Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Тану басталды:13 сағат 30 минут





 

15 сәуір 20__ жыл Төратам кенті

Тану басталды: 13 сағат 30 минут.

Аяқталды: 15 сағат 00 минут.

 

Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ТБ аға тергеушісі полиция капитаны Н.Б. Белгібаев ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарының талаптарын сақтай отырып, барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеуді қолданып, № 320 қызметтік бөлмеде Айнұр Жақсыбаевна Аманбаеваның қатысуымен, Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің криминалисті полицияаға лейтенанты С.У.Мақаповтың қатысуымен кілемді тану үшін көрсетті.

Жоғарыда аталған адамдарға алып қоюды жүргізген адамның барлық әрекеттері кезінде қатысу және жүргізілген әрекеттер бойынша ескертулер енгізуді талап ету құқыңы түсіндірілді.

Бұдан басқа, жәбірленуші А. Аманбаеваға ҚР ҚПК-нің 230-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420, 421-баптары бойынша айғақтар беруден бас тарту немесе жалтару және көрінеу жалған айғақтар беру үшін қылмыстық жуаптылық туралы ескертілді.

Бұдан басқа, өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiрілді.

 

______________ А.Аманбаева

 

Тануды бастаудың алдында танушы адам болмаған кезде танылуға жататын нәрселерді криминалист мынадай ретпен қойды:

1. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, оң жақ төменгі бұрышында көлемі 25х10 см. үтікпен жандырылған орны бар.

2. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, бұрыштары қырылған.

3. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, оң жақ төменгі бұрышында көлемі 1х1 см. жандырылған орны бар.

4. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 2х2 м., Түркияда шығарылған, бұрышында қара-жасыл оюлары бар.

Бұдан кейін жәбірленуші А. Аманбаева шақырылды, оған үйінен ұрланған кілемді тану ұсынылды. Бұдан кейін А. Аманбаева тануға көрсетілген кілемдерді қарап шығып, № 3 болып белгіленген кілемге көрсетіп, ұсынылған кілемдер ішінде № 3 кілемді танығанын, ол 15.04.20__ жылы оның үйінен ұрланғанын айтты. Бұл кілемді сыртқы түрі бойынша, атап айтқанда жасыл түсі, көлемі және оң жақтағы төменгі бұрышындағы жандырылған жері бойынша таныды.

Тану барысында «Sony» маркалы бейнекамерамен бейнежазба, сондай-ақ «Canon» маркалы цифрлық фотоаппаратпен фотосуретке түсіру жүргізілді.

 

Мәлімдемелер, ескертулер, өтініштер түскен жоқ. Хаттама дауыстап оқылды. Дұрыс жазылды.

Танушы адам ______________ А.Ж. Аманбаева

 

Криминалист: _______________ С.У. Мақапов

 

 

Байқоңыр қаласындағы

ҚР ІІМ өкілдігінің

ТБ аға тергеушісі

полиция капитаны (қолы) Н.Белгібаев

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға
жол берілмейтіндігі туралы ескерту

ҚОЛХАТЫ

 

5 қыркүйек 20__ жыл Қызылорда қаласы

 

 

Мен, Омаров Ақылбек Ыбырайұлы, Қызылорда қаласы, Қонаев көш., №45 үй мекенжайы бойынша тұрамын,Қызылорда қаласы прокурорының келісімінсіз сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 20__ жылы «03» қыркүйекте№44546 тіркелген іс жүргізу бойынша менің қатысуыммен жүргізілген тергеу әрекеттерін жүргізген кезде маған белгілі болған қылмыстық іс жүргізудегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы маған ескертілгені туралы осы қолхатты беремін.

ҚР ҚК-нің 423-бабы бойынша прокурордың келiсуiнсiз істегі мәліметтерді жария ету үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.

________________

 

 

Ескертілдім ________________ А. Омаров

Қызылорда қаласы

ІІБ ТБ аға тергеушісі

полиция капитаны (қолы) Н.Белгібаев

 

 

 

 

«С А Н К Ц И Я Б Е Р Е М І Н»

Ақтау қаласының прокуроры

аға әділет кеңесшісі

______________ А.Ибраев

«5» қаңтар 20__ж.

Тінту жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

5 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы

Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

 

02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті адам анықталды, ол:
Е.С. Таиров 06.05.1987 ж.т., Ақтау 27-25-12 мекенжайы бойынша тұрады, ондан жоғарыда аталған ұрланған «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон алынған.

Жазылғандардың негізінде, осы уақытта күдікті Е.С. Таировтың тұратын жерінде іс бойынша маңызы бар нәрселер мен құжаттар болуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті деректердің болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 198, 252, 254-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. 06.05.1987 ж.т. күдікті Ермек Сакенович ТайыровтаАқтау қаласы,
27-25-12 мекенжайы бойынша тінту жүргізілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 

 

Қаулы маған жарияланды «___»_______ 20__ ж.

 

Қаулының көшірмесін алдым

Күдікті ______________________

 

 


Тінту

Date: 2015-12-13; view: 1308; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию