Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Жауап алу басталды: 17 сағат 20 минут





 

22.05.20__ ж. Қорғалжын ауылы

 

Жауап алу басталды: 17 сағат 20 минут

Жауап алу аяқталды: 19 сағат 20 минут

 

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.Ахметов12.09.20__ жылғы шығ.№2-15-145-12569 сәйкес №1400116000001 қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 197, 199, 212-баптарының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚПК-нің 208, 209, 210, 212, 213, 214-баптарын басшылыққа алып, бейнебайланыс режимінде жауап алу үшін қажетті дайындық әрекеттер жасады.

ҚР ҚПК-нің 213-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс, осыған байланысты тергеуші
А.А. Ахметов қажетт техникалық параметрлерді тексеріп, тестілік режимде Көкшетау қаласындағы тергеуші Д.Ж. Исинге сыртқы микрофон арқылы жауап алынып отырған адамнан «Өзіңізді таныстырыңыз, жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіңіз» деп ұсынды. Осылай, Көкшетау қаласындағы тергеушіден дыбыс және бейнеберу сапасы туралы деректер алып, Қорғалжындағы тергеуші басқа желідегі тергеушіден қызметтік куәлігін көрсетуді сұрады. Тергеуші өзінің қызметтік куәлігін көрсеткеннен кейін Web-камераға ҚР азаматы Н.Н. Мауердің жеке куәлігін көрсетіп, техникалық құралдар – «_Windows__» стационарлық компьютерді, түгендеу нөмірі 00125, «Бейнеконференцбайланыс» компьютерлік бағдарламасын, Web-камера мен «__Сenon__» фирмасының сыртқы микрофонын пайдаланып, жеке бөлінген компьютерлік байланыс арнасы арқылы бейнебайланыс режимінде куә ретінде келесі адамнан жауап алды:

 

Тегі, аты әкесінің аты: Маурер Нина Николаевна,

Туған күні, айы және жылы: 10.12.1952 ж.т.,

Туған жері: Новоникольская ауылы Балқаш ауданы,

Ұлты: орыс,

Білімі: орта,

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматшасы,

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған,

Соттылығы: бұрын сотталмаған,

Тұратын жері: Қорғалжын ауылы, Ә.Молдағұлова көш., 38/6-үй,

Жұмыс (оқу) орны: зейнеткер,

 

Жауап алуды бастаудың алдында жауап алынатын Н.Н. Мауерге ҚР ҚПК-нің 78-бабымен көзделген куәнің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, атап айтқанда: куә қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге, өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқылы; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Бұдан басқа куә __________________айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін оған ҚР ҚПК-yің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екені түсіндірілді.

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Куә өзіне ҚР ҚПК-нің 78-бабымен берілген құқықтармен, оның ішінде: қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын), жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тарту; өзiнiң ана тiлiнде айғақтар беру және қауіпсіздік шараларын қолдану құқықтарын пайдаланғысы келе ме деген сұраққа, былай мәлімдеді:

«______________________________________________________________».

 

Жәбірленуші _____________ Мауер Н.Н.

 

Бір мезгілде маған ҚР ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беру немесе айғақтар беруден бас тарту үшін қылмыстық жуаптылық туралы және айғақтар беруден жалтару немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша жәбірленуші Н.Н. Мауер келесіні көрсетті: Қазіргі уақытта мен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тұрып ж атырмын. Менің үйімнің ауласында борты жасыл түсті мотороллер кузовы тұрған, ол маған тиесілі. Бұл кузовта раманың өзі, рөл, барлық үш дөңгелегі, артында кішкентай борты болды. Бұл кузов маған осыдан екі жыл бұрын менің ұлым Вячеслав Мауерден қалған. Ол маған бұл кузовты көмек ретінде тегін қалдырып кеткен, оны менің иелігімге берген, керегіне жаратарсын, не сатарсын не бірденеге айырбастап аларсын деген. Менің ұлым Вячеслав Егіндікөл ауданында тұрады, сонда жұмыс істейді. Бұл мотороллер кузовына менің ешқандай құжаттарым жоқ, оны менің ұлым ешқандай құжаттарсыз сатып алған. Бұл мотороллер кузовы менің үйімнің ауласында шауп тасталған ағаштардың артында үнемі тұратын, ол кузов менікі. 16.07.2013 жылы таңертең шамамен 09.00 сағатта мен далаға шыққанымда, осы аталған мотороллер кузовының жоқ екенін байқадым, қоршаудың қақпасы жабық болды. Бұдан кейін мен үйімнің ауласын қарап шықтым, мотороллер ешқайда болмады. Осылай, мен белгісіз адамдардың менің үйімнің ауласынан менің мотороллерімді ұрлап кеткенін түсіндім. Бұл мотороллер кузовының құнын мен 10 000 теңгеге бағалаймын, сондықтан маған келтірілген зиян елеулі болып табылады деп есептеймін, өйткені мен бір зейнтақыма ғана өмір сүремін, оны мөлшері бір айда 39 600 теңгені құрайды. Осы оқиға бойынша мен полицияға жүгіндім, сол күні полиция қызметкерлері менен ұрланған мотороллер кузовын Николай Александрович Бутовтан тапты, ол оны менің үйімнің ауласынан ұрлап, өзінің үйінің жаңына қойған екен, сол күні мотороллер кузовы сақтау қолхат бергеннен кейін, маған қайтарылды. Николай Александрович Бутов – менің немерем, ол менің үйіме жиі келіп тұрады, менің үйімнің ауласына еркін кіруіне мүмкіндігі бар. Осыдан бір күн бұрын, яғни 15.07.2013 жылы мен бүкіл күні бойы өзімнің шаруаларыммен Қорғалжын ауылында жүріп, үйімде болмағам, үйдің есігі кілттелген болатын.

Жауап алу аяқталғаннан кейін, жауап алуды жүргізу бейнежазбасы түгендеу нөмірі 0215646 «__________» стационарлық компьютердің жүйелік блогынан «__________» маркалы CD-ROM-ға көшірілді, жәбірленуші
Н.Н. Мауерге көрсетілді. Қаралғаннан кейін бейнежазба конвертке салынып, мөрмен мөрленді және тергеуші _______________ қолтаңбасымен бекітіліп, куәдан жауап алу хаттамасына қосымша ретінде қоса тіркелді.

Хаттаманы мен оқыдым, менің сөзімнен дұрыс жазылды, ескертулер, өзгертілер мен толықтыруларым жоқ. Бейнежазба қаралды, ескертулерім жоқ.

 

Жәбірленуші _____________ Н.Н. Мауер

 

Жауап алған:

Тергеуші (қолы) Д.Ж. Исин

 

Жауапалу хаттамасы қосымшасымен бірге (бейнежазба) 20__ж.____ шығ. № ___________ ___________________ жіберілді.

 

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 

 

Беттестіру

Date: 2015-12-13; view: 981; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию