Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы қолданылуға арналған шыны ыдыстар





Пробиркалар (1-сурет). Жіңішке цилиндр формалы, түбі дөңестелген шыны ыдыс; олар әртүрлі өлшемді, диаметрлі және әртүрлі шыныдан дайындалады. Пробиркалардың ең басты қолданылуы аналитикалық және микрохимиялық жұмыстар үшін. Қарапайым және бөлікке бөлінген болады, тәжірибелерді аз реактивпен жүргізген кезде, жалпы ғылыми және оқу лабораторияда пайдаланатын ыдыс. Осы түрлерінен басқа пробиркалардың градуирленген және центрифугты түрі болады.

Реактив мөлшері пробирканың ішінде жарты көлемінен аспауы тиіс. Пробиркадағы реактивті шыны таяқшамен немесе пробирканың аузынан мықтап ұстай төменгі жағынан сәл әлсіз түрткі жасау арқылы араластыруға болады. Пробирканың аузын саусақпен жауып, сілкіп араластыруға болмайды.

Пробирканы су моншасында немесе спирт шамда қыздырады. Қыздырған кезде оның үстіңгі бөлігін қыздырады. Түбін қыздырған кезде сұйықтың кенеттен қайнап, шашырауы мүмкін. Сол себепті қыздыру барысында прбирканың ауызын әрі ұстаған жөн.

Пробиркаларды ағаш немесе металл штативтерде сақтайды.

.

 

1-сурет. Қарапайым және бөлікке бөлінген пробиркалар

 

 

Химиялық құйғыштар (2-сурет) сұйықтарды құюға, фильтрлеуге және т.б. жұмыстар үшін қолданылады. Әртүрлі өлшемді болады. Фильтрлеуге арналған құйғыштар 60° бұрышы болады.Жұмыс істегенде оларды арнайы штативке немесе қарапайым зертханалық штативтің сақинасына орнатады. Сұйықтарды ыдыстарға құйған кезде құйғышты тым шетіне дейін толтыруға болмайды.

Аналитикалық жұмыстар үшін арнайы аналитикалық құйғыштарды қолданған жөн. Осындай құйғыштардың төменгі бөлігі ұзартылған болып келеді және түтікшесінің жоғарғы бөлігінң диаметрі төменгі бөлігінің диаметрінен әлдеқайда кіші болып келеді. Бұндай құрылысы фильтрлеу процесін тездетеді.

 

2-сурет. Химиялық құйғыштар

 

Тамшылатқыш құйғыш (3-сурет) – реакциялық ортаға сұйық реактивті аз мөлшерде, ептеп құюға арналған. Олар жіңішке қабырғалы, жеңіл және көбіне төменгі бөлігі, яғни түтікшелері ұзын болып келеді.Құйғышты колба аузына шлиф немесе резеңке тығын арқылы орналастырады. Тамшылатып құйғыштармен жұмыс істер алдында шыны шүмектің шлифін вазилинмен немесе арнайы маймен жұқалап майлаған дұрыс. Ол шүмектің жеңіл ашылып-жабылуына ыңғайлы.

Бөлгіш құйғыш - әртүрлі араласпайтын сұйықтарды бөліп алуға арналған. Олар көбіне цилиндрлі немесе алмұрт тәрізді формалы болып келеді және шыны тығынмен бекітілген болады. Түтікшесінің жоғарғы жағында шыны шүмек болады.

Бөлектеп құйғыштардың сыйымдылығы әртүрлі болады және сыйымдылығына байланысты қабырғасының қалыңдығы да өзгереді, мысалы құйғыштың сыйымдылығы азайған сайын, қабырғасы жұқара түседі.

а) ә)

3-сурет. а) тамшылатқыш және ә) бөлгіш құйғыштар

 

Химиялық стақандар (4-сурет) Зертханалық жұмыстарда ерітінділер даярлауға, сүзуге, суалтуға, қайнатуға және жууға әр түрлі химиялық стакандар қолданылады. Олар көлемдері 50-500мл және 500-1000мл болатын жұқа қабырғалы цилиндрлер. Олар шүмекті және шүмексіз, қарапайым және бөлікке бөлінген (градуирленген)болады. Басқа химиялық құрал-жабдықтар секілді де химиялық стақандарды балқуы қиын және химиялық төзімді шынылардан жасайды. Қарапайым шыныдан жасалған химиялық стақандарды жалаң жалында немесе электр пешінде қыздыруға болмайды. Бұларды тек асбест торы арқылы немесе су моншасында қыздырады.

 

 

4-сурет. Химиялық стақандар

 

 

Тегіс түпті колбалар (5-сурет) әртүрлі көлемді болады, 50 мл-ден бірнеше литрге дейін. Бұндай колбаларды қарапайым немесе арнайы шыны түрлерінен, сонымен қатар кварцтен дайындайды. Оларды әртүрлі мақсатта көптеген жұмыстар жүргізу үшін, дистилденген суды және ерітінділерді сақтау үшін қолданады. Оларды тек асбест торы үстінде немесе су моншасында қыздырады.

5-сурет. Тегіс түпті колбалар

 

Конусты колбалар (Эрленмейердің) (6,а сурет) көптеген жұмыстар үшін қолданады, әсіресе аналитикалық тәжірибелер кезінде титрлеу үшін өте қолайлы. Олардың көлемі 10 мл-ден 2 л-ге дейін, тығынымен және тығынсыз, шүмекті және шүмексіз болуы мүмкін. Қарапайым шыныдан жасалған конусты колбаны асбест торы үстінде немесе су және кұм моншасында қыздырады.

Соруға арналған колбаларды (Бунзеннің) (6,ә сурет) фильтрлеу әдісін вакуум-сорғыш арқылы жүрген кезде қолданады. Оның вакуум-сорғышпен байланысатын арнайы тубусы болады. Бұндай колбалардың сыйымдылығы мен пішіні әртүрлі болады. Зертханада өзінің тұрақтылығы мен ыңғайлылығына байланысты көбіне конусты пішіндісін қолданады.

Бунзен колбасы атмосфералық қысым түсуіне байланысты, қалың шыныдан жасайды. Бунзен колбасымен жұмыс істер алдында колбаны мұқияттап тексеру керек.

 

а) ә)

6-сурет. а)Конусты колбалар ә)Вакуум астында фильтрлеуге арналған

колба

Реторталар (7 - сурет) әртүрлі препарат алу жұмыстарына пайдаланатын қалың қыбытты ыдыс.Әртүрлі көлемді және әртүрлі пішінді, арнайы тубуспен және тубуссыз болады. Реторталардың басты қолданылуы жоғарғы температурадағы және қалыпты қысымдағы айдаумен байланысты.

 

7-сурет. Реторталар  

 

8-сурет. Кристалдатқыш

Кристалдатқыштар (8-сурет) – қаныққан зат ерітінділерінен кристалдарды алуға пайдаланады.Олар жұқа және қалың қабырғалы, әртүрлі диаметрлі және көлемді бола алады. Кейде кристалдатқыштарды буландыру үшін де қолданады, бұндай

 

жағдайда тек су мошасын қолданады.

Тоңазытқыштар – зат суытатын немесе зат қайнағанда пайда болатын булардың конденсациясын өткізетін құрылғы. Оларды заттарды айдау және экстракцияландыру т.б. процестерге қолданады. Конденсатты (салқындатылған бу) жинауға арналған салқындатқыш тіке болып саналады, ал конденсаттың салқындатқышқа оралу процесі кері салқындатқыштар қызметіне тән. Құралға және жұмыс типіне байланысты тоңазытқыштардың түрлері болады.Негізінен, тоңазытқыштың әрбір түрі екі бөліктен тұрады: салқындатқыш түтікшеден – форштос және сыртқы бөлігі (муфта).Тоңазытқыштың негізгі екі түрін ашып көрсетеді: тіке және кері.

Т і к е т о ң а з ы т қ ы ш т а р (Л и б и х) (9-сурет) айдау кезінде қолданады. Булар салқындатқыш түтікшеде салқындай отырып, қайта сұйыққа айналады да муфтаға құйылады.

К е р і т о ң а з ы т қ ы ш т а р (10,11,12-суреттер)

Зертханада көбіне Сокслеттің шар тәрізді кері тоңазытқышын қолданады.

Диморт тоңазытқышын тура және кері ретінде де қолдануға болады.

 

9-сурет. Тіке 10-сурет. Кері салқындат- 11-сурет. Сокслет 12-сурет. Димортсалқындатқыш қыштар салқындатқышы

 

Date: 2015-11-13; view: 4435; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию