Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері





 

Дарынды балалардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдары білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары», сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген «Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алынады.

Үлгілік қағидаларға сәйкес жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады; мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды; білім алушылардың сұрауларына және кадрлық әлеуеттің мүмкіндіктеріне сәйкес ішкі бейінді пәндер, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтердің білім салаларын айқындайды. Оқытудың формалары мен әдістері білім беру нәтижелеріне қол жеткізудің сәттілігін, алынған білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлауды қалыптастыруға бағытталуы керек.

Гимназия, лицей және бейіндік мектептердің жеке оқу жоспарларын білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді және өңірлік білім басқармаларымен (бөлімімен) келісіледі.

Вариативті оқу бағдарламалары және гимназияның кәсіптік бағытталған арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

Гимназиялық және лицей компоненті:

1) әрбір гимназияның және лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;

2) гимназияның және лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.

Гимназияда, лицейде, бейіндік мектепте білім деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкiн.

Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитариялық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.

Гимназия мен лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы қажет. Сыныптар мемлекеттік, орыс және шет тілдерін, информатика және есептеу техникасы, ырғақ, дене шынықтыру, еңбекке баулу пәндерін оқығанда, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстар жүргiзгенде 2 топқа бөлiнедi.

Гимназиялардың, лицейлердің, бейіндік мектептердің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтерге және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, әр сыныпқа үйірмелер мен студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 ставкада, сонымен қатар шарт негізінде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстары мен дәрістеріне ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен қаражат бөлінеді.

Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі.

 

 

Date: 2015-12-13; view: 1482; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию