Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері





 

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша Байқоңыр қаласының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақстандық азаматтарды оқыту мәселесі бойынша 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарын беру туралы келісімге» сәйкес Байқоңыр қаласындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер (6 мектеп) білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы» ҚР Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын басшылыққа алады.

Байқоңыр қаласындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептердегі (6 мектеп) білім беру үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС 1.4.002-2012), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылатын болады.

2015-2016 оқу жылында 1, 10, 11-сыныптарда жалпы білім беретін пәндерді оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру және өткізу кезінде осы әдістемелік нұсқау хаттың кіріспесінде жазылған негізгі ережелерді, «Бастауыш білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері»
бөлімін, «Жалпы орта білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері»
бөлімін және «Орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарының тізбесі» деп аталатын 3-қосымшаны басшылыққа алу ұсынылады.

2-4, 5-9 сыныптарда жалпы білім беретін пәндерді оқыту ҚР МЖМС 1.4.002-2012 сәйкес және әрбір сынып бойынша пәндерді оқытудың базалық мазмұнына жасалған салыстырмалы талдаудың негізінде әзірленген бастауыш, негізгі орта білім деңгейлері үшін өтпелі оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Дегенмен, аталған сыныптарда оқыту үдерісін ұйымдастыру және жүргізу барысында пәндер бойынша төмендегідей оқытудың ерекшеліктеріне назар аудару керек:

«Қазақ тілі» (2-4-сыныптар), «Әдебиеттік оқу» (2-4- сыныптар), «Орыс тілі» (3-4-сыныптар), «Жаратылыстану» (5-сынып), «Дене тәрбиесі» (2-9-сыныптар), «Өзін-өзі тану» (2-9-сыныптар), «Адам. Қоғам. Құқық» (9-сынып), «Сызу» (9-сынып) пәндері бойынша оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, аталған пәндерді оқыту кезінде осы әдістемелік нұсқау хаттың «Бастауыш білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері» бөлімін, «Негізгі орта білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері» бөлімін басшылыққа алу ұсынылады.

«Шет тілі» (2-9-сыныптар), «Математика» (2-6-сыныптар), «Дүниетану» (2-4-сыныптар), «Музыка» (2-6-сыныптар), «Бейнелеу өнері» (2-6-сыныптар), «Еңбекке баулу» (2-4-сыныптар), «Қазақ тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ әдебиеті» (5-9сыныптар), «Орыс тілі» (5-9-сыныптар), «Орыс әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Қазақстан тарихы» (5-9-сыныптар), «Дүниежүзі тарихы» (6-9-сыныптар), «Алгебра» (7-9-сыныптар), «Геометрия» (7-9-сыныптар), «Информатика» (5-9-сыныптар), «География» (6-9-сыныптар), «Биология» (6-9-сыныптар), «Физика» (7-9-сыныптар), «Химия» (8-9-сыныптар), «Технология» (5-9-сыныптар) пәндерін оқыту ҚР МЖББС 1.4.002-2012 сәйкес және әрбір сынып бойынша пәндерді оқытудың базалық мазмұнына жасалған салыстырмалы талдаулар негізінде әзірленген жекелеген өтпелі оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Пән бойынша өтпелі оқу бағдарламасы сәйкесінше оқыту курсының бағдарламалық оқу материалымен алдыңғы сыныптардың оқу материалдарынан тұратын кіріктірілген білім мазмұнын қамтиды және 2015-2016 оқу жылына ғана арналған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес 2015-2016 оқу жылында «Шет тілі» пәні бастауыш мектепте 1-3-сыныптарда оқытылады.

Өтпелі оқу бағдарламасы бойынша «Шетел тілі» пәнін оқыту үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен 2-сыныпқа қосымша
0,5 сағат, 3 сыныпқа – 1 сағат және «Информатика» пәнін оқыту үшін 7-сыныпқа – 0,5 сағат, 8-сыныпқа – 1 сағат, 9-сыныпқа – 1 сағат бөлінеді, себебі оқушылар алдынғы өткен сыныптар бойынша оқу материалдарын (кіріктірілген курс) меңгеру тиіс.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды Академия сайтына орналастырылған (www.nao.kz) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары және өтпелі оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
10 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен, ал 1, 7 және 8 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығымен анықталған.

Қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес 2013 жылы 2-сынып пен 9-сыныптар үшін және 5-сынып үшін «Информатика», 1-сынып үшін «Ағылшын тілі» оқулықтары, 2014 жылы 3-сынып пен 10-сынып үшін және 2-сынып үшін «Ағылшын тілі», 6-сынып үшін «Информатика» оқулықтары, биылғы жылы 4-6-сыныптар мен 11-сыныптар және 3-сынып үшін «Ағылшын тілі», 7-сынып үшін «Информатика» оқулықтары қайтадан баспадан шықты.

Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.

 

 


Date: 2015-12-13; view: 1197; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию