Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диаграмма. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ОПҚ-ның ғылыми дәрежелілігі





5.2.2. Университеттің негізгі тұтынушыларының бірі және басты ресурстарының бірі – оқытушы-профессорлар құрамы. Университеттің кадр саясаты кафедралардың сандық және сапалық құрамын жоғарылатуға бағытталған.

Университет кафедра қызметкерлерінің кәсіптік дамуы, біліктілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін көтеру, ғылыми зерттеулерінің санын арттыру үшін курстар, семинарлар, мастер-кластар, тренингілер, конференциялар, форумдар ұйымдастыру арқылы үнемі іс-шаралар өткізіп тұрады.

Кафедралар жыл сайын оқу жылының басында барлық пәндер бойынша білікті оқытушылар резервіне қосу үшін үміткерлер туралы ақпарат жібереді. Мұндай саясат кафедраларды және құрылымдық бөлімшелерді сапалы кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Бұл резерв вакансиядағы бос лауазымдық орынға, кафедра меңгерушісінің, профессордың, доценттің және т.б. міндетін атқарушыны іздегенде көмектеседі (13-Қосымша).

Доцент, профессордың (бірінші рет) лауазымдарының орнына жұмысқа алғанда үміткерлердің қысқа мерзімде доцент, қауымдастырылған професор, профессор ғылыми атағын алу мүмкіндіктері мен перспективаларына ерекше көңіл бөлінеді.

5.2.3. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқытушылар – оқу процесінің басты ресурсы, білім беру процесі шеңберінде білім, машық, іскерліктерді тиімді үйрету мақсатында толық білімдері бар, оқытылатын пәннің спецификасын түсінеді, студенттермен жұмыстың көп тәжірибесін игерген мамандар. (5-9-қосымша)

Жоспарланған педагогикалық қызметке сәйкес базалық білімнің, ғылыми-педагогикалық өтілдің, ғылыми атақтың, ғылыми дәреженің болуы міндетті, бұл талаптардың бәрі лауазымдық нұсқаулықтарда көрініс табады. Конкурстық комиссия үміткерді жұмысқа іріктегенде кандидаттың жеке қасиеттерін, оған ұжымның берген бағасын, өзін өзі бағалауы, ғылыми жұмысты, жас мамандармен жұмысын, біліктілік арттыруды, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалған оқу-әдістемелік әдебиеттерін ескереді.

Доцент, профессордың (бірінші рет) лауазымдарының орнына жұмысқа алғанда үміткерлердің қысқа мерзімде доцент, қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атағын алу мүмкіндіктері мен перспективаларына ерекше көңіл бөлінеді.

Кафедралар оқытушылары үшін ерекшелік – үміткерлерден сертификаттарды, дәрігерлік біліктілік санаттарын және ҚР Еңбек кодексі мен лауазымдық нұсқаулық талаптарын орындау үшін өзге де ережелерді талап ету.

Университеттің кадр саясаты төмендегі құжаттарда көрсетілген:

- «Астана медицина университеті» АҚ-тың Ішкі еңбек тәртібі ережесі» (Е-АстМУ-02/01-11, 04.05.2011ж.);

- «Басшылықтың міндеттерін бөлу»;

- «Құрылымдық бөлімшелердің ережесін құру туралы ереже» (Е- АстМУ -02-12, 09.04.12ж.);

- «Лауазымдық нұсқаулықтарды құру туралы ереже» (Е-АстМУ-01-12, 07.05.12ж.);

- «Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары», «Персоналды басқару» процестер картасы (ПК- АстМУ-ПП-16-12, 19.06.12ж.);

- «Корпоративтік мәдениет және этика кодексі» (28.09.12ж.).

5.2.4. ОПҚ-ның ықпалы мен жауапкершілігі ҚР медициналық ЖОО-ларының Оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген «ҚР медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларында оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы» №2 нұсқаухатқа (Астана, 2004) сәйкес дайындалған оқу-әдістемелік құжаттамада көрініс табады. Аталған нұсқаухатта мамандықтың барлық пәндерінің жұмыс оқу жоспарлары, оқытушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сонымен қатар мамандық пәндері бойынша СӨЖ-ге әдістемелік ұсынымдар бар.

ПОӘК мыналардың негізінде әзірленеді:

- мамандық бойынша ҚР МЖМБС мазмұны;

- бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары;

- жұмыс оқу бағдарламалары;

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар» Университет стандарты УС-АстМУ-16-13 (Университтет Басқармасының 02.05.2013 ж., №16 шешімімен бекітілген.).

Студенттің ақпараттық пакетіне студенттің оқу-әдістемелік кешені кіреді (СОӘК), ал 2012-2013 оқу жылынан бастап Портфолио және анықтамалық-жол көрсеткіш те кіреді. СОӘК-ке студенттің жеке оқу жоспары, элективті пәндер каталогі, силлабустер, дәріс сабақтарына, практикалық сабақтарға әдістемелік ұсынымдар, СӨЖ тақырыптық жоспары, бақылау-өлшеу құралдары кіреді. Анықтамалық-жол көрсеткіштің құрылымы №6 НХ бойынша жасалған. Портфолио Студенттің ЖОО-да оқу кезіндегі жеке жетістіктерінің деңгейі (теориялық білімі және практикалық машықтары) туралы мәлімет береді.

Кафедралардың бекітілген және оқу-әдістемелік әдебиетті шығару жоспарына сәйкес оқытушылар ОӘӘ дәстүрлі қағазға басылған нұсқасын және электрондық тасымалдағыштағы нұсқасын әзірлеуде.

ОӘӘ негізгі түрлері:

- оқулық;

- оқу құралы;

- оқу-әдістемелік құрал;

- оқу көрнекі құралы;

- оқу комплекті;

- оқу-әдістемелік кешен;

- терминологиялық сөздік;

- тестілер жинағы.

Оқу-әдістемелік әдебиетті баспадан шығарғанда ҚР медициналық жоғары оқу орындарында оқу әдебиетін дайындауды ұйымдастыру және баспадан шығару ережесін басшылыққа алады. Барлық оқу-әдістемелік әдебиет кафедра отырысында қаралады, ғылыми дәрежесі бар, осы саланың кем дегенде 2 білікті маманы рецензия береді. Бір рецензенттің ғылымдар докторы ғылыми дәрежесі болуы және бір рецензент Университеттің ОӘК мүшесі болуы керек. Мемлекеттік тілде орындалған жұмыстарға мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімі (немесе терминологиялық комиссия) рецензия береді. Рецензиялар алынған соң «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары жөніндегі комитет отырысында қаралады. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі.

Бағалау, талдау, үнемі жетілдіру процестерін дамытуға қатысу оқытушылардың лауазымдық нұсқаулықтарында да реттелген. Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес оқытушы функциясына мыналар жатады:

- Кафедраның пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- оқу процесін кафедра бейіні бойынша оқу-әдістемелік және ұйымдық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

- оқу және өндірістік практикаларды өткізу;

- кафедра жұмысының жоспарын және оқытушылардың жеке жоспарларын әзірлеу;

- сабақ өткізгенде оқытудың қазіргі техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асыру және оларды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

-оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысына, диссертацияларына жетекшілік ету;

- кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу;

-жариялануға дайын тұрған диссертациялық жұмыстарды, ғылыми мақалаларды, монографияларды, оқу құралдарын бағалау;

- профессор, доцент, өзге де ғылыми атақтарға ұсыну бойынша үміткерлерді талқылауға қатысу;

- озық оқытушылардың жұмыс тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату;

- жас оқытушыларға педагогикалық шеберлікті үйрету, көмек көрсету;

- кафедра қызметкерлерімен және студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы жүйесін жүзеге асыру, студенттер мен қызметкерлердің бос уақытын мен демалысын ұйымдастыруға қатысу.

Оқыту тиімділігін жоғарылату үшін оқытушылар оқытудың инновациялық әдістерін енгізеді.

2012 жылғы 12 наурыздан Университетте «Жаңа білім беру технологияларын енгізу» атты стандарт УС-АстМУ-14-12 әзірленді және енгізілді.

Өткен кезеңде жаңа білім беру технологияларының 9 енгізілімі тіркелді. 5.1-кесте.

Date: 2015-11-13; view: 734; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию