Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Тергеу эксперименті 10 сағ





20__ ж. «21» қыркүйек Павлодар қ.

 

 

Тергеу эксперименті 10 сағ. 00 мин. басталды

Тергеу эксперименті 10 сағ. 45 мин. аяқталды

 

 

Павлодар қ. ІІБ ТБ тергеушісі, полиция капитаны И.И.Иванов

(тергеушінің (анықтап білушінің лауазымы), сыныптық дәреже немесе атағы, тегі, аты-жөні)

 

Келесі куәгерлердің қатысуымен:

(куәгерлер ғылыми-техникалық құралдар жоқ болғанда немесе оларды тергеу іс әрекеттері кезде қолдануға мүмкіндік болмағанда (ҚІК 197 бабының 6 б.) қатыстырылады).

 

1. ________________________________________________________________

(куәгердің тегі, аты, әкесінің аты және тұратын жері)

2. ________________________________________________________________

(куәгердің тегі, аты, әкесінің аты және тұратын жері)

келесі тұлғалардың: Павлодар қ. ІІД КБЖ маманы Э.Э.Кимнің, Павлодар облыстық қорғаушылар алқасының қорғаушысы В.В.Блюмның қатысуымен

ҚР ҚІК 199, 258 баптарына сәйкес № 14550003100998 қылмыстық ісі бойынша күдікті В.В.Колесовтың бес қабатты үйдің үшінші қабатының қылтимасына осы үйдің маңында өсіп тұрған ағаштың діңі бойынша еніп кету мүмкіндігінің болғанын немесе болмағандығын анықтау мақсатында тергеу экспериментін өткізді:

(тергеу эксмериментін өткізу негіздемелері, тұлғаның процессуалдық жағдайы, тегі, аты-жөні)

 

Тергеу эксперименті өткізілген кезде табиғи жарық болып тұрған кезде өткізілді.

Тергеу эксперименті басталмас бұрын эксперименте қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ, осы процессуалдық іс-әрекетті жүзеге асыру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, оларға тергеу іс-әрекетін өткізген кезде «CVS-500» маркалы бейнекамерасы түріндегі техникалық құрал қолданылатындығы туралы ескертілді.

_________________________________________________________________

(нақты қандай құралдар және кім қолданғандығы жазылады)

 

Тергеу іс-әрекеті басталғанға дейін ҚР ҚІК 82 бабында көзделген куәгерлердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі түсіндірілді:

1. _______________________ 2.__________________________

(куәгердің қолы) (куәгердің қолы)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін ҚР ҚІК 58 (57) бабында көзделген маманның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі маманға (сарапшыға) түсіндірілді:

1. _______________________ 2.__________________________

(тегі, аты, әкесінің аты) (маманның қолы)

 

Тергеу әрекеті басталғанға дейін ҚР ҚІК 78 (71)-бабында көзделген куәгердің құқықтары мен міндеттері (қорғалуға құқығы бар куәгердің, жәбірленушінің) түсіндірілді). Түсініктер беруге келісім берген кезде куәгер (қорғалуға құқығы бар куәгер, жәбірленуші) оның түсініктемелері қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде, соның ішінде, ол кейін өз айтқандарынан бас тартқан кезде де қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде қолданылуы мүмкін екендігі туралы ескертілді.

Сонымен қатар, куәгерге (қорғалуға құқығы бар куәгерге) түсініктемелерді беру нәтижесінде оның өзі, жұбайы (ері немесе әйелі) немесе жақын туыстары жасалғандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекетті немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін қуғынға ұшыратылатын түсініктемелерден бас тарта алатындығы туралы түсіндірілді: ________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________ ______________________________

(қолы)

 

Тергеу әрекеті басталғанға дейін куәгер (қорғалуға құқығы бар куәгер, жәбірленуші) ____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

ҚР ҚК 420 бабы бойынша біле тұра жалған мәлімет бергендігі үшін және ҚР ҚК 421 бабы бойынша түсініктемелерді беруден бас тартқандығы үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертілді. ______________.

(қолы)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін күдікті В.В.Колесовқа (күдіктіге) ҚР ҚІК 64 бабында көзделген күдіктінің құқықтары мен міндеттері, соның ішінде түсініктемелерді беруден бас тарту құқығы түсіндіріліп, ол оның түсініктемелерін қылмыстық процессте дәлелдемелер ретінде, соның ішінде ол кейін аталған түсініктемелерден бас тартқан кезде де пайдалануға болатындығы туралы ескертілді ____________________ /Колесов В.В./

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Өз құқықтары мен міндеттерімен танысқаннан кейін күдіктінің (күдіктінің) айтқаны: В.В.Колесов Ленин көшесі, № 2 үйдің 3-ші қабатының балконына ағашпен өрмелеп қалай кіріп, сол жерден балкондағы есік арқылы И.И.Федевичтің меншігіндегі пәтерге қалай кіргендігін көрсеткісі келетіндігі туралы айтты.

(көрсеткісі келетіндігі немесе көрсетуден бас тартқандығы туралы сипатталады).

 

Тергеу экспериментін өткізген кезде келесі анықталды: В.В.Колесов тергеу экспериментінің барлық қатысушыларының көзінше Ленин көшесі, № 2

(қандай процессуалдық әрекеттер өткізілгендігі рет-ретімен, осы іс бойынша айқындалған елеулі жағдайлар,
үйдің сырт жағындағы қабырғасының маңында өсіп тұрған терек ағашының

сондай-ақ, тергеу әрекетіне қатысқан тұлғалардың өтініштері (түсініктемелері); тергеу әрекеті жүргізілген діңі бойынша ағаштың ұшар басына өрмелеп шыққаннан кейін жәбірленуші

кезде қолданылған техникалық құралдар/ әрекеттер, жағдайлар және оларды пайдалану реті, аталған И.И.Федевичтің меншігіндегі 3-ші қабатта орналасқан №8 пәтердің

құралдар қандай объектілерге қатысты қолданылғандығы және қол жеткізілген нәтижелер жайлы балконына өрмелеп шықты.

сипатталады).

Хаттамаға келесі заттар қосылады: бейнетүсірілім жазылған таспа

(тергеу экспериментін өткізген кезде алынған/ түсірілген фотосуреттердің негативтері мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазу таспалары, сызбалар, сұлбалар және т.б.).

1. ___________________________________ 2.___________________________

(кәугердің қолы) (кәугердің қолы)

 

Хаттама тергеу әрекетіне қатысқан барлық тұлғаларға танысып шығу үшін ұсынылды. Осындайда барлық аталған тұлғаларға олардың кейін сол тұлғалар қол қойып, куәландырғаннан кейін хаттамаға енгізілетін түсініктемелер мен хаттаманы толықтырып, нақтылау туралы ескертулер жасау құқығы түсіндірілді.

Хаттамамен жеке оқып шығу арқылы танысып, бейнежазбаны

(жеке өзі оқып шығу немесе хаттама ауызша жария етілгеннен кейін)

(аудиожазбаны) қарап шыққаннан кейін тергеу әрекетінің қатысушылары хаттаманы нақтылап, толықтыру туралы келесі ескертулер мен толықтыруларды ұсынды: хаттама дұрыс жазылған, толықтырулар мен

(тергеу әрекеті қатысушысының процессуалдық жағдайы, тегі, аты, әкесінің аты және хаттаманың мазмұнына енгізілетін ол ұсынған толықтырулар мен нақтылаулар немесе өзгертулер мен толықтырулардың жоқтығы туралы жазбалар жазылады)

ескертулер жоқ.

 

Куәгер (жәбірленуші, күдікті, қорғалуға құқығы баркәугер):

 

Куәгерлер: (қолы ) /Колесов В.В./

(тегі, аты, әкесінің аты)

Маман (сарапшы):(қолы) _ /Ким Э.Э./_

Экспериментке қатысқан өзге тұлғалар: (қолы ) _ /Блюм В.В./

(тегі, аты, әкесінің аты)

Тергеуші (анықтаушы): (қолы) /Иванов И.И./

(тегі, аты, әкесінің аты)

 

«ҚОЛДАЙМЫН»

Ақсу қаласының прокуроры

әділет кеңесшісі

Қаймолдин Р.Ж.

20__ ж. «21» маусым

 

Сотқа эксгумацияны жүргізу туралы өтініш білдіру

ҚАУЛЫСЫ

Ақсу қ. 20__ ж. «21» маусым

Ақсу қ. ІІД ТБ тергеушісі, полиция капитаны А.А.Петров № 14550003100995 қылмыстық істің материалын қарастырып келесіні

 

АНЫҚТАДЫ:

Ақсу қаласының тұрғыны В.В. Колесов Б.Б. Волковты өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу барысында күдіктіден сұрақ алу барысында күдікті Б.Б.Волковты өлтіргенге дейін ол 20__ жылғы 2 маусымда оның қартаң және ауру анасын – С.С.Волкованы клонофилмен улағандығын айтты.

С.С.Волкова созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқыс ретінде есепте тұрғандыққа және 89 жаста болғанға байланысты оны жерлегенге дейін сот-медициналық сараптамасы жүргізілмей, тек емдейтін дәрігердің өлімі туралы қорытындысының және туыстардың союға қарсылық білдіретіндігі жайлы өтінішінің негізінде ғана жерлеген.

Айтылғанның негізінде, ҚР ҚІК 225,226 баптарын басшылыққа ала отырып

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақсу сотына Ақсу қаласының қалалық православие зиратында жерленген 1924 ж.т. Волкова Светлана Сергеевнаның мәйітін жерленген жерінен алу (эксгумация жүргізу) туралы өтініш білдіру.

 

Қаулыға қосылатындар: 48 беттік 1 томда жинақталған № 14550003100995 қылмыстық істің материалдарының көшірмелері.

 

Ақсу қ. ІІБ ТБ тергеушісі

Полиция капитаны қолы А.А.Петров

Осы қаулының көшірмесі 21.06. 20__ ж. Ақсу қ. прокурорына жолданды

 

Ақсу қ. ІІБ ТБ тергеушісі

Полиция капитаны қолы А.А.Петров

Эксгумация және мәйітті қарау

Date: 2015-12-13; view: 1835; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию