Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психиатриялық тексеруден өткізу





Психиатриялық тексеруден өткізудің мақсаты – даму барысындағы қандай да бір психикалық ауытқушылықтарды анықтап, болдырмау болып табылады. Зерттеу жұмысының жетекші әдіс-тәсілі клиникалық-психопатологиялық болып табылады. Ол объективті және субъективті анамнезді және психикалық деңгейіне баға беруді анықтауға негізделеді. Ол тәжірибеде зерттелушінің іс-әрекет өнімін зерттеу және бақылау, сұрастыру барысында іске асады. Психикалық тексеруден өткізудің қорытындысы клиникалық диагноз қою болып табылады.

Объективті анамнез

Объективті анамнезді анықтау – бала көтеру, туу, өсіру, тәрбиелеудің толық бейнесін құру болып табылады. Соған байланысты объективті анамнез бала тәрбиесіне тікелей қатысты адамдардан жиналады. Әдетте мұндай тұлға - анасы болады. Объективті анамнезді жинақтауда емдеу мекемелерінен алынған барлық құжаттар (анықтама, ауру тарихнамасының көшірмесі, бұрын клиникалық және параклиникалық зерттеу жұмыстарында маңызы болған мәліметтер және т.б.), мектеп мұғалімінің мінездемесі пайдаланылады.

Объективті анамнезді жинақтауда баланың қатысуы туралы сұрақ әрбір жағдайда жеке шешіледі.

Объективті анамнезді анықтау құрсақ көру және бала туу жағдайларын анықтаудан басталады. Сонымен қатар психиатр педиатрия саласында қабылданған белгілі бір факторлардың патогендігіне баға беру белгісін басшылыққа алады. Олардың ішінен психикалық ауытқушылыққа және дамуындағы кемшіліктердің қалыптасуында маңызды орын алатындарына баса назар аударады. Тұқымқуалаушылық белгісіне мұқият тексереді, қажет болған жағдайда МГК (медициналық-генетикалық кеңес беру) белгілейді. Сөйлеу қабілеті дамығанға дейін және дамығаннан кейінгі ерекшеліктеріне баға беруде анамнез логопедпен бірге жинақталады, баланың өткен психикалық дамуына баға беруде мұғаліммен және психологпен бірге жиналады.

 

Сұрастыру.

Сұрастырудың мақсаты субъективті анамнезді анықтау және зерттелушінің психикалық жағдайының көптеген өлшемдеріне баға беру. Бала психиатриясында сұрастыру өзіндік ерекшелікке ие.

Мектеп жасына дейінгі балалармен әңгімелесу әдетте олардың ата-анасының немесе асырап алушыларының қатысуымен жүргізіледі. Бұл жағдайды сонымен қатар интелектуалдық ақау айқын байқалған балалармен немесе жасөспірімдермен әңгімелесуде сақтаған жөн. Интелектуалдық ауытқушылық байқалмайтын мектеп жасындағы балалармен және жасөспірімдермен әңгімелесуде ата-анасының немес басқа да адамдардың болуы қажет емес. Жалпы, үлкен адамдардың сұрастыру кезінде болуы туралы мәселе әр жағдайда жеке-жеке шешіледі.

Балалар мен жасөсіпірімдер өзінің жағдайы, көңіл-күйі, мұңы туралы әңгімені сирек жағдайда еркін бастайды, сондықтан да көп жағдайда әңгіме сұрақ-жауап формасында жүргізіледі. Соған қарамастан, оның белсенділігін тілектес қарым-қатынаспен және бейтарап түсініктемемен ынталандырып, зерттелушінің еркін әңгімелесуіне итермелеу керек. Әңгіме тақырыптары зерттелушінің психикалық қарқынына сәйкес келуі керек. Жағымсыз баға беретін пікірлерге жол берілмеуі керек, талап ету екпінмен, дауыс көтеруден аулақ болу керек. Әңгімелесу кезінде оны таспаға жазып отырған жөнсіз болады.

Әңгімені тақырыптық құрылымдау біршама маңызды болып келеді. Оны жайдан күрделіге, жағымдыдан жағымсызға, бейтараптан жағымсыз баға беруге қарай дамытқан жөн. Зерттелушіге түсініксіз болатын сөздер мен ұғымдарды айтпау қажет. Сұрақтар қарапайым және түсінікті болуы керек. Субъективті сұрақтардан аулақ болған жөн, олар иландыру ықпалынан еркін немесе альтернативтік сипатта болуы керек. Әңгіме мазмұны әр жағдайда шағымдар сипатымен анықталады.

Бақылау

Бақылау барысында зерттелушінің сыртқы келбетіне, эмоциональды әсерлер сипатына, зерттеу жұмыстарына деген қарым-қатынасына және басқа да ерекшеліктеріне баға беріледі. Зерттелушінің қылықтарына, ым-ишарасына, дене бітіміне, жүрісіне, қоршаған ортаға қызығушылығына, эмоциалық әсерлерінің бірқалыптылығына назар аударып, сол эмоциалық жағдайы белгілерін ерекше атап өту қажет. Зерттелушінің өзінің қасында жүрген адамдармен және де басқа адамдармен қалай сөйлесетіндігі маңызды болады. Ұсақ-түйектеріне мән беру керек. Бақылау диагностикалық құнды ақпарат алудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.

 

Date: 2016-05-24; view: 1721; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию