Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






азақстанның табиғи ресурстарының қазіргі жағдайы және олардың қоры





Табиғи ресурстар - табиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелей шаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды.

Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық (жалпы мемлекеттік), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі. Қолданылуына байланысты ресурсты:

1. өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман);

2. дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.

Осы айырмашылықтар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдарын анықтайды. Таусылатын ресурстар (кейбіреуі болмаса) қайта қалпына келмейді. Оларды тиімді пайдалану дегеніміз:

1. барлық пайдалы компоненттерін алу;

2. шығынды азайту;

3. қалдықтарды сақтап, қайта өңдеу.

Таусылмайтын ресурстар қайта қалпына келеді. Оларды тиімді пайдаланудың бірқатар шаралары бар. Биологиялық және жер ресурстары үшін бұл - шаруашылық жұмыстарына шектеу қою. Содан соң - жасанды түрде қалпына келтіру (ағаш отырғызу, балық өсіру). Ауа мен су үшін қолданылатын шаралар - оларды ластанудан сақтау болып табылады.

Табиғи ресурстарға шаруашылық (экономикалық) баға беру:

1. ресурсқа деген қажеттілікті;

2. олардың географиялық орнын;

3. көлемі мен сапасын қарастырады.

Осыған байланысты игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық жылдамдығы есептеледі.

Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімінің (ТРАҮ) үлкен маңызы бар. Олар аумақтарды кешенді түрде игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы мырыш өндірісі полиметалл кендері мен су қуаты ресурстарының үйлесімділігі арқасында пайда болды.

Еліміздің ең басты байлығы - минералдық және жер ресурстары. Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындарды алады.

Қазақстан - барланған пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі 6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында. Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік ресурсының 1/4-і, хромның 1/7-і, қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Осы және басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойынша Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы мемлекеттер «ондығына» кіреді.

*Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – оның пайдалы қазбалары. Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент өндірілуде және пайдаланылуда: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан қазірдің өзінде вольфрамның әлемдегі ең ірі өндірушісі болып табылады, ал оның қоры бойынша дүние жүзі елдерінің арасында бірінші орында, хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша - екінші орында, қорғасын мен молибден - төртінші орында, Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы қорлары бойынша - сегізінші орында (16,6 миллиард тонна).

Қазақстан Республикасында мұнай мен газдың әзірге тек 160 кен орны барланған, ал өндірілетін мұнай қорлары 2,7 миллиард тоннаны құрайды.

Бүгінгі күнгі Қазақстанда алтынның шамамен 300 елеулі кен орындары болжамдалған, олардың ішінен 173- і егжей-тегжейлі барланған.

Қазақстанның аумағында 100-ден астам көмір кен орындары барланған, олардың ең ірісі –қоңыр көмір қыртыстарының үлкен қуаттылығымен ерекшеленетін Екібастұз кен орны, және 50 миллиард тоннадан астам кокстенген көмір қорлары бар Қарағанды көмір бассейні.

Қазақстанда калийдің және басқа тұздардың, борат, бром қоспаларының, сульфаттардың, фосфориттердің, лак және бояу өнеркәсібіне қажетті алуан түрлі шикізаттардың, күкірт қышқылы және басқа химиялық өнімдердің өндірісін ұйымдастыруға арналған полиметалл кендерінің құрамындағы күкірт колчеданның мол қорлары бар.

 

 

Date: 2016-06-09; view: 2757; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию