Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар





Дөңгелек түпті колбалар (13-сурет) – органикалық және бейорганикалық синтездерде, сонымен қатар кейбір зерттеу жұмыстарында қолданады. Тегіс табанды колбаларға байланысты айтылғандар дөңес табанды колбаларға да байланысты.Бұндай колбалар әртүрлі көлемді бір, екі, үш және төрт мойынды болып келеді. Бірнеше мойынды колбалардың әрқайсысының өзінің қызметі болады. Мысалы, бір мойнына термометр, екіншісіне – бөлгіш құйғыш орналастырады, ал үшіншісін мұздатқышпен байланыстырады және т.с.с. қызметтер атқарады.

13- сурет. Дөңгелек түпті колбалар

 

Дистилдеуге арналған колбалар. Сұйықтарды айдау үшін арнайы, мысалы Вюрц, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалары қолданады. Осылардың ішінде кең тараған түрі Вюрц колбасы (14,а сурет). Ұзын мойнынан, жіңішке және ұзын түтігі жалғасқан, дөңгелек түпті колба.Сның сыйымдылығы 250-300мл болады.

Клайзен колбасы(14,ә сурет)Вюрц колбасынан айырмашылығы мойыны екі түтікшемен жалғасып, оның екіншісінде сәл бүгілген түтікшесі тағы бар. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданады.

Арбузов колбасы(14,б сурет)- Клайзен колбасының жетілген түрі. Бұндай колбалар үлкен дефлегмациялық қасиетке ие. Арбузов колбасының сыйымдылығы әдетте 20-дан 1000 мл-ге дейін болады.

 

а) ә) б) 14-сурет. Вакуум-айдауға арналған колбалар: а – Вюрц; ә - Клайзен; б – Арбузов  

 

Эксикаторлар (15-сурет)- қалың қабырғалы шыныдан жасалған ыдыс. Эксикатор арнайы шыны қақпағымен жабылған.

Эксикаторларды баяу кептіру үшін және ылғалды жеңіл сіңіретін заттарды сақтау үшін арналады.Олардың төменгі бөлігін арнайы ылғал сіңіргіш заттармен толықтырады, мысалы, хлорлы кальцимен, алюминидің сусыз тотығымен және т.б.

Эксикаторлардың негізгі екі түрін көрсетеді: қарапайым және вакуум-эксикатор. Вакуум-эксикаторлар арнайы шүмекпен байланысқан, шүмек ыдыстың жанында немесе қақпағында болады. Осы шүмек арқылы оны вакуум сорғышпен байланыстырады.

Эксикаторды ашу үшін қақпақты жанына қарай жылжыту керек, бірақ жоғарыға көтеруге болмайды. Оны басқа жерге тасымалдауда қақпағымен ұстап тасымалдаған жөн. Эксикаторды ашық қалдыыруға болмайды, өйткені ішіндегі ылғал сіңіргіш заттар ауа құрамындағы ылғлмен қанығуы мүмкін.

Эксикаторлар пішінімен ерекшеленеді. Эксикатор ішіндегі ылғал сіңіргіш зат үстіне фарфор жасағын орнатады. Оның үстіне зат салынған тигельдерді, бюкстерді және басқа ыдыстарды қояды.

а) ә)

 

15-сурет. Эксикаторлар:

а) қарапайым; ә) вакуум-эксикатор

 

Хлоркальцилі түтікшелерді (16 - сурет)түрлі қоспа, құймалрды ылғалдан, шаңнан сақтау үшін қолданады. Суды сіңіруден сақтандыру үшін хлоркальцилі түтңкшені хлорлы кальцимен немесе ангидридпен толтырады.

Қарапайым хлоркальцилі түтікшені толтыру үшін (17-сурет), алдымен шар тәрізді бөлігіне таза мақтаны салады, шардың жартысын толтыру керек. Сосын сіңіргіш затты салады, кесектің көлемі бұршақтайболуы тиіс, ірі кесектерді қолданбаған жөн. Осының үстінен жұқа қабаттап мақтаны салады ды, шағын шыны түтікшесі бар тығынмен жабады.

Түтікшені толтыратын мақтаны да, сіңіргіш нәрсені де қатты тығыздауға болмайды. Хлоркальцилі түтікті ыдысқа резеңке түтікше арқылы жалғайды. Түтікшені толтыру үшін тек жаңа дайындалған хлорлы кальциді қолданады. Қолданылуына байланысты жарты жылда бір ауыстырып тұру қажет.

16-сурет. Хлоркальцилі түтікшелер 17-сурет. Дайын күйіндегі

 

Вульф ыдыстары (18,а сурет) )(екі немесе үш мойынды) газдарды шаю үшін қолданады. Бұл ыдыстарды сонымен қатар газ тәрізді өнімдерді алуда реакциялық ыдыс ретінде және су ағынында жұмыс істейтін ыдыстарда сақтандырғыш ретінде қолданады. Үлкен көлемді Вульф ыдыстарын титрленген ерітінділерді сақтау үшін де қолданады.

Дрексель ыдыстары(18,ә сурет)Шыны тығынымен бекітілген шыны ыдыс. Осы тығын арқылы ыдыстың түбіне дейін жалғасқан түтікше бар. Газдарды шаю үшін қолданады.

Тищенко ыдыстары (18,б сурет)Вудьф ыдыстарынан айырмашылығы сол, олардың іші бір-бірімен қатынасатын екі бөлікке бөлінген.

Тищенко ыдыстарының сұйықтарға және қатты заттарға арналған екі түрі бар.

Тищенко ыдыстарын газдарды шаюға және кептіруге қолданады.Көбіне, Тищенко ыдыстарын сақтандырғыш ыдыс ретінде вакуум-насоспен бірге қолданады, бұл мақсатта Вульф ыдыстарына қарағанда ыңғайлырақ болып келеді.

 

ә)

а)

б)

18-сурет. а – Вульф; ә - Дрексель; б – Тищенко ыдыстары

Кипп аппараты (19-сурет) -күкірсутекті,сутегін, көмірқышқыл газын және т.б. газдарды алуға қолданылатын құрылғы.Кипп аппаратының жабықталуы және ажыратуы тартпалы шкафта өтуі тиіс.

Кипп аппаратымен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек. Аппараттың төменгі бөлігіндегі қышқыл ерітіндісі, мысалы тұз қышқылы, қатты зат орналасқан ортаңғы бөлігіне көшеді, қатты зат қышқылмен газ түзе әрекеттеседі. Түзілген газ шүмегі бао арнайы түтіктен бөлініп шығады.

19-сурет. Кипп аппараты  

Кипп аппаратына салынатын қатта зат кесегі1 см3 мөлшеріндей болу карек.

 








Date: 2015-11-13; view: 588; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.055 sec.) - Пожаловаться на публикацию