Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Мұхит-теңіздер суының тұздылығы





Теңіз суындағы еріген тұздардың жалпы мөлшерін оның тұздылығы дейді де оны промилле (℅) өлшемімен көрсетеді. Әлемдік мұхиттың тұздылығы тым тұрақты сан - 35℅, яғни 3,5℅ (1 л судағы тұз мөлшері – 35г). Тек мұхит бетінде ғана бұл сани3,2 -3,7℅ шамасында, онысы климатқа байланысты айниды. Булану көп оридті белдеулерде су тұздылығы артық, гумитты зоналарда теңізге құятын тұщы судың молдығынан тұздылығы кемірек. Климат әсері әсіресі ішкі теңіздерде байқалады. Мысалы, жан-жағын құм-шөло қоршаған Қызыл теңіздің тұздылығы 4,1 – 3,9℅. Суы тұщылауларға Қара, Азов, Балтық теңіздері жатады. Мысалы, құрлықтан көптеген суы мол өзендер құятын қаратеңіздің беткі қабатының тұздылығы не бары 1,7 – 1,8℅, түпкі тұсында – 2,2℅.

Мұхит-теңіз суына барлық элементтер кіреді. Бірақта еріген элементтердің 99,9 проценті тек 8 элементтік иондарынан тұрады (10. 1-кесте). Иондар тобын тұзға шақсақ, олардың 89,1 проценті хлоридтер: NaCl – 77,80; MgCl₂ – 96; KCl – 2℅. Екінші орында сульфаттар (10,1℅) MgSO₄ - 6,6; CaSO₄ - 3,5℅. Карбонаттар мөлшері 0,56℅ шамасы.

 

Катиондар   Аниондар  
  Иондары   мөшері   иондары   мөлшері
г∕л   Эквивалент,℅   г∕л   Эквивалент,℅  
Na ⁺ Mg ⁺⁺ Ca ⁺⁺ K ⁺ Sr ⁺⁺     10,76 1,30 0,41 0,40 0,008     38,64 8,81 1,69 0,84 0,01     Cl ⁻ SO₄ ⁻ ⁻ HCO₃ ⁻ Br ⁻ F ⁻ H₃BO ₃⁻     19,35 2,71 0,14 0,07 0,001 0,03   45,06 4,66 0,22 0,07    
Барлығы 12,87 49,99   22,30 49,99

 

 

Газдар. Теңіз суында еріген газдар да бар. Олардың бастысы – оттек, көмірқышқыл газы, кей жағдайда күкіртсутек.

О т т е к – теңіз суына екі жолмен кетеді: 1) атмосферадан, 2)балдырлардың фотосинтезі арқылы. Температура көтерілген сайын оттектің суда еру қабілеті азая түседі. Осы себептерден жоғарғы ендіктердің беткі суында оның мөлшері артық, тропикке таяу – аз. Сол сияқты маусымға байланысты жаз бен жазғытұрым оттек судан бөлініп ауаға ұшады, күз бен қыста суға сіңеді. Осылайша атмосфера мен гидросфераның өзаралық әрекеті туады. Суы салқын болғандықтан мұхиттардың түпкі суы оттекке байырақ.

К ө м і р қ ы ш қ ы л г а з ы н ы ң біразы суда ериді, енді біразы онда еріген карбонаттар мен бикарбонаттар құрамына кіреді. Оның жалпы мөлшері 1 л суда 43 см-дан астам және мөлшері аттек сияқты температураға байланысты. Теңіздің беткі жылу суында оның ерігіштігі төмендеп, артығы ауаға ұшады. Содан суда көмір қышқыл газының жетіспеуінен кальций карбонаты - CaCO₃ тұнбаға көшеді. Керісінше жоғарғы ендіктер мен мұхиттың терең түбіндегі салқын суға ол газ көп сіңіп, карбонаты шөгінділерді ерітіндіге көшіреді. Осындай жағдай, мысалы, фосфорит шөгінділерінің пайда болуына ықпылын тигізеді.

К ү к і р т с у т е к г а з ы (H₂S). Әлемдік жіңішке және тайыз бұғаздар арқылы жалғасқан теңіз шұңқырларында түзіледі. Айтылған жағдайдан мұхит пен теңіздің су алмасуы қиындайды. Осындай модель қара теңіз шұңғымасында қалыптасқан. Құрлықтан төгілген тұшы су арқылы теңіздің беткі суы тұшылынып (1,7 – 1,8℅), астын тұздылығы бұрынғы қалыптағы (2,0 – 2,2℅) ауыр су жайлайды. Салдарынан тік бағытта су алмаспайды да газ режимі бұзылыды. Оттектіәң қалыптағы мөлшері тек 40 – 50 м тереңге дейін барады да одан әрі қарай ол кемиді. Оттектің жетіспеуінен Қаратеңіздің түбіне қарай тотықсыздану процесіне шалығуынан бейэробты бактериалардың қатысуымен күкірт сутек пайда болады. 200 м тереңдіктен бастап ол көбейе бастайды да, теңіз түбінде мөлшері 1 литр суда 5 – 6 см жетеді. Әсеріне организм дүниесі терең тұста құриды, бактериалар көмегімен теңіз түбіне темір колчеданы (FeS₂) шөгеді. Шұңқырды ашық теңізден бөлетін түпкі жалдың биіктігіне қарай қарсы ағыс та туу мүмкін. Оның ағыны да оттеккежарымауынан көмірсутекке шалынады.

Теңіз суының температурасы. Мұхит бетінің температуралық өзгерісі климатқа тығыз байланысты. Ол полярлық аймаұқтарда – 1,8 - 2◦С-тен экваторға қарай 28 С-ке шейін өзгереді. Мұхит түбінде біркелкі - 1 С шамалы. Су жылуының өзгеруі нәтижесінде Әлемдік мұхитта әр түрлі ағыстар туады, содан ағзалар топтарын қалыптастырады. Мысалы, су жылы экваторлық белдеулерде жуан әктасты қабыршақтылыр өмір сүрсе, салқын сулы аймақтарда кремний сауыттылар тарайды. Демек, ағзалар қалдықтарының құрамы мен тұлғасына қарап, өткен геологиялық замандардың климаттық жайын біле аламыз. Температурасы әр шекті екі су қосылған тұстар ағзалар жалпылай мерт болып, салдарынан фосфорт және глауконит қабаттары жаралады.

Қысым. Шамамен әрбір 10 м су бағанасының қысым 1 атмосфераға өсетінін білеміз. Ендеше, терең түпті аса күшті қысым бар. Ол 500 – 600 атмосфераға, яғни мылтық атылғандағы оның оқпанындағы қысымға пара-пар. Егерде терең су бағанасын қысымнан әлдеқалай босата алсақ, Әлемдік мұхиттың деңгейі өзінен-өзі метрге көтерілер еді. Түпкі су әрі салқын, әрә күштә қысымды, әрі тастай қараңғы болғандықтан теңіздің тереңіндегі жәндіктердің саны шамалы, олардың қабыршақ-сауыттары нәзік болады. Судақысым жан-жағын гидростатмкалық (бірдей) тарауынан жәндіктердің пішіні домалақша келеді, шөккен жыныстар борпыл күйінде сақталады, олар зор қысымнан суға жақсы ериді, газда сіңеді.








Date: 2015-11-13; view: 705; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию