Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Қарап-тексеру басталды 15 сағ





6 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы

Қарап-тексеру басталды 15 сағ. 00 мин.

Аяқталды 15 сағ. 40 мин.

 

Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов Ақтау қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция лейтенанты
Р. Хамидуллинның қатысуымен, ҚР ҚПК-нің 219, 220, 224-баптарын басшылыққа алып, ҚР ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, Ақтау қаласы ІІБ-де №227 кабинет бөлмесінде табиғи жарық болған кезде күдіктілер Е.С. Тайыровтен, А.А Қайырбековтен және жәбірленуші
М.И. Смирновтан табылған және алынған «Айфон 5С» маркалы ұялы телефонды, «Асер» маркалы ноутбукты, 2 дана бейсбол биталарын, 2 дана қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті маскаларды және А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін қарап-тексерудіжүргізді.

Қарап-тексерудің алдында криминалист маман Р. Хамидуллинге ҚР ҚПК-нің 80-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келу;
дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысу; өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізу және қорытынды беру; iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеу; тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтау; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттері түсіндірілді.

Cонымен бірге, оның зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысу; қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеу; өзiнiң шақырылу мақсатын бiлу; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тарту; тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аудару; қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзу; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіру; аудармашының тегін көмегін пайдалану; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу; егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алу құқықтары түсіндірілді.

Бұдан басқа, маманға оның қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес екендігі түсіндірілді.

Оның үстіне оған дәлелді себептерсіз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.

 

Криминалист маман__________ Р. Хамидуллин

 

Тергеу әрекетіның барысы мен нәтижесін тіркеуді бейнежазу арқылы криминалист маманР. Хамидуллин «Сони» маркалы цифрлық бейнекамераға жүргізіп отыр.

Қарап-тексеру мыналарды анықтады:

1. «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон, телефонпанелі қара түсті қандай да бір көзге көрінетін бүлінген жерлері жоқ. Телефон көлемі 12,5х6х0,7 см. Алдыңғы бөлігінде экранның астында диаметрі 1 см дөңгелек нысандағы батырмасы бар, экранның өзінің көлемі 9-х5 см, телефонның артқы бөлігінің жоғарғы сол жақ бұрышында диаметрі 0,5 см дөңгелек нысандағы фото-бейнекамера объективі бар, одан төмен алма түрінде сурет бар, сондай-ақ «IPhone» жазуы бар, сол жақтағы қыр бөлігінде дыбыссыз режимді қосу және ажырату батырмасы, телефонның жоғарғы бөлігінде телефонды қосу және ажырату батырмасы бар. Телефонды қосқан кезде ол жұмыс істеп тұр, қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.

2. «Асер» маркалы ноутбук, түсі қара сүр, қандай да көрінетін бүлінген жерлері жоқ. Жоғарғы бөлігінде көлемі 25х20 см монитор бар, монитордың үстінде 1 см дөңгелек нысандағы батырмасы фото-бейнекамера объективі бар, төменгі бөлігінде стандартты пернетақта бар, онда ағылшын және орыс тілдерінде әріптер орналасқан, сол жақ қырында дисковод, сондай-ақ USB шығулары бар. Ноутбукты қосқан кезде ол жұмыс істеп тұр.

3. 2 дана бейсбол биталары, ағаштан зауыттық тәсілмен жасалған, қара түске боялған, әрқайсысының ұзындығы 90 см, сабының диаметрі 5 см, аяқ жағының диаметрі 10 см., бұл биталарда қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.

4. Қолдан жасалған (тоқылған) қара түстімаскалар, оларда көздерінің орындарында қиылған тесіктері бар, синтетикалық материалдан жасалған. Маскалардың көлемі 25х20 см, қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.

5. 1986 ж.т. Аслан АсхатовичКаирбековтің атына берілген жүргізуші куәлігі (жаңа үлгідегі), № FU№072569, «В» санаты, Маңғыстау облысы, берілген күні 15.06.2007 ж., жарамдылық мерзімі 15.06.2017 ж. дейін, бірінші рет берілген, қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.

 

Бейнежазбаны тергеуші мен маман қарап шықты, жазба ұзақтығы
40 минут.

Қарап-тексеру барысының бейнежазбасы «DVD-R» компакт-дискіне көшірілген, ол конвертке салынып, желімделген және «Ақтау қаласы ІІБ» мөрімен бекітілді.

Бумада мынадай жазу жасалды: «№15471003100020 қылмыстық іс бойынша 06.01.20__ж. нәрселерді қарап-тексеру тергеу әрекетінің бейнежазбасы».

 

Криминалист маман __________ Р.Хамидуллин

 

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 


Заттау дәлелдеме деп тану және

қылмыстық іске қоса тіркеу туралы

ҚАУЛЫ

 

6 қаңтар 20__Ж. Ақтау қаласы

 

Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Қабылданған жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер Е.С. Таиров пен А.А. Каирбеков анықталды, олардың тұратын мекенжайлары бойынша «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон, «Асер» маркалы ноутбук, екі бейсбол битасы, екі дана қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті маска, сондай-ақ жәбірленуші М.И. Смирновтн – күдікті А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігі алынды.

Жоғарыда көрсетілген нәрселердің осы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша маңызы бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 118, 198, 221-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон, «Асер» маркалы ноутбук, 2 дана бейсболбиталары, 2 дана қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті маскалар мен А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігі заттай дәлелдемелер ретінде танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелсін.

2. «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен «Асер» маркалы ноутбук жәбірленуші М.И. Смирновқа сақтау қолхаты алынып, қайтарылсын.

3. 2 дана бейсболбиталары, 2 дана қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті маскалар, А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігі заттай дәлелдемелер Ақтау қаласы ІІБ сақтау камерасына берілсін.

4. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

 

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 

 


Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау

Date: 2015-12-13; view: 1332; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию