Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диаграмма. «АстМУ» АҚ түлектерінің сұранысқа ие болуы





2012 жылмен салыстырғанда жалпы алғанда 2013 жылы жұмыс берушілердің қанағаттануының барлық көрсеткіштері артқан. Жұмыс берушілердің 62,1%-дан астамы «АстМУ» АҚ түлектерінің жоғары сұранысқа ие екендіктерін атап өтті. Жұмыс берушілердің пікірі бойынша, ЖПД мамандықтары және тар шеңберлі мамандықтар бойынша даярлықты жетілдіру, практикалық машықтарға баса назар аудару керек. Бітірушілерді даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілер студенттердің өндірістік практикадан өтулерін қамтамасыз етуге дайын. Денсаулық сақтау саласы үшін мамандарды даярлау процесінде төсек тартып жатқан науқасқа қатысты клиникалық емтихан алу, оқу-клиникалық орталық жағдайында фантомдар мен муляждарға қатысты клиникалық емтихан алу және билеттер бойынша ауызша сұрау анағұрлым тиімді әдіс болып саналады.

4.2.1. ББ меңгеру нәтижелеріне әсер ететін факторлардың бірі конкурстық іріктеу кезінде қойылатын талаптардың деңгейі мен талапкерлерді тарту механизмдері болып табылады.

а) Соңғы бірнеше жыл бойы барлық мамандықтар бойынша 1-курсқа қабылдау кезінде мейлінше жоғары балл көрсеткіштері сақталып отыр, орта білімді «Алтын Белгіге», «үздікке» бітірген талапкерлердің, халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздарының үлесі артты. 1-курсқа ақылы негізде оқуға қабылданған талапкерлер сапалы түрде іріктеліп алынады. Талапкерлерді мұқият іріктеу нақты медицина университетінде оқуға қабілетті және оқығысы келетіндерге мүмкіндік береді. Осылайша, талапкерлер Университетке құжаттар тапсыру кезеңінен бастап оқыту сапасын арттыруды қамтамасыз ету қарастырылған.

ОПҚ-ның біліктілік көрсеткіштеріне, ғылыми әлеуетіне және инновациялық жобаларға ашықтығына көп көңіл бөлінеді.

б) жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын орындауда сауатты, жан-жақты дамыған мамандар ретінде түлектерді даярлау дәрежесі келесідей негізгі міндеттерді орындаумен анықталады:

- тұрғын үй-коммуналдық объектілердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, емдік-профилактикалық ұйымдардың, тамақтану объектілерінің, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептердің жобаларын санитариялық-гигиеналық бағалау;

- тұрғын үй-коммуналдық объектілердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, емдік-профилактикалық ұйымдардың, тамақтану объектілерінің, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептердің құрылыс жұмыстарын санитариялық қадағалау;

- қоршаған орта объектілерінің (су, ауа, топырақ), тағамдық өнімдердің, өндірістік тауарлардың, елдімекендердің санитариялық тазалығын бағалау;

- өнеркәсіптік орта факторларын санитариялық-гигиеналық бағалау;

- халық денсаулығын олардың мекен ету аймағының әлеуметтік, табиғи және өндірістік ортасына байланысты санитариялық және демографиялық көрсеткіштер бойынша талдау жасау және бағалау;

- жұқпалы аурулар ошағында, табиғи-ошақты инфекциялар аумағында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау мен өткізу;

- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде инфекциялардың пандемиялық таралуының алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау мен өткізу;

- мемлекеттік шекараларды санитариялық қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;

- емдік-профилактикалық ұйымдарда дезинфекциялық-стерилизациялық тәртіптің сақталуын бақылау;

- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарының қызметіне талдау жасау және бағалау;

- саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізу және саламатты өмір салтын өзін үлгі ете отырып насихаттау;

- кәсіптік қызмет объектілерінде тиімділікті арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-экономикалық және басұару жұмыстарын жүзеге асыру мен дамыту;

- өзінің кәсіби қызметінде жаңа білім мен технологияларды өмір бойы оқып-үйрену;

- кәсіби мәселелерді шешу үшін нақты медициналық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар тиімді пайдалану мен қолдану және деректер базасын пайдалану;

- өз бетінше өзін-өзі оқытуға ұмтылу және осы мақсатта денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық желісінде жұмыс істеу;

- практикалық қызметті жүзеге асыруды ұйымдастыру үшін менеджмент, маркетинг принциптерін қолдану;

- үздіксіз кәсіптік дамыту үшін бүкіл кәсіптік қызметі барысында білімі мен машықтарын жетілдіру.

в) Негізгі стейкхолдерлердің көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қойылатын талаптарды, болжамдарды және қанағаттанушылықты зерттеу мақсатында мүдделі тараптармен кері байланысты дамытуға университет көп көңіл бөледі. Білім алушылармен, түлектермен, олардың ата-аналарымен және басқа да мүдделі тараптармен кері байланыстарға мониторинг жасалынады және Университет қызметінің мақсаттарын, міндеттері мен шараларын және ББ мазмұнын қайта қарастыруға негіз болады.

г) жұмыс берушілердің көптеген жағымды пікірлері түлектерге жұмыстың тиімдірек әдістерін меңгеріп жетілдіруге, қажетті білімді, шеберлік пен машықтарды меңгеруге, өзінің болашақ кәсібіне одан әрі кірігуіне түрткі болады.

4.2.2. Білім алушыларда жүріс-тұрыстың, психологиялық ұстанымдардың, әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың, өзін-өзі көрсету машықтарының, өзін-өзі талдаудың, өзін-өзі бағалаудың үлгілерін меңгеру процесі ретінде қалыптастыру есебінен біліктілік тәсілін қолдану «Емдік-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түлектердің біліктілігінің келесідей параметрлерін бағалауды қарастырады:

- сыни ойлаудың болуы және пайымдауларды (айғақтама, рефлексия, бағалау және ой қорытындысын жасау) қалыптастыру;

- эссені сауатты жаза білу;

- жағдайға сыни талдау қабілетінің болуы;

- оқылған әдебиетке сыни баға бере білу (рефлекстік күнделік жүргізу);

- хабарларды дайындау (сөз сөйлеу); мақалаларды дайындау және жазу; білімін, түсінігін көрсете білу: өз сөзімен жазу, баяндау, тізімдеу, айшықтау және мазмұндау; емтихан (ауызша және жазбаша); ақпаратты қабылдауға бағытталған эссе жазу; көп нұсқалы сауалнамалар толтыру, тестілерді және бақылау сұрақтарын орындау; әрекеттерді орындау – машықтарды көрсету; (емделушілерді физикалық тексеру, мәтінмен жұмыс жасау, жабдықтарды пайдалану, процедураларды орындау, хаттамаларды толтыру); зертханалық жұмыс бойынша есептерді дайындау; тәжірибе мен экспериментті көрсету; рөлдік ойындарға қатысу; плакаттарды көрсету үшін дайындау; бағдарламалық қамтамасыз ету мен бейнені пайдалану; бақылау және кәсіби қызметін іс жүзінде жүзеге асыру (объектілерді зерттеу).

4.2.3. Білім беру нәтижелері мен біліктіліктерді бағалау ЖОО-да оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады, себебі ЖОО-ның білім беру процесі өзінің ерекшеліктеріне (үздіксіздік, жүйелілік, реттілік, практикаға бағдарлық) байланысты бұл үшін барлық әлеуеттерге ие.

Бағалаушы технологиялар мен құралдарға мыналар кіреді: біліктілік деңгейін бағалаудың әдістері мен құралдарын анықтау; біліктіліктің қалыптасу критерийлері мен деңгейін анықтау; мониторинг процедурасын қамтамасыз ету; бағалаушы құралдар банкін қалыптастыру; жеке жетістіктер (портфолио) мәліметтерінің базасын құру. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім, шеберлік, машықтарды өлшеу арқылы жүзеге асырылады.

Бағаланатын білім беру нәтижелері, біліктілік технологиялары және құралдар:

- Бақылау сұрақтары, билеттер, тесттер (ашық, жабық, сәйкестілікке қиыстыру);

- эссе, рефераттар, баяндамалар, презентациялар;

- курстық және басқа да жұмыстардың тапсырмалары;

- командада жұмыс жасау, ұжымға бейімделу, қызмет көрсетілетін емделушімен/тұтынушымен байланыс;

- әңгімелесу, пікірталас, сауалнамалар, өзін-өзі бағалау;

- машықтарын көрсету;

- портфолио (студенттің жеке білім жетістіктері);

- ауызша сөз сөйлеу (кәсіби сөйлеу), «Гигиена» мамандығы бойынша мерзімдік журналдарды ай сайын талқылау, мақала, эссе, түйіндеме жазу.

Сонымен қатар бағалаушы технологиялар мен құралдардың бақылау индикаторлары:

- педагогикалық журналдар;

- педагогикалық журналдар мазмұнын ілеспе түрде көрсететін ведомостар;

- мамандықтың негізгі пәндерінің әр бөлімінің соңында емтихан тапсыру;

- жартыжылдық аттестаттау;

- есепті қорғау (портфолио, презентациялар, рефераттар, практикалық ситуациялық жағдайлар, меңгерілген және орындалған машықтардың, оқылған және жұмыс жасалынған әдебиеттердің тізімі);

- ОҚПЕ технологиясы бойынша практикалық машықтарды тестілеу мен бағалауды қамтитын қорытынды аттестаттау (мемлекеттік аттестаттау).

Білім беру нәтижелері мен біліктіліктерді бағалау үшін пайдаланылатын өлшеуіштер келесі түрдегі бақылауларды қарастырады:

- ағымдағы аттестаттау және оның негізгі формалары: ауызша сұрау, жазбаша

тапсырмалар, зертханалық жұмыстар, коллоквиумдар, бақылау жұмыстары.

Ағымдағы аттестаттаудың құндылығы: оқу сапасына үнемі үздіксіз мониторинг жүргізу талаптарына сәйкес тікелей түзету жүйелілігі, сонымен қатар студенттің үлгерімін балдық-рейтингілік бағалау:

- аралық аттестаттау: оның негізгі формалары: әр пән циклінің соңында сараланған

сынақ және емтихан алу;

Аралық аттестаттаудың құндылығы: білім мен шеберліктің анағұрлым ірі жиынтықтарын бағалау, кейбір жағдайларда тіпті нақты кәсіби біліктілікті қалыптастыру;

- мемлекеттік қорытынды аттестаттау және оның негізгі формалары: мемлекеттік

емтихан, ОҚПЕ технологиясы бойынша практикалық машықтарды тестілеу мен бағалау.

Қорытынды аттестаттаудың құндылығы оқу нәтижелерін жалпы тексеру және толық түрде білім алушы меңгерген әмбебап және кәсіби біліктіліктердің сабақтастығын бағалауға мүмкіндік береді:

- ауызша сұрау, білім алушының білімі мен ой-өрісін, логикалық тұрғыдан жауап

беруін, монолог сөзді игеруін және басқа да коммуникативтік машықтарын бағалауға мүмкіндік береді;

- жазбаша жұмыстар оқытушының уақытын үнемдейді, барлық білім алушыларды

бірдей жағдайға қоюға, оқытушының көмегінсіз жауаптарды объективті бағалауға, бағаның негізділігн тексеруге, білім алушының даярлығын субъективті бағалауға мүмкіндік береді;

- техникалық құралдар және ақпараттық жүйелердің көмегімен бақылау, бақыланатын

материалды білім алушының меңгергендігі туралы объективті ақпаратты алуға және бұл ақпаратты оқытушыға толық жеткізуге мүмкіндік береді, білім беру бағдарламасы мен модульдеріне сәйкес барлық пәндер бойынша студенттердің жетістіктерін интегралдық қалыптастыру мен жинақтауға мүмкіндік береді, ақпараттық ресурстармен жұмыс жасаудың практикалық шеберліктері мен машықтарын меңгеруге, өзін-өзі бақылау мүмкіндігі мен студенттердің өзіндік жұмыстарының процесіне мотивациялау;

- әңгімелесу – білім алушылардың оқытылатын пәнмен байланысты тақырыптарға,

нақты бір бөлім, тақырып, мәселе бойынша қабылдаған білім көлемін анықтауға бағытталған оқытушының білім алушымен әңгімелесуі;

- коллоквиум, межелік бақылау, білім алушылардың білімін тек тексеріп қана қоймай,

сонымен бірге оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Коллоквиумдарда, межелік бақылауларда әдетте семинарлық және басқа да практикалық оқу сабақтарының тақырыптарына қосылмай оқытылатын курстың жеке бөлімдері, тақырыптары, сұрақтары талқыланады;

- сынақ және емтихан, білім алушыларды оқу жоспарымен анықталатын аралық

аттестаттау формалары;

- күрделіліктің әртүрлі деңгейлері бойынша құрастырылған тестілер (есте сақтау,

түсіну, қолдана білу);

- әртүрлі курстарда өткізілетін, білім алушылардың білімін, шеберлігі мен машықтарын үйлестіруге мүмкіндік беретін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша пәндердің өндірістік практикасы бойынша есептер.

4.2.4. Түлектер меңгерген (жалпымәдени, пәндік) біліктіліктер қалыптасудың бастапқы деңгейін қарастырады, сонымен қатар өзінің интеллектуалдық және кәсіби деңгейін жетілдіріп дамыту қабілетін көрсетеді. Біліктіліктің бастапқы (жалпымәдени) деңгейі – түлек өз бетінше зерттеулер жүргізуге қабілетті; ұжымда (командада) ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда практикалық шеберлік пен машықтарды меңгеруге; бастама жасауға, өзіне жауапкершілікті ала білуге, проблемалық жағдайларды шешуге; жинаған тәжірибесін қайта бағалауға, өз мүмкіндіктеріне талдау жасауға, қоғам мен медицинаның мәдени және тарихи дәстүрлеріне құрметпен қарауға; ғылыми зерттеулерде ақпараттық компьютерлік технологияларды құрал ретінде пайдалануға дайын.

Түлектердің кәсіби (пәндік-спецификалық, пәндік-мамандандырылған) біліктілікті игеруі екі деңгейді қарастырады:

- біліктілікті қалыптастырудың «бастапқыға дейінгі» кезеңі – бұл әлеуметтік-экономикалық, мәдени және кәсіби контекстерде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырудың жүйелік-проблемалық міндеттерін шешу дайын болу; халықпен байланыс жасауда, әріптестерімен және әлеуметтік қызметтің қызметкерлерімен қарым-қатынас кезінде медициналық этика принциптерін сақтай отырып, коммуникативтік машықтарын көрсету; командада жұмыс істеу машықтары мен көшбасшылық қабілетке ие болу; басқаларды үйретуге және өз білімін жетілдіруге қабілетті болу.

- кәсіби біліктіліктің «бастапқы» кезеңі әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдерді ауыстыруға дайын болуды, географиялық және әлеуметтік ұтқырлықты, қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму өзгерістеріне бейімделуді; денсаулық сақтау саласындағы ҚР Заңдары мен нормативтік құжаттарын; денсаулық сақтау саласындағы халықаралық саясатты; «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін білу қамтиды.

Түлектің кәсіби білімі мен машықтарына есеп құжаттамасын жүргізу, гигиена және эпидемиология саласында мемсанэпидқадағалау жүргізу, бақыланатын объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау жатады.

4.2.5. Жалпы білім беру стандарттары мен талаптары бойынша бітірушілердің теориялық және эмпирикалық білімнің көлемі мен мазмұнын меңгеруі «Білім туралы», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру туралы», жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің МЖМБС негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарларына, пәндердің типтік оқу және жұмыс бағдарламаларына, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.

Мұнда 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ББ игерудің нормативтік ұзақтылығы 5+2 жылды құрайды.

5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» (5) мамандығының білім беру процесін аяқтаудың негізгі критерийі бакалаврдың 7830 академиялық сағаттан кем емес теориялық оқытуды, 450 академиялық сағаттан кем емес кәсіби тәжірибені игеруі болып саналады, сонымен қатар, міндетті компонент бойынша 5580 академиялық сағатты және таңдау компоненті бойынша 1620 академиялық сағатты игеруі болып табылады.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды аяқтаған, мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін түлекке «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласының бакалавры академиялық дәрежесі бар жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі. Бакалавр магистратураға түсіп, әрі қарай білімін PhD докторантурада жалғастыруға мүмкіндігі бар.

ББ мыналарды жүзеге асыруды қарастырады:

- гигиенист-маман үшін қажетті заманауи білім мен шеберлікті үйрету;

- қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары кадрларды даярлаудың халықаралық практика принциптеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

- оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

- бакалавриат, магистратура, докторантура арқылы мамандардың жаңа толқынын даярлау;

- ғылыми превенция негізінде медицинаның нақты бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандар даярлау және практикалық қызметті жүзеге асыру;

- оқыту мен зерттеу қызметі арасында үйлесімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету, гигиена мен эпидемиологияның нақты бағыты бойынша ауқымды ғылыми-практикалық және әдістемелік даярлық жасау;

- интерактивті режимдегі дәрістер барысында білім алу (проблемалық, дәрістер-симпозиумдар, пікірталастық шолу, тақырыптық дәрістер), семинар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар барысында машықтарды бекіту;

- кітапханалық қор, лингафондық және компьютерлік класстар, оқу аудиториялары;

- пәндерді игеруде пәнаралық тәсілдерді енгізу, аталмыш мамандықтың оқу жоспарлары үшін негізгі биомедициналық және бейіндеуші пәндерді тігінен және көлдеңінен интеграциялау, интеграциялық бағалау әдістерін қолданатын университет студенттері мен түлектерінің білімін және машықтарын интеграциялық бағалау;

- дәлелдемелі медицина принциптерін зерттеу;

- ақпараттық технологияларды дамыту: оқу процесін автоматтандыру, электрондық кітапхана, мультимедиялық презентациялар;

- түрлі ғылыми қоғамдар, үйірмелер, конференциялар түріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары;

- халықаралық студенттік алмасуға қатысу, шетелде тағылымдамадан өту және т.б.;

- осы ұйымдардың және ЖОО-ның өз өкілдерінің жетекшілігімен компаниялар мен ұйымдарда практика ұйымдастыру;

- әлеуметтік қызмет көрсетулер (жатақханаларда тұру, тамақтану, тамақтану мен киімге қаражат бөлу);

- компаниялар мен ұйымдардың тапсырысы бойынша ЖОО оқытушыларының және студенттерінің зерттеу жобалары мен гранттарды орындауы;

- Университеттің ОПҚ жариялайтын оқулықтар мен оқу құралдары, ЖОО-ның студенттерге ұсынатын түрлі оқу қорлары мен жабдықтары.

4.2.6. Білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптарға сәйкес:

а)«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығын бітіруші келесі арнайы және жалпы білім мен машықтарды меңгеріп, оқыту процесінде, практикада қолдана білу керек:

- жалпы білімділікті;

- әлеуметтік-этикалық машықтарды;

- биомедициналық ғылымдарды меңгеру;

- қоғамдық денсаулықтың теориялық пәндер саласындағы машықтарды;

- коммуникативтік машықтарды;

- командада жұмыс істеу машықтарын;

- ғылыми зерттеулер машықтарын;

- басқарушылық және көшбасшылық машықтарын;

- кәсіби машықтарды;

- өзін-өзі үнемі жетілдіру машықтарын.

б)түлектің біліктілік сипатына сай келетін міндеттерді шешуге қажетті кәсіби білім мен іскерлікті жоспарлауға, түсіндіруге, бекітуге қабілеттілігі. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілеріне: қоршаған орта, емдеу-профилактикалық ұйымдар, мектепке жасына дейінгі балаларға арналған мекемелер, мектептер, орта және жоғары оқу орындары, өндірістік кәсіпорындар, ауылшаруашылық нысандары және т.б. жатады.

в) «АстМУ» АҚ түлектерін даярлаудың нәтижесінде, ҚР денсаулық сақтау жүйесінің кәсіби және өнегелі, жетілген, адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, инновациялық технологиялар мен білімді меңгерген, үйлесімді дамыған және әлемдік қауымдастыққа жаһандану жағдайында сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсетуге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Университеттің түлектерін даярлауда қол жеткізген айқын нәтижелерінің бірі аса жан-жақты дамыған білімдар тұлғаларды даярлау шығару болып табылады.

г) қазіргі ғылыми-техникалық мәселелерді білу мен терең түсіну үшін келесі мәселелер қамтылуы тиіс:

-әлеуметтік-экономикалық, мәдени және кәсіби тұрғыда санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мәселелерді шешуге арналған жобаларды әзірлеу және жасау.

- қазіргі заманғы қоғамдық мәселелерді білу және түсіну, соның ішінде: мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың принциптерін ұстану.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алушылардың даярлау кезінде ББ қоғамдық мәселелерді білуін ескереді, ҚР денсаулық сақтау саласы мен қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін түсіну арқылы және қоғамдық денсаулық сақтаудың басым мәселелерін шешу мақсатында аймақтық қауымдастықтың барлық ресурстарын мобилизациялауға бағытталған мәселелерін шешуге үнемі көмек беру арқылы ҚР халқының денсаулығын сақтау жүйесінің әлеуметтік дамуы мен әрі қарай сәтті қолдауға бағдарлайтын кешенді ведомствоаралық бағдарламаның қажеттігі; жастардың өз денсаулықтарын сақтауға дұрыс көңіл бөлмеуінің және мемлекет пен қоғамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға жеткілікті күш салмауы; зертханалық-техникалық жабдықталудың және азаматтарға тегін медициналық көмекпен дер кезінде қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі сияқты мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

Қазіргі саяси процестерді білу және түсіну түрлі әдістер мен теориялар арқылы қалыптасады: геосаяси, экономикалық, психологиялық, әлеуметтік, мәдени-философиялық. Қазақстанның дәстүрлі геоэкономикалық және қазіргі геофилософиялық мәселелерін түсіну «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім алушыларында 1-2 курстарда келесідей пәндерді оқыту кезінде пайда болады: саясаттану (90 сағат); Қазақстан тарихы (135 сағат), экономикалық теория негіздері (90 сағат), құқық негіздері (90 сағат); әлеуметтану (90сағат), философия (135сағат).

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраларында білім алушылардың Қазақстанның қазіргі экономикалық аспектілерін білу және түсіну үшін тек «Экономикалық теория негіздері» (90 сағат) оқытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ тәлімгерлік сағаттарда келесідей тақырыптарды талқылау арқылы дағдыландырады: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдауы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы»; «Қазақстан–2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы»; «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» жолдауы.

Осылайша, ББ «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алушыларда қоғамдық және саяси мәселелерді шешуге үнемі септігін тигізу үшін жоғары кәсіптілікті, этика мен зор әлеуметтік жауапкершілік қабілеттерін дамытады.

4.2.7.ББ нәтижелері мен жүзеге асыруға дайындығына диагностикалық кешенді бағалау жүргізу оқытудаға проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалау әдісі көмегімен оқытушы педагогикалық процесті жүргізудің жағдайы туралы, білім және тәрбие беру сапасы туралы мәліметтерді алады. Алынған материалдарды өңдеу арқылы, оларды тиісті түрде талдау арқылы, кәсіби қызметтің мазмұнының аспектілерін пәндік және әлеуметтік модельдеу арқылы оқытушы педагогикалық процестің дамуына түзетулер енгізеді және әрі қарай болжам жасайды.

Оқытудағы мүмкін болатын проблемаларда анықтау сұхбаттасу (білім алушылардан ақпарат алу үшін қолданылатын тұлғааралық вербалды қатынасы ретінде) жүргізу арқылы өткізіледі, сұхбаттасу білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда білім алушыларды бағалаудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Кафедраларда сұхбаттасу стандарттау әдісімен жүргізіледі, мұнда алдан ала дайындалған сұрақтар дұрыстау оңай болу үшін белгілі реттілікпен қойылады; сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда дайындығы бойынша нақты, анық нәтижелерді алу мақсатында сұрақтарды еркін түрлендіру арқылы жүргізіледі.

Университеттің ББ стандарттарының талаптарына сәйкес, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының кафедраларында білім алушыларды қорытынды бақылау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау (бітіру емтиханы); магистратура және докторантураға қабылдау емтиханы шеңберінде тестілеу жүргізіледі; білім өміршеңдігін бағалау, ағамдық бақылау, межелік бақылау білім алушылардың білімін және ойлау машықтарын бағалаудың негізгі диагностикалық құралдарының бірі болып табылады.

Кафедраларда тест тапсырмаларын әзірлеу Университет стандартына АстМУ-УС-17-11 сәйкес жасалынды және келесідей міндетті кезеңдерден тұрады:

1) тесттің технологиялық матрицасын әзірлеу

2) тесттің технологиялық матрицасына сәйкес тест тапсырмаларын әзірлеу

3) тест тапсырмаларының мазмұндық сараптамасы (рецензиялау)

4) тест тапсырмаларының тестологиялық сараптамасы

5) тест тапсырмаларының апробациясы және тестілеуден кейін талдау (тек қабылдау/бітіру емтихандар)

1-5 курстар үшін қорытынды бақылау/қорытынды аттестаттау үшін тест тапсырмалары силлабус/жұмыс бағдарламасы (МЖМБС 2009) негізінде жасалды. Магистратура және докторантураға қабылдау емтихандарына арналған тест тапсырмалары оқуға түсушілер үшін арналған бағдарлама негізінде жасалынады. Тесттің жалпы ұзақтылығы (бір нұсқадағы сұрақтар саны) 100% саналды. Осыған негізделе сағаттың салмақ үлесін есепке ала отыра бағдарламаның әрбір бөліміне тест тапсырмаларының саны есептелінді. Сәйкесінше, кафедраларда білім алушыларды қорытынды бақылаудан өткізу үшін келесідей көлемде тест тапсырмалары әзірленді:

-«Коммуналдық гигиена» пәні бойынша, 4-курс студенттері үшін, 360 сағаттан құралған –500 тест;

-«Қоршаған орта мен халық денсаулығы» пәні бойынша, 3-курс студенттері үшін, МЖМБС 2009, 54 сағаттан құралған –200 тест;

-«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәні бойынша, 4-курс студенттері үшін, МЖМБС 2009, 360 сағаттан құралған –500 тест;

-«Тағам гигиенасы» пәні бойынша, 4-курс студенттері үшін, МЖМБС 2009, 360 сағаттан құралған –500 тест;

-«Еңбек гигиенасы» пәні бойынша, 5-курс студенттері үшін, МЖМБС 2009, 360 сағаттан құралған –500 тест;

-«Эпидемиология» пәні бойынша, 5-курс студенттері үшін, МЖМБС 2009, 495 сағаттан құралған–500 тест;

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының элективті пәндері бойынша тест тапсырмалары жұмыс бағдарламалары негізінде әзірленді, тесттер көлемі Университеттің «Емтиханды тест әдісімен ұйымдастыру» стандартына сәйкес белгіленді.

Әр тақырып бойынша жоспарланған тест тапсырмаларының деңгейі анықталды, тест тапсырмаларының когнитивтік деңгейлер бойынша арақатынасы білім алушының деңгейімен және пәннің типі (теориялық немесе практикалық курс) бойынша үйлестірілуі қажет, 4.2.-кесте.

Date: 2015-11-13; view: 560; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию