Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Айғақтарды сол жерде тексеру 10 сағ





 

«20» қыркүйек 20__ж. Павлодар қаласы

 

Айғақтарды сол жерде тексеру 10 сағ. 00 мин.басталды

Айғақтарды сол жерде тексеру 11 сағ. 55 мин.аяқталды

Павлодар қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны И.И. Иванов мынадай куәгерлердің қатысуымен: ____________________________________

(ғылыми-техникалық құралдар болмаған немесе ҚПК-нің 197-бабының 6-бөлігінде көзделген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оларды қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады)

1._________________________________________________________________

(куәгерлің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері)

__________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

(куәгерлің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері)

Павлодар қаласы ІІБ КБЖ маманы полиция капитаны Э.Э.Кимнің,Павлодароблыстық адвокаттар алқасының адвокаты В.В.Блюмнің, мемлекеттік нөмірі КР 555 14/кzВАЗ 2121 автомашинасының жүргізушісі полиция сержанты К.К. Кәрімовтың қатысуымен, ҚР ҚПК-нің 199, 257-баптарына сәйкес
№ 14550003100999 қылмыстық іс бойынша күдікті В.В. Колесовтің «Мерседес – Е220» автомашинасынан жәбірленуші К.К. Вахитовке тиесілі материалдық құндылықтары ұрлауды жасағаны туралы айғақтарын сол жерде тексеруді жүргізді.

Сол жерде тексеруді бастаудың алдында қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, сондай-ақ сол жерде айғақтарды тексеруді жүргізу тәртібі түсіндірілді.Оларға тергеу әрекетін жүргізу кезінде Павлодар қаласы ІІБ КБЖ маманы Э.Э. Кимнің техникалық құрал: «СVS -500»маркалыбейнекамераны қолданатыны туралы ескертілді.

(нақты қандай және нақты кім)

 

Тергеу әрекеті басталғанға дейін куәгерлерге ҚР ҚПК-нің 82-бабымен көзделген құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді:

1._______________________ 2.______________________

(куәгердің қолы) (куәгердің қолы)

 

Тергеу әрекеті басталғанға дейін маман Э.Э. Кимге ҚР ҚПК-нің 58 (57)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді:

 

______________________________

(қолы)

 

Тергеу әрекеті басталғанға дейін куәға (қорғануға құқығы бар куәға, жәбірленушіге) ҚР ҚПК-нің 78 (71)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Айғақтарды беруге келіскен кезде куәға (қорғануға құқығы бар куәға, жәбірленушіге) оның айғақтары қылмыстық іс бойынша дәледмелер ретінде, оның ішінде ол кейін өздерінің айғақтарынан бас тартқан кезде де пайдаланылуы мүмкін екені туралы ескертілді.

Бұдан басқа, кезде куәға (қорғануға құқығы бар куәға) өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндірілді: _________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________ ____________________

(қолы)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін куәға (қорғануға құқығы бар куәға, жәбірленушіге) _________________________________ ҚР ҚК-нің 420-бабына

(тегі, аты, әкесінің аты)

сәйкес көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді. ________________

(қолы)

 

Тергеу әрекеті басталғанға дейін күдікті ВикторВикторович Колесовке ҚР ҚПК-нің 64 (65)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, оның ішінде айғақтарды беруден бас тарту құқығы және оның айғақтары қылмыстық процесте дәледмелер ретінде, оның ішінде ол кейін өзінің айғақтарынан бас тартқан кезде де пайдаланылуы мүмкін екені туралы ескертілді.

______________________ /___ В.В.Колесов ___/

(қолы)

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, күдікті мынаны мәлімдеді:

заттарды ұрлаған жерде өз еркіммен айғақтар беруді қалаймын

(айғақтар беруді қалайды немесе айғақтар беруден бас тартады)

 

Күдікті ________________ / В.В. Колесов /

(қолы) (тегі, аты-жөні)

Сол жерде айғақтарды тексеру алдында күдікті В.В.Колесовке

(тегі, аты-жөні, адамның статусы)

оның айғақтары тексерілетін жерді көрсету ұсынылды.

Күдікті В.В. Колесов мүлікті Павлодар қаласында Павлов көш., 11 «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатр жанында тұрған «Мерседес – Е220» маркалы автомашинадан ұрлағанын көрсетті.

1) ________________________ 2) _______________________

(куәгердің қолы) (куәгердің қолы)

Айғақтарды сол жерде тексеру Ленин көш., 55 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қаласы ІІБ ғимаратынан басталды.

Қылмыс жасалған жерге келу үшін осы процестік іс-қимылға қатысушылардың барлығы мемлекеттік нөмірі КР 555 14/кz ВАЗ 2121 автомашинасына отырды, оны полиция сержанты К.К. Кәрімов басқарып, күдікті В.В. Колесов көрсеткен жерге қарай жүргізді.

Процестік іс-әрекетке қатысушылардың барлығысына Павлодар қаласы ІІБ КБЖ маманы Э.Э. Ким жүргізіп отырған сол жерде айғақтарды тексерудің бейнежазбасы 10 сағат 10 минуттан бастап қатысушылар күдікті көрсеткен жерге жеткенге дейін тоқтатыла тұратыны хабарланды.

Тергеу әрекеті бейнежазбасы 10 сағат 35 минутта Павлова көш., 11 үй мекежайына келген кезде қайта жалғастырылды.

Оқиға болған жерде күдікті Колесов В.В. Павлов көш., № 11 тұрғын үй кіреберісіне көрсетіп, ол 20__ жылы 18 қыркүйекте 18 сағат 00 минутта бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатр жанында өздерінің көлігін қалдырған жүргізушілерді бақылап тұрғанын айтты.

Осыдан кейін күдікті В.В. Колесовтің айтуы бойныша процестік іс-әрекетке қатысушылардың барлығысы Павлов көш., № 11 үйдің 2 кіреберісінен жолдан өтіп, «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатрдың бас кіреберісінің алдында орналасқан автотұраққа келді.

Тұрақта күдікті В.В. Колесов кинотеатр ғимаратының солтүстік жағында орналасқан оның шеткі бөлігіне көрсетіп, осы жерде 19 сағат 10 минутта оған бұрын белгісіз болған сыртқы бет пішіні кавказдық болып келетін ер адам ақ түстік «Мерседес – Е220» маркалы автомашинасын қойып, оны кілтке жауып, кинотеатр ғимаратына кіріп кеткенін айтты.

Бұдан кейін күдікті автомашина иесі оны автосигнализацияға қоймағанын және бұл машина көше жағынан және кинотеатрдың бас кіреберісінен онша көрінбейтінін айтып, сондықтан оның осы автомашина салонынан қандай да бір құндылықтарды ұрлау ойының пайда болғанын түсіндірді.

Күдікті барлық қатысушыларға ол автомашина есігін бұзып ашу мақсатында өзімен ескі қайшы алғанын, онымен осы автомашинаның жүргізуші отыратын есігін ашып, ондан былғары қара куртканы, автомагнитолланы және автомобиль қобдишасында жатқан 11 000 теңге сома мөлшерінде ақшалай қаражатты ұрлағанын айтты.

Бұдан кейін күдікті ұрланған ақшалай қаражатты спирттік ішімдіктер ішуге жұмсағанын, былғары куртканы полция қызметкерлері ол оны автовокзалды сатуға әрекеттен кезде алып қойғанын, ал автомагнитолла мен қайшыны ол Павлов көш., № 11 үйдің 4 кіреберісінде бірінші қабатта сатының астына тығып кеткенін айтты.

Оның осы айғақтарын тексеру мақсатында тергеу әрекетіна қатысушылардың барлығысы Павлов көш., № 11 үйдің 4 кіреберісіне кірді, бұл жерде күдікті бірінші қабаттың сатысы астында жатқан катрон жәшіктерді итеріп, барлық қатысушылардың көзінше панелі қара түсті «Hitachi» маркалы автомагнитолла мен тот баспайтын металл қайшыны алып шықты.

Бұл заттар тиісті пакеттерге бумаланып, «Павлодар қаласы ІІБ ТБ пакеттері үшін» № 24 пакетпен мөрленді және осы тергеу әрекетіна қатысушылардың барлығысының қолтаңбаларымен бекітілді.

Павлодар қаласы ІІБ ғимаратына қарай жүру және осы процестік іс-әрекеттің хаттамасын жасау үшін айғақтарды тексерудің барлық қатысушыларына бейнежазба 11 сағат 10 минутта тоқтатыла тұрғаны хабарланды.

Бейнежазба 11 сағат 45 минуттатергеуші кабинетіне келіп, тергеу әрекетіның осы хаттамасының сипаттама бөлігі жазылғаннан кейін қайта жалғастырылды.

Айғақтарды сол жерде тексеру ауа-райы бұлыңғыр кезде және табиғи жарық болған кезде жүргізілді.

 

Хаттамаға мыналар қоса тіркеледі: Павлодар қаласы ІІБ КБЖ маманы Э.Э. Ким жасаған бейнежазба, бумаланған қайшы мен автомагнитолла.

Хаттама тергеу әрекетіна қатысқан барлық адамдарға танысу үшін көрсетілді. Бұл ретте көрсетілген адамдарға олардың хаттамаға енгізілуге жататын, ескертілген және осы адамдардың қолтаңбаларымен куәландырылған оны толықтыру және нақтылау туралы ескертулер жасау құқығы түсіндірілді. Осы хаттамамен оны жеке оқу арқылы танысып,

(жеке оқуы немесе хаттаманы тергеушінің жариялауы)

сондай-ақ бейнежазбаны (дыбысжазбаны) қарап, тергеу әрекетіна қатысушылар оны толықтыру және нақтылау туралы келесідей ескерту жасады: хаттама дұрыс жасалды, ескертулер, толықтырулар және

(тергеу әрекетіна қатысушының процестік жағдайы, тегі мен аты-жөні

нақтылаулар жоқ.___________________________________________

және хаттама мазмұнына ол жасаған толықтырулар мен нақтылаулар)

 

 

Куә ( жәбірленуші

күдікті, күдікті, қорғануға,

құқығы бар куә ): __/__ В.В. Колесов /__

(қолы) (тегі, аты-жөні)

Куәгерлер: ____________________

(қолы) (тегі, аты-жөні)

_______________________________

(қолы) (тегі, аты-жөні)

Маман (сарапшы): _/ __Ким Э.Э.___/

(қолы) (тегі, аты-жөні)

Өзге қатысып отырған тұлғалар: ___/Блюм В.В.__ /_

(қолы) (тегі, аты-жөні)

___/ Каримов К.К. /_

(қолы) (тегі, аты-жөні)

 

Тергеуші (анықтаушы) __/Иванов И.И._/__

(қолы) (аты-жөні, тегі)


Тергеу экспериментінің

Date: 2015-12-13; view: 1306; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию