Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Педагогикалық диагностика





Педагогикалық диагностиканық дамуы жалпы педагогикалық қызметпен іргелес келеді. Кімде кім жоспарлы оқыған болса, сол өзінің оқу нәтижелерін анықтауға тырысты. Ол педагогикалық қызметтің дамуы барысында бірнеше мыңжылдықтар бойы біздің қазіргі тұжырымымыз бойынша ғылымға дейінгі деп есептелетін әдістер арқылы жүргізіліп келген. Тек соңғы екі жүзжылдықта ғылыми бақыланатын тәсілдер қолданысқа енгізілді.

«Педагогикалық диагностика» ұғымын 1968 жылы бір ғылыми проект аясында медициналық және психологиялық диагностикамен ұқсата отырып К.Ингенкамп ұсынды. Өзінің тапсырмалары, мақсаттары мен қолдану орталарына қарай педагогикалық диагностика өз алдына бір бөлек. Ол өзінің әдістерін және ойлау амалдарын психологиялық диагносткадан алды десе де болады.

Педагогикалық диагностика әлі күнге дейін нақты ғылыми пәннен гөрі белсенді таластырылатын және айқын емес бағдарлама болып табылады. Сондықтан педагогикалық диагностиканың әртүрлі анықтаулары бар екендігі де таңғалдырмайды. Жаттыққандық диагностикасы, яғни салдар мен қол жеткен нәтижелер мен жалпы жаттығуды айыра білу керек.

Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті тексеруге қарағанда, диагностикаға кең әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда болғанын түсіндірмейді. Диагностикалау қорытындының қай жолмен, қандай нұсқалармен байланысты екенін қарап, оқыту құрылымының серпімділігін, үрдістердің басын ашады. Диагностикалаудың ішіне бақылау, тексеріс, бағалау, статистикалық мағлұматтардың жиынтығы, оның анализі, үрдісі, серпімділігі, жағдайдың әрі қарай дамуын болжау кіреді. Осылай, педагогикалық диагностиканың үндеуі біріншіден, жеке оқыту процесін оңтайландыру, екіншіден, қоғам мүдделерін сақтай отыра оқытудың нәтижелерін дұрыс анықтау, үшіншіден, осы критерийлерді қолдана отырып, оқытылушыларды басқа оқыту группаларына жібергенде, оларды әртүрлі курстарға жібергенде, тәлім- тәрбиенің арнайыландыруында минимум қателік жіберу. Оқыту процесінің жақсаруына қызмет ететін диагностика келесі мақсаттарға бағдарлану керек:

1. Оқыту нәтижесі қате бағаланған жағдайда, ішкі және сыртқы коррекция;

2. Оқытудағы олқылықтарды анықтау;

3. Оқыту нәтижелерінің жетістігін растау;

4. Оқыту процесінің келесі сатыларын жоспарлау;

5. Оқудағы жетістіктері үшін көтермелеу, қолдау және келесі қадамдардың күрделілігін реттеу;

6. Оқу жағдайын жақсарту;

 

Date: 2016-05-24; view: 5950; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию