтау ғана емес, сонымен қатар бірінші кезекте – жеке психологиялық-педагогикалық жүйені алып жүру негізінде, интеллектуалды және дара потенциалды анықтау болып табылады. Сондай-ақ, осы қойылған кейбір мәселелерді шешу енді ғана зерттеле бастады, мысалы, кәсіби диагностиканың сұрақтары және ақыл-ойы бұзылған жеткеншектеге кәсіби констультациялау.

Психикалық-педагогикалық диагностиканың мәселелері

Сонымен, даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық мәселелердің маңыздылары мыналар:

 

 

Баланың дамуындағы бұзылыстардың ерте анықтаулуы Бұзылыстың себебі мен сипаттамасын анықтау Баланы оқыту маршрутының ең тиімдісін анықтау Индивидуалды психологиялық ерекшеліктерді анықтау Индивидуалды оқыту мен дамыту бағдарламаларын дайындау

 

 

Осы күнге дейін болған әдістемелрдің ішінен ең тиімдісі тестілеу болып табылады.

Диагностикалық тестілеудің қолдануы шет елдерде ерте заманнан қолданылады. Педагогикалық тестілеу аумағында танылған беделді Э.Торндайк(1874-1949) америкалық мектепке тестілеуді ендірудің үш кезеңін белгілейді:

Іздеу кезеңі(1900-1915). Осы кезеңде француз психологы А.Бинэ ұсынған тестілеудің жадқа, назарға, қабылдауға қатысты алғашқы енгізулер мен түсіну болды. Ақыл-ой дамуының коэффицентін анықтайтын интеллект тестілер әзірленіп тексеріледі.

Кейінгі он бес жыл – «шу» жылы (1915-1930). Мектеп кезіндегі тестілеудің дамуында оның түпкілікті рөлін, орнын, мүмкіншіліктері мен шектеулерін түсінуге келтірді.

T.Келли (алгебраны меңгеру бойынша) студенттердің мүдделері мен көзқарасын өлшеу әдісін әзірледі, және Ч.Спирмен сынақтарды стандарттауға корреляциялық талдаудың, пайдаланудың жалпы принциптерін ұсынды.

1931 жылдан бастап сынақтар объективтілігін арттыруға бағытталған мектеп тестілеуі дами бастады. Мамандардың ізденістірілуі тест мазмұнын дамытуға бағытталған, мектеп ішілік тесттік диагностикалардың үздіксіз құрылуына және де белгілі бір бірлікке, қағидаға бағынған бірыңғай тесттер, жаңа тесттердің құрылуы, диагностикалық ақпаратттардың мол жиналуына септігін тигізеді.

Мектепт обьектісін және тестті негізгі ала отырып, Россияда осы ғасырдың басында топырақтану дами бастады.

1936 жылы КПСС Орталық Комитетінің «Халық комиссиаратының жүйесіндегі топырақ бұрмалаушылықтар туралы» шешімі қабылданғанннан кейін тек қана интеллектуальдық тесттер қана жойылып қоймай, зиянсыз жетістік тесттер де жойыла бастады. 70- жылдардағы оларды жандандыру әркеттері ешқандай қорғау бола алмады. Бұл салада біздің ғылым мен практика Шетелден қарағанда артта қалған.

Дамыған елдердің мектептерінде сынақтарды енгізу және жетілдіру жылдам алға басты. Мектеп үлгерімдік диагностикалық тесттерді, дұрыс баламалы жауаптарды, өте қысқа жазбаша түрінде және формула бөліктерін, санды, әріптерді толықтыру негізінде кеңінен пайдаланып орындады.

Осы күрделірек тапсырмаларды пайдалану арқылы маңызды статистикалық мәліметтер қорын толықтырып, оны математикалық жағынан зерделеп, тесттің қорытындысына сай сол тапсырмалар бойынша обьективті қорытынды шығару көп мөлшерде табылады. Сол тесттер жинақ түрінде шығарылып, кітаптарға да ұсынылып, компьютер дискаларына да таратылады.

 








Date: 2016-05-24; view: 525; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.014 sec.) - Пожаловаться на публикацию