Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дүниежүзі тарихы. «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы





«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.

Қазіргі білім үдерісінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.

Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады. Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.

жаратылыстану -математикалық бағыт:

10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

 

Адам. Қоғам. Құқық

Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері, базалық мазмұны және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сынып үшін «Оқу пәнінің базалық мазмұны» бөліміне жан жақты ашуды қажет ететін келесі ұғымдар енгізілді:

- кәсіби этика және жемқорлықты қабылдамау;

- жемқорлыққа қарсы заңнамаларды іске асыру механизмі және негізгі ұғымдар, жемқорлық көріністері барысында қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндігін қорғау, жемқорлыққа қарсы тұру саласында негізгі халықаралық-құқықтық актілер және шетелдік тәжірибе.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сынып үшін «Оқу пәнінің базалық мазмұны» бөліміне жан жақты ашуды қажет ететін келесі ұғымдар енгізілді:

- жемқорлық әлеуметтік шиеленіс ретінде;

- жемқорлық кәсіпкерлік үшін кедергілердің бірі ретінде;

- мемлекеттік қызмет ұстанымдары және жемқорлыққа қарсы әрекеттері;

- жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Өзгертулер енгізілгеніне байланысты оқушылар оқуды аяқтағанда білуі және меңгеруі тиіс:

- мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының негіздерін;

- кәсіби этика және жемқорлықты қабылдамау нормаларын;

- құқықтық және жемқорлыққа қарсы нормаларды;

- этикалық және жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау ұстанымдарын.

Осыған орай, пәнді оқыту барысында тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, қарым-қатынас жасау мен IT-технологияларды қолдану дағдылары дамитын болады. Мәтін мазмұны коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алып, топта диалог жүргізуге бағытталу керек.

Оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

Date: 2015-12-13; view: 857; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию