Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте. Баллдық–рейтингілік әріптік жүйенің бағалау критерийлері





Баға Критерийлер
1. «өте жақсы» бағасы “A”(95-100баллға) және “A-”(90-94балға) сәйкес келеді. Аталған баға білім алушы бағдарламалық материалды толық меңгергенде және ешқандай қателіктер жібермей, бақылау және зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, олар бойынша есептерді дер кезінде тапсырған жағдайда, сонымен қатар ерекше ойлау қабілетін көрсеткен, колоквиумдарды дер кезінде жіне ешбір қатесіз тапсырған және үй тапсырмасын орындаған, пәнді оқу кезінде өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарлама материалын өздігінен жүйелендіруді білген жағдайда қойылады.
2. «жақсы» бағасы “B+”(85-89баллға), “B”(80-84баллға), “B-”(75-79баллға) сәйкес келеді.   Аталған баға білім алушы бағдарлама материалын 75% төмен емес бағаға меңгерген және сол уақытта жауап бергенде күрделі қателіктер жібермеген, бақылау және зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, оларды түбегейлі ескертпелерсіз тапсырған, колоквиумдарды дер кезінде тапсырған және үй тапсырмасын түбегейлі ескертпелерсіз орындаған, пәнді оқу кезінде оқытушының айтуы бойынша қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, өрескел емес қателіктер жасаған, және өрескел қателер жасап олапды өздігінен дұрыстаған, бағдарлама материалын оқытушының көмегімен жүйелендіруді білген жағдайда қойылады.
3. «қанағаттанарлық» бағасы “C+”(70-74баллға), “C”(65-69баллға), “C-“(60-64баллға), “D+”(55-69баллға) және “D”(50-54баллға) сәйкес келеді.   Аталған баға білім алушы бағдарлама материалын 50%төмен емес бағаға меңгерген, бақылау, зертханалық жұмыстарды және үй тапсырмасын орындауда оқытушының көмегіне мұқтаж болған, коллоквиум тапсырған уақытта қателіктерге жол берген, оқытушымен көрсетілген оқу әдебиетімен ғана шектелген, бағдарламаны жүйелендіруде қиналған жағдайда қойылады.
4. «қанағаттанарлықсыз» бағасы “F”(0-49баллға) сәйкес келеді. Аталған баға бағдарламамен қарастырылған негізгі материалдарды меңгеру барысында пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауап бергенде өрескел қателерге жол берген, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау формаларында қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған негізгі әдебиетпен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

Білім мен машықтарды бағалау критерийлері:

- баға нақты болу керек;

- емтихан талаптары стандартарға сәйкес болу қажет;

- сұрақтар нақты, анық, қықа болу қажет;

- егер студент дұрыс жауап бермесе, оқытушы сұрақтың шарты бойынша не талап етілгенін түсіндіру қажет;

- баға әділ, адал болу қажет;

- бағалау студент үшін тиімді, пайдалы, орынды болу қажет.

3.2.6. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 6.08.021-2009 ж. ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес бір академиялық кезең барысында студент 720 академиялық сағатты өтуі қажет.

Мамандық бойынша ББ меңгерудің нормативтік ұзақтылығы 5+1 жылды құрайды. (17-қосымшаны қараңыз).

Білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі критерийлері болып бакалаврдың теориялық оқытудың 7200 академиялық сағатынан кем емес 450 акакдемиялық сағаттан кем емес кәсіби тәжірибені игеруі саналады, сонымен қоса, 5580 академиялық сағат міндетті компонент бойынша және 1620 академиялық сағат таңдау компоненті бойынша меңгеруі қажет.

Бір академиялық семестрдің ұзақтығы 15 аптаны құрайды.

Бір академиялық семестр бойы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқитын магистрант магистратура бағдарламасы бойынша 15 кредит жинауы керек. 5.03.015-2009 «ҚР білім беру жүйесі. Оқу және педагогикалық жүктеме» ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес 1 магистрантқа аптасына түсетін жүктеме көлемі 75 сағатты құрайды. Олардың 30 сағаты – аудиториядағы (5 лекция, 10-практикалық сабақтар, 15-СРМП) және 45 сағаты магистранттың өздік жұмысы.

3.2.7. 5 жылдық оқуды аяқтаған, клиникалық тәжірибемен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс жасауды таңдаған түлекке 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесіндегі жоғары медициналық білім туралы диплом беріледі. Медициналық-профилактикалық іс бакалавры келесілерден хабардар болу керек:

- тірі және өлі табиғатта болатын негізгі процестер мен көріністері, табиғатты оқып түсінудің заманауи ғылыми әдістерінің мүмкіндіктері жөнінде;

- кәсіпорындарды және жалпы ұлттық экономиканың дамуын басқару тенденциялары жөнінде;

- Қазақстанның және басқа да мемлекеттердің экономикалық өмірінің әдістері мен құралдары, сыртқы экономикалық қызметі жөнінде;

- Экономикалық заңдар және олардың формалары жөнінде;

- Ғылымның, саясаттың, тарихтың және саяси өмірдің теориялық-әдістемелік негіздері жөнінде;

- Денсаулықты қалыптастыру факторлары, қорғау-икемдеуші процестер, реттеу және өзін өзі қалыпты реттеу, патология жөнінде;

- Денсаулық сақтау және медицинаның байланысы және әлеуметтік саясаттың басқа салаларымен өзара тәуелділігі жөніндегі негізгі мәселелер туралы;

- Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық саясат туралы;

- Кәсіби функцияларын атқару барысында пайда болатын мәселелерді шешу үшін қажетті түсінік деңгейлерінің әдістеру жөнінде.

білу қажет:

- Денсаулық сақтау туралы ҚР заңнамасын, тұрғынддардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын, санитариялық, табиғатты қорғау заңнамасының негіздерін, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерінің құқықтық негіздемелерін;

- Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг және менеджмент әдіснамасын;

- Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетудің принциптерін;

- Тұрғындардың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін бағалау және есепке алу әдіснамасын;

- Қоршаған орта мен азық-түлік өнімдерінің сапасының санитариялық-эпидемиологиялық көрсеткіштерін;

- Тұрғындардың түрлі топтарының дұрыс тамақтануының теориялық және практикалық негіздері және жұқпалы және жұқпайтын табиғат ауруларының алдын алу;

- Жағымсыз өндірістік факторлардың адам организміне әсерінің механизмі және кәсіптік аурулар түрлері және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін;

- Оқу-білім беру процесінің балалар мен жасөсіпірімдер организміне әсерінің механизмін;

- Өмір сүру орта факторларының тұрғындардың денсаулығына әсер ету механизмін;

- Жылдам әрекет ету жағдайларында санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру принциптерін;

- Эпидемиологиялық процестің даму механизмі және заңдылығы, оған табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерін;

- Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың ережелерін;

- келесідей қабілетінің болуы:

Қоғамдық денсаулық сақтаудың және мемлекеттік санитариялық эпидемиялық бақылаудың түрлі деңгейінде басқарушылық шешімдер қабылдау;

Өндірістік және қоршаған орта объектілеріне алдын алу және ағымдағы санитариялық-гигиеналық бақылау жасау;

- кәсіпорында жұмыс орындарының аттестациясын өткізу;

- атмосфералық ауа, жер, су, азық-түліктерді гигиеналық тұрғыдан бағалау;

- балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын және денсаулық жағдайын өмір сүру ортасының оқу-тәрбие беру факторларының әсеріне байланысты бағалау, сауықтыру іс-шараларын әзірлеу және өткізу;

- тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша негізгі іс-шаралар жиынтығын және дозиметриялық бақылау жасау;

-аурухана ішілік инфекциялардың таралуына бақылау жасау;

-эпидемиологиялық процестердің сандық және сапалық сипаттамасын бағалау;

-инфекциялардың тұрғындардың арасында таралу жолдарының потенциалдық қаупін бағалау;

-ошақты эпидемиологиялық тексеру;

-тұрғындардың арасында саламатты өмір салты туралы насихаттау,

- келесідей машықтарының болуы;

- компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, есептік-тіркеу құжаттамасын жүргізу;

- гигиена және эпидемиология салаларында мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау жүргізу;

- бақылау астындағы объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын өткізу;

- балалар мен ересек адамдардың денсаулық жағдайын өмір сүру ортасының санитариялық-гигиеналық жағдайларының әсеріне байланысты бағалау;

- тағамдық және кәсіптік салада пайда болатын ауруларды зерттеу;

- жұқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық зерттеу;

- түрлі апаттық жағдайларда жасалатын жұмыстар;

- ғылыми зерттеулер жүргізу.

Келесідей мәселелерде құзыреттілік таныту:

- республика тұрғындарын санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, радиациялық қауіпсіздік салаларында алдын алу және ағымдағы санитариялық бақылау жүргізу;

- жұқпалы аурулар ошақтарында, табиғи-ошақтық аумақтарда, емдеу-профилактикалық және балаларға арналған мекемелерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарлау және өткізу;

- санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында нормативтік-құқықтық және заңнамалық қызмет көрсету;

- санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен қоғамдық денсаулық сақтаудың интеграциясы;

Университетте кешенді шаралар ұйымдастыру арқылы студенттердің тұлға болып қалыптасуы және тәрбие алуы үшін жағдайлар жасалады:

--«Меdclub» КТК командасы 2009 жылы құрылды;

- «Жайдарма», «Урарту», «Ясмин» би топтары.

-«ДНК», «Джиу-джитсу» вокалдық топтары;

-«Джиу-джитсу» спорт клубы; еркін күрес, тоғызқұмалақ, волейбол (әйелдер, ерлер командасы), баскетбол (әйелдер, ерлер командасы), футбол, үстел теннисі, дзю-до, армрестлинг, шахмат, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, қысқы көп сатылы жарыс;

- ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын «Englishclub» клубы;

- студенттердің ғылыми қоғамы.

Университет студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедраларда студенттердің ғылымның белгілі бір бағыты бойынша жұмыс жүргізетін ғылыми үйірмелері жұмыс істейді.

Сонымен қатар, студенттердің тұлғалық дамуы және тәрбиесі АстМУ АҚ-та білім алудың барлық кезеңінде қалыптасады. Студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жастар ісі жөніндегі деканат кураторлармен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен және заң өкілдерімен бірлесес отырып, студенттермен сөйлесу, кездесулер, кураторлық сағаттар өткізеді.

ЖОО студеттер мен ОПҚ-ның шығармашылық дамуына аса көңіл бөледі. Университет студенттері қаланың жалпы университеттік және қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысты:

- «Бірінші курстарды студенттер қатарына қосу» мерекелік іс-шарасы;

- «Алло, біз таланттарды іздейміз!» шығармашылық байқауы;

- «Екі жұлдыз» байқауы;

- «АстМУ» мисс және мистері» байқауы;

- «Сарыарқа сырсандығы» байқауы;

- «Қазақ ән кеші» шығармашылық кеш;

- «Әнім саған Қазақстан» патриоттық әндер фестивалі;

- ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ұлт болашағы–салауатты жастар» КТК кубыгының фестивалі;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің ректорының КТК кубогының фестивалі;

- ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Жаса, мәнгі Қазақстан» атты әдеби-музыкальық кеші;

- ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған жалпы университеттік салтанатты іс-шара және мерекелік концерт;

- Мемлекет басшысының қатысуымен «Астана-Арена» стадионында өткізілген «Бейбітшілік пен жасампаздық» театрландырылған мереке;

- ҚР Президентінің қатысуымен Қазақ елі монументі жанындағы 22-наурыздағы мерекелік іс-шара;

- «Ұлы Жеңіс Күні» 67 жылдық мерекесін тойлауға орай «Ұлы Жеңіс» ескерткішіне гүл қоюмен мерекелік концерт;

-ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Университеттің студенттері мен ОПҚ-сы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы» мерекелік іс-шарасына қатысты;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу–патриотизм негізі», «Жемқорлықты жастар санасына жолатпау», «Болашаққа жемқорлықсыз қадам», «Әйелдердін темекі тартуы кауіп төндіреді» тақырыптарына дөңгелек үстелге; ҚР «Білім туралы» Заңы аясында Жастарды жұмысқа орналастыру саласында мемлекеттік кепілдіктер, «Әйел баласының темекі шегуінің қауіптілігі»; «Темекі шегу – сән емес»; «Инновациялық әдістер арқылы жағымсыз әрекеттердің алдын-алу жолдары» мәселелері бойынша дөңгелек үстел;

- Қазақстан халқы ассамблеясының XХ сессиясының күн тәртібінде: «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, модернизация»;

- «Парасыз сессия»; «Белсенді және ұзак өмір сүріңіз» акциялары;

- «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлттың негізі» жалпы республикалық акция;

-ҚР ҰҚК кураторымен кездесу;

-«АЛЖИР» отанын сатқандардың әйелдері Ақмола лагері – саяси репрессия тарихы және тоталитаризм мұражайына бару;

-Ректор М.З. Шайдаровтың студенттермен дәстүрлі кездесуі;

-Халықаралық қысқы арнайы олимпиада;

-Студенттік өзін өзі басқару өкілдерінің жиналысы;

Астана қаласының Жастар маслихатының қалалық және аймақтық депутаттарын сайлау;

-ХДП «Нұр Отан» Бірінші реттік Партиялық Ұйымының және жастар маслихатының жиналысы;

-ХАБАР агенттігімен ұйымдастырылған әр түрлі тақырыптар бойынша «Сонымен, солай дейік...» ток-шоуы;

Халықаралық қатысумен студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциялары;

-ҚР-ның Жоғарғы оқу орындарының арасындағы ҚР БҒМ Кубогы ойналатын мини-футболдан жарыс маусымы;

-Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай «Жастар бойында қалыптасқан патриоттық тәрбие мен азаматтық ұстаным деңгейін анықтау» сауалнама жүргізу;

-ҚР Президентінің қатысуымен «Алтын сапа» және «Қазақстан үздік тауары» республикалық көрме-сайысы;

-«Астанадағы Дельфия ойындары» сайысы;

-Университеттің Мұражайының салтанатты ашылу рәсімі;

- Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара;

Жастар ісі бойынша деканат келесі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланысты қызмет етеді және ықпалдасады: «Хабар» ақпараттық агенттігі, Саламатты Өмір Салты орталығы, «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» жастар қанаты, РСД «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Жасыл Ел» республикалық штабы, ЗТБ «Қазақстан Жастар Конгрессі», «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ, Астана қаласының әкімдігі, балаларды әлеуметтік қорғау Департаменті, ҚР-ның Денсаулық стақтау Министрлігі. Университеттегі тәрбие жұмыстарын жетілдіру және оның қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатымен жоғары біліктілігі бар мамандар тартылды. Жастардың дамуына ақшалай қаражат бөлінеді (2012, 2013, 2014жж. қаржылық – шаруашылық жоспарда қарастырылған сомаға сәйкес).

Ынталандыру принциптері енгізіледі: студенттердің оқу, ғылым, шығармашылық, спорттық, қоғамдық және басқа да қызметтер түрінде жетістіктері үшін моральдық және материалдық мадақтау: холлдағы және ЖОО сайтындағы құрмет тақтасы, грамоталар, мадақтау қағазы, алғыс, Бурабай қаласындағы демалыс және сауықтандыру орталықтарындағы жазғы демалыс; ЖОО арасындағы, республикалық, халықаралық әлеуметтік және ғылыми-практикалық конференцияларда табыстау; бағалы сыйлықтармен марапаттау және т.б.

«АстМУ» АҚ-тың оқудан тыс қызметін дамытудың стратегиялық жоспары келесі ішкі құжаттарды есепке ала отырып әзірленді:

-«АстМУ» АҚ-тың 2011-2015жж. арналған тәрбие беру жұмысы және жастар саясаты бағдарламасының жоспары;

-Жастар ісі жөніндегі деканаттың тәрбие беру жұмысы бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары (есебі);

-Бакалавриат бойынша деканаттардың іс-шаралар жоспары (есебі);

-Өзін-өзі басқару бойынша студенттер кеңесінің іс- шаралар жоспары (есебі);

-Спорттық клубтың жұмыс жоспары;

-«Жүрек шақыруы бойынша» ерікті адамдар қозғалысының жұмыс жоспары;

-Кураторлардың жұмыс жоспары;

-Кафедралардың жұмыс жоспары;

-Студенттердің зерттеу үйірмесінің жұмыс жоспары;

-Білім алушылар үшін ішкі тәртіптер ережесі;

-«АстМУ» АҚ-тың саламатты өмір салты бойынша жұмыс жоспары;

-Психологиялық көмек көрсету қызметінің жұмыс жоспары;

-Жоғарыда айтылған бөлімшелер туралы ережелер;

3.2.8. Эксперименттік түрде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының студенттеріне пәнаралық интеграциямен модульді оқу жүйесі енгізіледі. Сабақ өткізетін кафедраларда дәстүрлі оқыту әдістерімен қоса инновациялық тәсілдер де қоланылады: PBL,CBL,TBL, рөлдік ойындар, дәріс-конференциялар және т.б.

Оқушылар контингенті негізінде университеттің оқу процесін жоспалау бөлімшесімен оқу жылынан бастап мамандықтар бойынша кафедраларының оқу жүктемелері құрылады, ОПҚ үшін штаттық жүктеме анықталады. Штаттық кесте, оқу жүктемесі ЖОО Ғылыми Кеңесінде бекітіледі, оның негізінде студенттер мен оқытушылар арасындағы қатынас есебі жүргізіледі.

3.2.9. ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Ерекшеліктер лабораториялық сабақтар және де физикалық тәрбие сабақтары болып табылады, оларда академиялық сағат 100 минутқа тең.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75, 100 минут бола алады, сондықтан оқушылардың аудиториялық жұмыстың академиялық сағаты оқушының өзіндік жұмыстың сәйкес сағатымен толықтырылады.

3.2.10. Аудиториялық және аудиториядан тыс жүктемелер академиялық сағаттары қарастырылады. Аудиториялық жүктемеге дәріс және практикалық (семинар, лабораториялық және т.б.) сабақтар енеді және жалпы оқу жүктемесінің 2/3 бөлігін қамтиды.

Осылайша, бір кредитке студенттің аптадағы жалпы оқу жүктемесі бір семестр түрінде академиялық периодқа созылады және бакалавриат үшін 3 сағатқа тең, 4 және 5 сағат сәйкесінше профильді және ғылыми-педагогикалық магистратурада және докторантурада 7 сағатқа тең, және практика (оқу практикасынан бөлек) оқушының қосымша жұмысының оқу сағатының сәйкес санымен тіркеледі: 4 сағат өндірістік және 7 сағат зерттеу практикасы үшін; оқушының (магистрант, докторант) ғылыми-зерттеу жұмыстары магистрлік немесе докторлық диссертацияны орындауды қосады, ол СӨЖ-дің 7 сағатымен қоса келеді; оқушының қорытынды аттестациясы оқушының оқытушымен түйіскен жұмыс сағаты ретінде өтеді және мемлекеттік емтиханға (комплексті емтиханға) дайындалу және тапсыруға дайындалады, оқушының қорытында аттестациясының академиялық сағатымен СӨЖ 6 сағатымен қоса келеді.

Практикалардың ұзақтылығы білім алушының аптасына практиканы өту нормативтік уақытына сәйкес 30 сағатқа тең (5 күндік апта жұмысында 6 сағат). Қорытында аттестацияның бір кредитіне 105 (105х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалу және тапсыруға 2 апта беріледі.

Оқу жылы жыл сайын 1 қыркүйектен басталады.

Бір оқу жылы шегінде оқу процессін ұйымдастыру академиялық күнтізбе негізінде ұйымдастырылады, ол Ғылыми кеңес шешімі негізінде білім беру ісі бойынша проректормен бекітіледі.

Жеке білім беру траекторясын және оқытушыларды тандауды қамтамасыз ету мақсатында оқу сабақтарының кестесі оқу пәндері мен оқытушылар бойынша құрылады.

3.2.11. Оқушылардың өзіндік жұмыс көлемі бір пән бойынша барлық бөлінген академиялық сағаттын 1/3 бөлігін қамтиды және сабақтан тыс уақытта орындалады.

Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді – СӨЖ және ОСӨЖ. ОСӨЖ – студенттің оқытушымен өткізетін аудиториялық жұмысы, ол сабақтардың кестесінде міндетті түрде көрсетілуі керек. ОСӨЖ сағаттарына үй жұмыстарын, рефераттарды, семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептепді және тапсырмалардың басқа түрлерін орындауда кеңес беру кіреді. СӨЖ – аудиториядан тыс жұмыс, студент оны өз бетімен орындайды, ол оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіледі. Ол тест, бақылау жұмысы, колоквиум және білімді тексеру құралдары арқылы бақыланып отырады.

3.2.12. « АстМУ» АҚ-ға «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттерді қабылдау ҚР «Білім туралы заңына», ҚР Үкіметінің 19 қантар 2012 жылдың №111 «Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тектік ережелері» қаулысы және 19 сәуір 2012 жылдың №487 «ҚР Үкіметінің 19 қантар 2012 жылдың №111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес келеді. Қабылдау комиссиясының жұмысы «АстМУ» АҚ қабылдау комиссиясының жұмысы туралы ережемен реттемеленген. «АстМУ» АҚ қабылдау саясаты және процедурасы анық болып табылады, ЖОО миссиясы мен мақсаттарымен келісімді, ресми жарияланған және барлық болашақ студенттерге қолжетімді («Казахстанская правда» газеті, «Абитуриент-2013» буклеті және т.б.).

Кәсіптік бағдар беру, қабылдау саясаты, студенттерді қабылдау сұрақтарымен кәсіптік бағдар жұмысы және студенттер мониторингі (құрамына қабылдау комиссиясыы да кіреді) бөлімшесі айналысады, бұл құрылымдық бөлімше жыл бойы түрлі іс-шараларды өткізеді: кәсіби ориентациялық жұмыс ұйымдастыру, масс-медиа, билбордтар, қоғамдық көліктегі мониторлар және ЖОО сайты арқылы АстМУ АҚ қабылдау шартын турады дарнамалық акциялар ұйымдастыру, буклет шығару, ашық есіктер күнін өткізу, республикалық және халықаралық «XXI ғасыр білім беруі мен мансап» жәрмеңке мен көрмелерге қатысу.

Студенттер контингентін құру мамандарды даярлауға мемлекеттік тапрысырыс еру арлықы жүзеге асырылады, сондай-ақ өзінің жеке қаражаты есебінен азамматтардың оқуын қарастырады.

3.3. Кесте. 1-курсқа мемлекеттік грант бойынша қабылданған абитуриенттер саны

Оқу жылы 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014
  Қаз.т. Орыс т. Қаз.т. Орыс т. Қаз.т. Орыс т. Қаз.т Орыс т.
Медициналық-профилактикалық іс                
барлығы        

 

3.4. Кесте. 1-курсқа ақылы негізде қабылданған абитуриенттер саны

Оқу жылы 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014
  Қаз.т. Қаз.т Қаз.т Қаз.т Қаз.т Қаз.т Қаз.т Орыс т.
Медициналық-профилактикалық іс                
барлығы        

 

Білім беру гранты ҚР азаматтарымен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ басқа мемлекет азаматтары болып саналатын қазақ ұлтының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікістан Республикасы және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.

Басқа шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ЖОО-ға ҚР заңнамасында, ҚР ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда көрсетілген тәртіппен қабылданады.

«АстМУ» АҚ-қа азаматтарды қабылдау Бірыңғай ұлттық тест (бұдан әрі - БҰТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Оқу орнына оқуға қабылдау кезінде ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 «Техникалық және кәсіби, орта білім беруден кейінгі және жоғары білім беруде кәсіби білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың квота мөлшерін бекіту туралы» бекітілген қаулысымен қабылдау квотасы бекітіледі.

Мемлекеттік деңгейде «Алтын белгі» иегерлері, үздік аттестаттары бар азаматтар, «биология» пәні бойынша халықаралық олимпиада және ғылыми сайыстар жүлдегерлері, әлеуметтік қорғалмаған санаттардың құқығы басым болады.

Студенттерді қабылдау саясатын қайта қарау кезінде барлық мүдделі тараптардың пікірі есепке алынады, оныңы ішінде жұмыс берушілер мен төменгі курс студенттері бар. Барлық жоғарыда айтылғандар әлеуметтік міндеттерге және тұрғындардың денсаулығын қорғау саласында талаптарға сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Өз саясатының нәтижелерін бағалау үшін комиссия студенттердің келешектегі академиялық жетістіктерінің сараптамасын өткізеді. Қабылдау комиссиясының қызметкерлері емтихан сессиясының, ИГА-ның нәтижелерінің мониторингіне қатысады.

Қызметкерлер контингентін тарту, жинау және сақтау мақсатында «АстМУ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді, онда сәйкес бөлімдер мен кафедралардың қызметкерлері абитуриенттерге кеңестер береді.

3.2.13. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының түлегі мемлекет және әлімдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгеріп жатқан жағдайларына бейімделе білуі қажет, оқуды өмір бойы жалғастыру, қоғам дамуына өз үлесін қосуы керек.

Жоғарыда айтылған студенттер үлгерімін бақылау түрлері пән бойынша білім алушының құзыреттілік пен біліктілік талаптарын игеруін толығымен көрсетеді, бұл білім беру бағдарламасының миссиясы және мақсатымен үздіксіз байланысты.

3.2.14. Студенттердің оларды бағалау критерийлері туралы ақпаратпен қамтамасыз етілуі түрлі жолдармен іске асады: университет сайты, кафедралар, ақпараттық тақта, анықтамалық-кітапша, қайтарымды және қайтарымсыз білім беру қызметін атқару келісімінде, старосталардың отырысында, деканат, оқу процессін жоспарлау бөлімшесі арқылы, офис-тіркеулер бөлімшесі, ОӘО, ақпараттық стенд және т.б. Білім алушының білімін бағалау критериі оқу пәндерінің силлабусында да көрсетілген. Оқу пәндерінің қорытынды бақылау формалары ҚР МЖМБС және ТОЖ-ға сәйкес келеді, жыл сайын кафедралар отырысында талқыланады және қабылданады. Емтихан сессиясының кестесі оқу процесін жоспарлау бөлімшесімен құрылады және студенттерді электрондық құралдар, терминал және ақпараттық стенд арқылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Жыл сайын арнайы оқытылған «Тестология және тест тапсырмаларын құрастыру негіздері» профессорлік-оқытушылық құрамымен ЖОО кафедраларында «Медициналық-профилактикалық іс» маманыдығының пәндері бойынша жаңа тестілер құрастырылады, содан кейін университет сарапшыларымен қатаң тексерістен өтеді, тексерісте айтылған ескертулерді өндеген соң, олар ОӘК отырысында бекітіледі. Бірнеше жылда әрбір пән бойынша тест банкі қалыптасты және ол жыл сайын 25%-ға жаңартылып отырады.

Білім алушылардың үлгерімін бағалау оқытушылармен балдық-рейтингілік әріптік жүйеге сәйкес 100 балдық межелікте өткізіледі. Білім алушылардың үлгерімін күнделікті бақылау оқу пәндерінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы білімді бақылауды қамтиды. Пәннің ерекшелігін есепке ала отырып, кафедралар күнделікті бақылауды бағалаудың түрлі формаларын әзірлейді, олар силлабуста жазылады. Үлгерімді күнделікті бақылаудың соңғы нәтижесі бүкіл академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі.

Пән бойынша қорытынды бақылау (аралық аттестация) мамандықтың жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан формасы түрінде жүргізіледі. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру формасы ретінде қызмет атқарады. Қорытынды мемлекеттік аттестацияға жұмыс және жеке оқу жоспарына және жұмыс оқу бағдарлама талаптарына сәйкес теориялық және практикалық курсты толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

Емтиханға жіберу үлгерімді күнделікті бақылау бағаларының негізінде жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша нақты пәндер бойынша жіберу рейтингін бағалау анықталады. Осы пән бойынша жіберу рейтингісінің жақсы бағасына ие болмаған студент, қорытынды бақылауға жіберілмейді. Жеке жағдайларда (науқастану, отбасы жағдайларына байланысты) декан емтиханды жеке график бойынша тапсыруға рұқсат береді. Емтихан сессиясы кезеңінде (аралық аттестация) апелляцияға түсетін пәндер бойынша бейіні бар оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады. Емтихандар тестілік және ауызша формада қабылданады.

Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің формасы мен тәртібі университет ОӘК-пен оқу жылының басында белгіленеді. Аралық аттестацияны өткізу кезінде емтиханда алынған баға және академиялық кезеңде үлгерімді күнделікті бақылауды бағалаудың орта балы есепке алынады. Емтиханды аяқтағаннан кейін әрбір пән бойынша білім алушыға қорытынды баға қойылады. Емтихан ведомосі офис тіркеуші бөліміне беріледі, ол оқытудың барлық кезеңінде барлық білім алушылар бойынша кредиттер санын жинақтау және есепке алумен айналысады. Содан кейін құрама ведомосі деканатқа беріледі. Қортынды бақылау бойынша емтиханды қайта тапсыру аралық аттетацияның осы кезеңінде рұқсат етілмейді.

3.2.15. Студенттердің білімі кафедралар, Факультет Кеңесі, ОӘС және ЖОО Ғылыми Кеңес отырыстарында талқылау пәні болып табылатын ағымдағы, шектік, қорытынды бақылау нәтижелерімен бағаланады.

Ағымдағы, шектік бақылау нәтижелері академиялық топтардың педагогикалық журналында (сонымен қатар электрондық), кафедралық журналдарда, емтихандық тізімдемеде (электрондық) жазылады. Қорытында аттестация нәтижелері МАК материалдарында, кафедралар және МАК төрағасының есептерінде көрсетіледі. Қорытындысы бойынша талдау жүргізіледі және сәйкес қорытындылар шығарылады, оқушылардың білім сапасын жетілдіретін іс-шаралар өткізіледі, сабақ берудің жаңа тәсілдері енгізіледі.

Білім алушылардың «МПІ» мамандығы бойынша жобалар мен дипломдық жұмысты қорғауы қарастырылмаған.

3.2.16. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер белсенді жұмыс жасайды. Үйірмелер отырысы кафедралар жоспарына сәйкес өткізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық курс студенттері (1-5) тартылады. Ең үздік жұмыстар «АстМУ» АҚ және басқа да шетел ЖОО студенттері мен жас ғалымдар жыл сайын өтетін ғылыми конференцияға қатысуға тапсырыс береді. Сонымен қатар біздің түлектер «Жылдың ең үздік интерні» сайысына қатысады.

3.2.17. 6.08.021-2009 ҚР МЖМБС-ке сәйкес түлек ең азы 10 кредитті немесе кәсіптік практиканың 450 академиялық сағатын меңгеруі қажет.

Практиканы өтудің нұсқауы және бақылау жоғары оқу орны тарапынан, сондай-ақ практика базасының тарапынан жүргізіледі.

Есептік құжаттаманы бақылау, ұйымдастыру, өткізу, келісімшарттарға қол қою жұмыстарын практика бөлімінің арнайы құрылымдық бөлімшесімен жүргізіледі, оның қызметкерлері кафедра оқытушыларымен тығыз байланыста қызмет атқарады.

«МПІ» мамандығы бойынша келесі өндірістік практика түрлерін өту қарастырылған:

2-семестр – ғылыми немесе оқу зертханасы базасында лаборант көмекшісі ретінде оқу практикасын өту (15 сағат);

4-семестр – микробиологиялық зертхана лаборанты ретінде оқу-өндірістік практикадан өту;

6-семестр – радиациялық гигиена маманы ретінде оқу-өндірістік практика өту (30 сағат);

- 8-семестр – коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы маманы ретінде өндірістік практика өту (225 сағат);

- 10-семестр – еңбек гииенасы, эпидемиология маманы ретінде өндірістік практика өту (150 сағат).

Практика өту барысында студенттер практика бойынша күнделік жүргізеді. Практиканы аяқтағаннан кейін студенттер тиісті бағасын алады. Практика бөлімі бейіндеуші кафедалармен бірлесіп, практика бойынша есептерді қарастырады.

3.2.18. «АстМУ» АҚ-тың негізгі мақсаты ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде тұлғаның жетілуі және кәсіби маман аталуына бағытталған жоғары кәсіптік білім, ЖОО-дан кейінгі кәсіптік білім беруге жағдай жасау.

ҚР МЖМБС сәйкес студенттерге болашақ білім алу жолында тандау беріледі. Өздігінен білім алу машықтары оқудың басында қалыптасады, өйткені қазіргі білім беру бағдарламасы таңдау бойынша компоненттерден элективті пәндерді, білім алу траекториясын, аудиториядан тыс өздік жұмыс кезінде, практикалық сабақ кезінде дербестікті кең көлемде қажет етеді.

Арнайы біліктіліктің жетілдірілуі практикалық және клиникалық машықтарды игеруге, белгілі бір процедуралар өткізе білуге, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға, басқарушылық машықтардың қалыптасуына, саламатты өмір салтын құру туралы насихат жұмыстарын жүргізуге, коммуникативтік қабілеттің болуына және ақпаратты өңдеу машықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Соңғы кезде жұмыс берушілердің пікірін есепке ала отырып, білім беру бағдарламалары нақты салаға бағытталған қосымша кәсіптік машықтар мен біліктілікті игеруге мүмкіндік беретін элективті пәндер шеңберінде құрылады.

3.2.19. Топтарды қалыптастырғаннан кейін оқушыларда бірыңғай, бірлескен рух пайда болады. Оқушылардың топта жұмыс істеу қабілеті практикалық сабақтарда (сабақтардың интерактивті түрлері үлкен және кіші топтарда, командада жұмыс істеуін қарастырады), ОӨП кезінде (студенттердің бір бірімен, оқытушы және науқастармен біріккен үйлескен жұмысын қарастырады), ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу кезінде (кафедраларда ғылыми үйірмелер ұйымдастырылады, оларға кез келген курс студенттері қатыса алады), сабақтан тыс шараларда (республикалық, қалалық, университеттік) дарытылады және жетілдіріледі.

Кез келген білім беру бағдарламасының және оған кіретін пәндердің мақсаты тек білімді, қабілет мен машықтарды дарыту емес, сонымен қатар, студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық әлеуетінің және әлеуметтік біліктілігінің кеңеюіне жағдай жасау.

Коммуникативтік машықтар әріптестермен және тапсырыс берушілермен тиімді және қақтығыссыз қарым қатынас жасауға ықпал ететін білім алушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады; тиімді қарым қатынас жасауға кедергі болатын тосқауылдарды анықтау және мәселелерді шешу; пациенттердің/тапсырыс берушілердің психологиялық типін анықтау және маман мен қызметтерді пайдаланушы арасында өзара қарым қатынас жасаудың тиімді әдістерін қолдану.

Студенттердің командада жұмыс жасау шеберлігі келесіні білдіреді:

-кәсіптік қарым қатынас жасау және мәдениетаралық коммуникация;

-ораторлық өнер, өз ойын ауызща және жазбаша формада дұрыс және логикалы ресімдеу;

-күнделікті кәсіптік қызметте және магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруда қажетті білімді жетілдіру және тереңдету;

-әлеуметтік мәні бар проблемалар мен процестерді ғылыми талдау;

- практикалық қызметте психология және педагогика бойынша білімін пайдалану;

- кәсіптік қызмет саласында пәнаралық, сектораралық кешенді проблемаларды шешу;

- өзінің әрі қарай кәсіптік даму процесін жобалау.

Жоғарыда аталған шеберліктер «Психология негіздері», «Ұйымдастырушылық мінез-құлық», «Құқықтық негіздер» базалық пәндерін өту кезінде нығайтыла түседі.

3.2.20. Сауалнама кері байланыс орнату, мүдделі жақтардың қажеттіліктерін айқындау, білім беру процестерінің сапасын зерттеу, ЖОО-ның барлық салаларын дамыту және жетілдіру мақсатында жүргізіледі. (10-12-қосымша). Сауалнама процедурасы барлық оқу кезеңінде жүйелі түрде өткізіледі, ОПҚ, студенттердің, түлектердің, студенттердің ата-аналарының, жұмыс берушілердің арасында сауалнама жүргізу. Сауалнама респондент категориясына байланысты әр түрлі жоспарда болуы мүмкін. Мысалы, Университет студенттерінің арасында сауалнама жүргізу кезінде студенттердің білім алуының және өмір сүруінің барлық қырларын қамтиды:

- студенттер үшін әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін жағымды психологиялық орта құрылды ма;

- Университетте білім беру жағдайына I курс студентерінің көңіл толушылығы;

-мамандық бойынша кеңейтілген элективті пәндер каталогімен қанағаттанушылығы;

-эдвайзерлер кеңестік қызмет ұйымын қалай бағалайсыз?

Студенттерге жеке оқу траекториясын анықтау және эдвайзермен білім беру бағдарламасын меңгеру элективті пәндер тандау кезінде және жеке оқу жоспарын құру барысында консультациялық көмек беру арқылы жүзеге асырылады;

- студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған студенттерге (18 жасқа жейінгі жетімдер) төлемақыларды қамтамасыз ету және оның көлемін арттыру;

-Университет өткізетін әлеуметтік саясатпен қанағаттану;

-қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысумен қанағаттану. Университеттік, қалалық және республикалық ауқымда жалпы мәдени іс-шараларға қатысуға 50%-дан астам студенттер тартылады;

- студенттердің аудиториялардың жабдықталуымен, оқулықтар, оқу құралдар санымен қанағаттануышылығы;

-студенттердің бос уақытын ұйымдастыруда компьютерлік технологияларды қолдану мүмкіндігінің болуы;

-кестеге көңілі толушылығы;

-оқушылар мен Университет арасындағы өзара қарым-қатынас (Жарғымен, бірлескен мәдениет және этика Кодексімен және білім беру қызметін көрсету туралы келісіммен реттеледі);

-оқушылардың үлгерімін бағалаудағы рейтингілік бағалау жүйесін жетілдіру (5-балдық жүйеден 100-балдық жүйеге өту);

-оқушылардың Университет асханасындағы өнім мен қызмет көрсету сапасына көңіл толушылығы (тағам түрлері, бағалар деңгейі, қызмет көрсету сапасы, дайын өнімдер сапасы, үлестің нормаға сәйкестігі, асхананың жабдықталуы, санитариялық-гигиеналық шарттар).

 

Date: 2015-11-13; view: 1223; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию