Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды зерттеу





Психологиялық диагностика дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеу кешенді клиникалық және психологиялық педагогикалық және әлеуметтік зерттеулердің ажырамас бөлігі болып табылады.

Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды психодиагностикалық зерттеу кешенді болуы тиіс, яғни бұған психтканың барлық аспектілері жатады ( танымдық қызмет, сөйлеу, эмоционалдық ерік, өзіндік даму). Психодиагностикалық тексеру бала жасын және психологиялық даму денгейі ескере отырып жүргізіледі.

Диагностикалық тексерістер балаға қол жетімді болуы тиіс.

Баланы психологиялық тұрғыда зертеудің шынайы әрі толық нәтижелерін алу үшін арнайы талаптарды сақтау керек:

· Методикалық аппараттың зерттеу мақсаттары мен гипотезасына сай шынайы нақты болуы қажет: мысалы, скринингтік бақылау кезінде диагностикалық аспаптар тәжірибе жүргізушіге біржолғы талдау барысында баланың психикалық дамуы жас нормасына сәйкес немесе оған жетіспеушілігін анықтауына мүмкіндік беруі керек;

· Зерттеу барысында қандай психикалық функцияларды талдау керек екенін анықтау маңызды, соның арқасында қолданылатын әдістер мен нәтижелерді түсіндіру жолы таңдалады;

· Тәжірибелік тапсырмаларды таңдау тұтастық принципіне негізделуі керек, себебі баланың толық психологиялық мінездемесін, соның ішінде жеке дамуы мен танымдық дамуының ерекшеліктерін бір-бірін толықтыратын бірнеше әдістерін қолдану нәтижесінде алуға болады;

· Тапсырмаларды таңдау кезінде оларды орындаудың қиындығына да мән берген жөн: ол тәжірибе өткізіліп отырған баланың ең жоғарғы мүмкіндік дәрежесін анықтауға және даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік тудырады.

· Тапсырмалар баланың жас дәрежесіне сай таңдалуы тиіс, оларды шешу бала үшін әрі қызықты, әрі қолжетімді болуы керек.

· Тапсырмалар балаға теріс негативті әсер етпеуі керек, керісінше, оларды орындай отырып баламен байланыс орнатуға, оны толықтай зерттеп, нақты шынайы ақпарат алуға жағдай жасау керек.

· Тапсырмаларды таңдау барысында баланың әрекет нәтижесіне деген оның қызбалық ортасын да ескере отырып, нәтижелерді түсіндірудің әділсіздігіне жол бермеу керек.

· Тапсырмаларды таңдау барынша аз мөлшерде интуициялық- эмпирикалық мінезге ие болғаны жөн, әдіс- тәсілдердің тек ғылыми таңдауы алынған нәтижелердің сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

· Диагностикалық аспаптарды әзірлеу кезінде интуицияның маңызын ескере отырып, диагностикалық тапсырмалардың жүйесін міндетті түрде теориялық тұрғыдан дәлелдеуін ұмытпау керек.

· Әдіс- тәсіл көлемі баланың психологиялық әлсіреуіне жол бермейтіндей болуы керек, балаға оның жеке индивидуалдық мүмкіндіктеріне сай жүктеме мөлшері қатаң сақталуы керек.

Зерттеу процедурасын дайындау кезінде келесі талаптарға мән беру керек:

· Зерттеу процедурасы баланың жас деңгейінің ерекшеліктеріне сәйкес тағайындалуы керек; баланың психикалық даму дәрежесін бағалау үшін оның жас деңгейіне сай белсенді әрекетін бақылау керек; мектепке дейінгі бала жасына ойын негізгі белсенді әрекет болса, мектеп жасындағы балаға оқу болып табылады;

· Баланы зерттеу әдіс-тәсілдері қолданыста ыңғайлы болуы тиіс, мағлұматтарды математикалық талдауға келетін және стандарттауға болатындай, сондай- ақ олар тек қана сандық нәтиже емес, сонымен қатар тапсырмаларды орындау ерекшеліктерін де қамту керек (В.И.Лубовский);

· Алынған нәтижелердің талдауы, сандық- сапалық болуы тиіс; отандық алдыңғы қатарлы психологтардың еңбектерінде көрсетілгендей, талдаудың сапа көрсеткіштер жүйесінен өткізіліп сапалы болуы баланың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері мен оның потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі, ал сандық бағалау сапалық көрсеткіш түрлерінің анықтылық дәрежесін анықтауға көмектеседі, ол патологияның нормаларын айыруда айтарлықтай жеңілдік бере отырып, дамуы нашар әр түрлі балаларды зерттеуден алынған нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік туғызады;

· Көрсеткіштердің сапалы таңдауы кедейсоқ болмауы керек, ол дамуы нашар балалардың психикалық функцияларының ауытқуын көрсетуі керек;

· Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін психолог пен бала арасында өнімді байланыс және өзара қарым- қатынас орнату маңызды;

· Зерттеу процедурасын оңтайландыру үшін диагностикалық тарсырмаларды берудің кезегін алдын- ала ойластырған жөн; кейбір зерттеушілер (А. Анастази, В.М.Блейхер және т.б.) тапсырмаларды қиындату дәрежесіне қарай- оңайдан қиынға қарай, ал басқа авторлар (И.А Коробейников, Т.В.Розанова) оңай және қиын тапсырмаларды бірінен соң бірін кезекпен берген жөн деп ойлайды.








Date: 2016-05-24; view: 724; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию