Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лшеуіш ыдыстар





Өлшеуіш цилиндрлер (20,а сурет) -сыртында көлем миллилитр бірліктерінде көрсетілген,қалың қабырғалы шыны ыдыс. Қажетті сұйық көлемін алу үшйн төменгі мениск бойынша өлшейді. Кейде қажалған тығынмен жабдықталған цилиндрлер де кездеседі. Тек оларды арнайы жұмыстар үшін қолданады.

Осы мақсаттар үшін цилиндрден басқа мензуркаларды (20,ә сурет) да қолданады. Бұл қабырғаларындаөлшеуіш бірліктері бар конус формалы ыдыс. Олар лайлы сұйқтарды тұндыру үшін өте қолайлы.

Өлшеуіш цилиндрлер мен мензурканың көлемі әр түрлі болады. Өлшеуіш құралдардың көлемі негізінен 10 мл-ден 500 мл-ге дейін болады.Бұл кұралдарды концентрациялы ерітінділер даярлау үшін қолданады.

 

а) б)

20-сурет. Мензурка және өлшеуіш цилиндр

 

Тамызғыштар (21,22-суреттер) сұйықтың дәл көлемін өлшеу үшін қолданады.Олардың қарапайым, микропипеткалар және бөлшекке бөлінген түрлері бар. Қарапайым тамызғыштар(пипеткалар)ортасы кеңейтілген шағын диаметрлі шыны түтікшелер, төменгі бөлігінің диаметрі 1мм-дей. Пипеткалардың сыйымдылығы 1-мл-ден 100мл-ге дейін болады. Микропипеткалардың сыйымдылығы 1-ден 5 мл-ге дейін болады және 0,01-0,005 дәлдікке дейін өлшеуге мүмкіндік береді. Олардың жоғарғы жағында арнайы шекті өлшемі болады, сұйықтарды сол белгіге дейін ғана алады. Алдымен сұйқтықты белгіден артық етіп алады да, кейін қолдың бас бармағымен басып, сұықты керек белгіге дейін баяу түсіреді. Бұл белгіні төменгі мениск бойынша өлшейді.

Зертханалық пипеткалар әрдайым таза күйде болуы тиіс. Жұмыс істер алдында пипетканы қолданатын сұйқтықпен бір шайып алу қажет.

Зиянды және улы заттар үшін пипеткаларды қолднуға болмайды.

а) ә)

21-сурет. Пипеткалар: 22-сурет

а – қарапайым; Микропипетка

ә - бөлшекке бөлінген

 

Бюреткалар (23, а,ә суреттер). Бюреткасұйықтардың көлемін дәл өлшеуге және көлемдік анализде химиялық реакцияда заттың қанша көлемі жұмсалғаның анықтауға арналған, қабырғасы 0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлікке бөлінген, ұзынша келген шыны түтік. Химия-аналитикалық тәжірбиелерде кеңінен қолданылатын құрал. Бюретканың қарапайым, өлшеуіш, поршенді, микробюреткалар сияқты түрлері бар.

Қарапайым бюреткалармен 0,03-0,05мл және микробюреткалармен 0,005мл-ге дейінгі дәлдікпен көлемді өлшеуге болады. Қарапайым бюреткалар шүмекті және шүмексіз, сыйымдылығы 10-нан 100-ге дейінгі түрлері бар. Сілті ерітінділерімен жұмысты бюретканың шүмексіз түрімен істеген жөн.

Жұмыс істер алдында бюретканы штативке орнатады. Сұйықты бюреткаға кішшкентай құйғыш арқылы құяды. Алдымен, сұйқты «0» көрсеткішінен асырып құяды да, кейіннен дәл келтіреді. Бюреткаға құйылған сұйықтықты толық жібермей реттеп тұруы үшін, оның ұшына резеңке түтік кигізіп, шыны бұршақпен бекітеді.

М и к р о б ю р е т к а л а р д ы ң (23,б сурет) қарапайым бюреткалардан айырмашылығы сол, олардың өллшемі 0,1 мл-ден емес, 0,01 мл-ден және 0,005мл-ге дейінгі дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Шүмексіз микробюреткалар шүмектіге қарағанда ыңғайлы болып келеді.

 

 




 

а) ә) б)

23-сурет. Бюреткалар:

а – Мор қысқышы бар шүмексіз түрі; ә - шүмекті;

б – микробюретка

 

 

Өлшеуіш колбалар (24-сурет) - көптеген аналитикалық тәжірибелерге қолайлы; әртүрлі көлемді тегіс табанды колбалар; көбінесе арнайы шыны тығындарымен бірге болады.

Дегенмен, шыны тығынысыз өлшеуіш колбаларды да қолданады. Бұндай жағдайда өз өлшеміне сәйкес келетін резеңке тығынды қолданады.

Колбаның мойнында сақиналы белгі бар, ал колбаның өзінде белгілі бір температураға сәйкес келетін миллилитр өлшеміндегі көлемі белгіленген. Өлшеуіш колбалар дәл концентрациядағы ерітінділерді даярлау үшін қолданылады.Оның мөлшері 25мл-ден2000мл-ге дейін болатын түрлері бар.

Суды немесе басқа да сұйықтарды колбаға керекті өлшемнің төменгі менискісіне сәйкес келгенше құяды. Алдымен сұйқтықты белгіден 0,1- 1 см төмен, кейіннен белгіге дейін тамшылатып жеткіп құяды. Колбадағы сұйықты ақырын ғана шайқау арқылы аралстарады.

Тәжірибеге арналған барлық ыдыстар секілді, өлшеуіш колбалар да таза күйінде болуы тиіс.

 

24-сурет. Өлшеуіш колбалар

 

Date: 2015-11-13; view: 3168; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию