Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері





2015-2016 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша), (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.

Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, оларды оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ескеру қажет: материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, және инфраструктураның нашарлығы, параллель сыныптардың болмауы, оқушылар санының аздығы, біріктірілген сыныптарда оқытудың қиындығы, оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.

Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

– білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

– бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

– біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;

– даралап және саралап оқыту;

– оқу процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;

– білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

– тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

– оқушылардың оқу барысындағы бір–біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Типтік ережеге сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып кіші топтарға бөлінеді.

Сыныптарды басқа бір сынып-кешенге біріктіргенде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10-нан аспауы тиіс. ШЖМ-тегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі.

Мектептiң бастауыш білім беру деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: 2+3, 3+4; 2+4, 2+3+4.

1-сынып оқушылары жеке оқытылуы тиіс, себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейінің тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.

Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), әрбiр сыныппен сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.

Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:

- жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;

- математика сабағы бойынша: 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
20 минуттан аспауы тиiс.

Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.

Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде бір пәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады.

Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Сабақтас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқытуды: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика және т.б. ұсынылады.

Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:

- білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай игеру;

- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде кешенді игеруге бағыттау;

- ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

- жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.

9, 11-сыныптар мектепті бiтiрушiлер болғандығын ескере отырып, олардағы бала саны аз болған жағдайдың өзінде де өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.

Шағын жинақты мектептің қызметін ұйымдастырудың тиімді әдістерінің бірі - қолайлы педагогикалық орта қалыптастыру, оның негізінде оқушылардың өздігінше білім алу қабілетін дамыту және әртүрлі жастағы оқушылардың өзара тиімді қарым-қатынасын ұйымдастыру болып табылады.

Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылардың арасында олардың танымдық өзара қарым-қатынасын, бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында балалардың қарым-қатынасының тапшылығын азайтуға, монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдалану, қашықтан оқыту, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) сессияаралық кезеңде байланыс орната отырып, олардың білім қорларын пайдалану жүзеге асырылады.

Пән мазмұнын игеруге бағытталған өзара әректтесуде және нақты педагогикалық мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы бағдарламалық-техникалық құралдар енгізіледі.

Оқыту үдерісінде мұғалім сабақта жаңа тақырыптарды түсіндіргенде үлестірмелі материалдарды саралап дайындау арқылы электрондық және ақпараттық қорларды қолдануына болады. Визуалдық (көзбен шолу), аудио-ақпараттық қорларды мұғалім сабақты түсіндіргенде және оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда пайдаланады. Компьютерлік тесттер мен тест тапсырмаларын әртүрлі бақылау және білімін бағалауды жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен қатар, мұғалім авторлық элективтік курстардың оқу-әдістемелік кешендерін жобалауда әртүрлі электрондық және ақпараттық қорларды пайдалануына болады.

Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеуде дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады.

Оқу үдерісінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:

- МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, оқушылардың білім сапасын арттыру;

- белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне оқушылардың қабілеттерін дамыту;

- оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;

- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;

- белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;

- оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;

- қашықтықтан оқыту.

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқа да ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын анықтау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.

Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 120 ресурстық орталық құрылған, оған 450 ШЖМ бекітілген. Тірек мектептері (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.

Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу үдерісіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады.

Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектеп оқушылары оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтар аймағын жоюға жеке нұсқаулар беріледі. Шағын жинақты мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, түзету жұмыстары жүргізіледі.

Тірек мектебі (ресурстық орталықтың) қызметіннің қаржыландыру Типтік ережеге сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады:

– тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) педагогтеріне еңбекақы төлеу аптасына 18 сағат есебінен белгіленеді, оның ішінде 6 сағат ғылыми-әдістемелік және эксперименттік жұмыстарға бөлінеді;

– тірек мектебі (ресурстық орталық) директорының, оның орынбасары-ның, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушының лауазымдық жалақысы жалпы білім беретін мектептегідей білім алушылардың ең көп толықтығымен белгіленеді.

 


Date: 2015-12-13; view: 2227; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию