Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атмосфералық ауа және оны қорғау. Атмосфералық ауаның ластану себептері мен зардаптары





Газдар атмосфераға екі негізгі жолмен бөлінеді табиғи және антропогенді. Газдардың табиғи жолмен бөлінуі жердің пайда болу дәуірінен бастап үздіксіз жүріп отырды және бір жүйеде қалпына келіп тұрақталады.Табиғи жолмен пайда болатын газдар келесі негізгі үш түрге бөлінеді:

1) Биологиялық жолмен пайда болатын компоненттер

2) Геохимиялық жолмен пайда болатын компоненттер

3) Атмосферада түзілетін компоненттер

1) Биологиялық жолмен пайда болған аса маңызды заттар құрамында көміртегі, азот немесе күкірт болады.

2) Геохимиялық жолмен пайда болатын компоненттер. а) Орман өрттері, б) Жанартаулардан бөлінетін газдар, в) Тау жыныстардан бөлінетін газдар. г) Әлемдік мұхиттан газдардың бөлініп шығуы.

Атмосфералық ауаны қорғауУикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметМында өту: шарлау, іздеу Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық, ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

 

36 Қазба байлықтар. Минералды ресурстар және олардың қоры Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді: жанғыш — көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық — гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар.; химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.

Минералды шикізат ресурстары әлемiнің кӛптеген елдері үшін экономикалық ӛркендеу мен прогрестің қайнар кӛзі болды. Соңғы жылдары нақ осындай минералды шикізат ресурстарына арқа сүйеген және пайдалы қазбалардың ірі кен орындары ашылған елдер экономикалық дамуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Олардың қатарына Канада, Қытай, Австралия, Чили, Малайзия, Бразилия және басқалары жатады. Бұл, әсіресе, минералды шикізаттың мол қорына ие және пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қоры бойынша әлемнің жетекші елдерінің ондығына кіретін Қазақстанға тікелей қатысты.

Пайдалы қазбалар түрлерінің сан-алуандығы, сапалық және сандық кӛрсеткіштері бойынша Қазақстанның минералды шикізат базасы әлемдік рейтингте жетекші орынға ие. Біздің еліміз кӛмірсутегі шикізаты, қара металдар (хром, темір, марганец, титан), түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын, алюминий), асыл металдар (алтын, күміс), сирек металдар (молибден, фольфрам) және басқа пайдалы қазбалар (техникалық алмас, барит, фосфорит, бор, фтор, пьозокварц және басқалары) бойынша мол қорларға иелік етеді және әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Кӛптеген кен орындарында жаңа технологияларда кеңінен қолданылатын және құны кӛп ретте негізгі пайдалы қазбалардан жоғары болатын рудалардың серіктес элементтері: рений, осмий, индий, кадмий, селен және басқалары баршылық. Сонымен қатар Қазақстанда құрылыста пайдаланылатын рудалық емес шикізаттардың (мәрмәр, әк, ұлутас, құм, сазбалшық) үлкен қорлары бар.

Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай болуы күрделі ӛтпелі кезеңді еңсеруге мүмкіндік берумен қатар болашақта да табысты да серпінді дамуға жағдай туғызады. Ӛйткені, әлемдік экономика минералды ресурстар тұтынудың үздіксіз ӛсуімен және оларға деген бағаның артуымен сипатталады. Демек, минералды шикізат ресурстары біздің экономиканың басты тірегі болып келді және болып қала береді. Және бұл ресурстардың мәні ІЖӚ ӛндірісіндегі, инвестициялық үдерістегі, халықтың жұмыспен қамтылуындағы, ішкі және сыртқы сұраныстарды қанағаттандырудағы, елдің экономикалық және саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі олардың рӛлімен айқындалады.

Қазақстанның минералды шикізат кешені (МШК) индустриялық-инновациялық және экономикалық дамудың, сондай-ақ саяси тәуелсіздіктің аса маңызды бӛлігі болып табылады. Нақ осы МШК кәсіпорындарының негізінде ірі қалалар мен жұмысшы кенттері салынып, ӛркендеді, нақ осы сала халық шаруашылығының кӛптеген салаларын құруға серпін берді. Мәселен, МШК арқасында химия және мұнай-газ ӛнеркәсібі, тау-кен және түсті металлургия кәсіпорындары, сирек және асыл металдарды ӛндіру және байыту жӛніндегі кәсіпорындар дами түсті.

Республиканың минералды-шикізат кешенінде Қарағанды облысы маңызды орын алады және Қазақстанның темір-марганец, барит-полиметалл, мыс кені, сирек металдар және кӛмір қорыбай бірден-бір алқабы болып табылады.

 

Облыс аумағында республиканың марганец рудасының 100%, бариттің — 70%, вольфрамның—85%, молибденнің — 65%, қорғасынның — 54%, мырыштың — 38%, мыстың—36%, кӛмір қорының — 32%, оның ішінде барлық 100% кокстелетін кӛмір, волластониттың—78%, алтын қорының 9%-ға жуығы шоғырланған. Марганец қоры бойынша Қарағанды облысы әлемде 3-ші орынды, ал ТМД еддері бойынша 2-ші орынды алады (Украинадан кейін). Облыста марганец, темір-марганец және темір кенінің негізгі барлаушы және ӛңдеуші кәсіпорны «Жәйрем КБК» АК, «Казмарганец» РБ, «Казхром» АКТҮК, «Ӛркен» ЖШС, «Ӛркен-Атасу» ЖШС болып табылады. Қорғасын-мырыш кені бойынша ӛңдеуші және ӛндіруші кәсіпорыны — «NоvаЦинк» БК ЖШС болып табылады. Сонымен қатар қорғасын және мырышты «Қазақмыс қорпорациясы» ЖШС мыс кенінің кешенінен ӛндіреді. 2003 жылы «Қазақмыс корпорациясының» «Балқаштүстімет» ӚБ-де мырыш ӛндіру цехы салынды, ол 2004 жылдың сәуір айында тұңғыш ӛнімін берді. Мысты ӛңдеу бойынша негізгі тау-кен кәсіпорны «Қазақмыс корпорациясының» Жезқазған және Балқаш комбинаттары болып табылады.

 

 

37Экологиялық ахуалға байланысты Қазақстанның экологиялық аймақтары Экологиялық апат аймақтары

Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.

Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.

Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.

Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейін Халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.

Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар

Каспий теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутегі ресурстарын кеңінен игеруі теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне теріс әсер ауқымын ұлғайтады. Теңіз мәртебесінің айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулі мәнге ие болады.

Теңіздің қазақстандық секторында көмірсутегі шикізатын алдағы кезде баса игеру елдің экологиялық қауіпсіздігіне ықтимал қатер төндіреді.

Каспий теңізінің қоршаған теңіз ортасын қорғау жөніндегі үлгілік конвенциясы және басымдық іс-қимылдардың өңірлік стратегиясы Каспий теңізінің коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерінің Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі алдағы іс-шараларға қатысты өзара ортақ іс-қимылы бойынша негізгі бағыттарын айқындайды.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейін теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, ілеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.Зерттеулер нәтижесі Каспий қорық аймағын аймақтарға бөлуді қоса алғанда, теңіздегі экологиялық қауіпсіз шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін нақты нормативтік экологиялық талаптар әзірлеу болуы тиіс.

 

Date: 2016-06-09; view: 2233; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию