Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұздық пен мұз суының геологиялық әрекеті





Жылжыран калын мұз ірі тісті арадай, егеу-қайрақтай өзінін табанын қиратып, бұзып, мүжіп, транспортер таспасы сияқты үгіндісін көшіріп отырады да жолшыбай пе етек жиегінде жинап тегеді. Көн «шаруаны» онын еріген суы да атқарады. Олардын жинақты жұмысынын нөтижесінде өзгеше шөгінділер мен жер бедері пайда бо-лады.

Мұздын бұзу жұмысы. Мұздын өз табанын бұзу жұмысын экзарация (латынша — жырту, қырқу) дейді. ‡стінен басқан мұздын неше батпан қысымынан онын табаны жыртылады. Сонын кесектері мұзбен қоса жылжып, соқанын түреніндей экзарация процесін одан да күшейтеді. Содан мұз табанынын бетінде көптеген қым-қиғаш сызықтар, өжімдер түседі де оларды мұз айғызы (шрам) дейді (9.3-сурет). Олардын жиі кездесетін бағытына қарап, кезінде мұздықтын қай бағытта көшкенін анықтайды. Табан тұсында мұз жыруынан қалған ұзын-шақ шынылтыр бетті дөнестерді қошкар мандайлар (бараньи лбы) деп атайды. Олардын қимасы асимметрия пішінді болады. Мұз жылжыған жағы жазық көлбеулі, ық жақ беті тік келеді. Осындай дөндер мен араларын-дағы жыраларды біріктіріп, бұйра қой тастар (курчавые скалы) деп атанды.

Мұз жылжығанда табанынан жартастарды жұлып алып, өзімен бірге суйретіп, алысқа көшіреді. Жол-жәнекей олар сьінады, үгіледі, жұмырланады, бетінде жолақ, айғыздар тырналанады. Осылардын жинағын мұз қой тастары деп атайды.

Жұмыртастарынын көлемі үлкен. Мысалы, Ленинградтағы I Петр ескерткішінін («Мыс салтатты») салмары 1600 тонна тұғыры осындай бір мұз гүжбаннан жасалған. Жергілікті тұрғындар онын калай өкелінгенін білмей «жай тасы» деп атаған екен. Ықылым заманда қалын мұз басқан Скандинав, Карел жерінде және олардын төнірегінде бықыған ауқымды шұнқырлар мен терен ор пішіндес жыралар бар. Осынын бөрін мұз экзарациясы мен еріген мұз суы қазған. Кейін олардын көбі суға толып, көлге айналды.

Мұз салмағынан онын табаны майысып, жымырылып, жарықшақтанып, гляциодислокацияға (латынша «дислокацион» — ауыстыру, жылжыту) ұшырайды. Кейде түпкі тау жынысы, жұлынып, мұзбен қоса ондаған-жүздеген шақырым жерге көшеді де оларды

эрратикалық (латынша кезуші) дөцбектер деп атайды (I Петр ескерткішінін тұғыры осындай).

Таулы өлкелерде мұз өсерінен жоғарыда аталған кар, цирк, мұз анғарлары іспетті өзгеше түрлі рельеф пішіндері пайда болады. Мұз анғарлары эрозиялық V пішінді анғарлардын кеніп, мүжілуінен түзіліп т р о г (немісше — астау, науа) деп аталады. Олар расында астау пішінді, жактары тік, табаны жазық жөшік төрізді болады (9.4-сурет). Бойлық қимасы тым ойлы-қырлы болады; көлденен тұрған жарлы кертпештерді ригелдер дейді; салалары негізгі анғарынан биікте асылып тұрады.

Мұздықтын көшіру және үю (аккумуляция) өрекеті. Мұз экзарациясы және бұзу өрекетінен жаралған ірілігі өр түрлі кесектер — уақ саздан бастап, жұмыртастарға щейін — мұздықтын өзімен қоса тықсырылады, жол бойы олар шөгеді. Солардын барлығын жинастырып морена (французша үйінді қыр) деп атайды.

Мұздық денесіндегі орньша байланысты көшкіи мореналар бірнеше түрге бөлінеді. Беткі мореналар мұз бетінде орналасады да бүйірлік, орталық және беткі түрлерге жіктеледі (9.5-сурет). Бүйірлік мореналар мұздан жоғарғы тау бетінін бұзылып үгілген кесектер үйіндісінен қалыптасады да мұз жиегінде жал белдер құрайды. Орталық мореналар да мұздықты бойлап, онын орта шенінен орын тебеді. Олар бірнеше мұздықтар өзара қосылған тұста өрқайсысынын бөктерлік мореналарынын бірігуінен пайда болады. Кей жағдайда орталық морена бытырап шашылғанда және мұз ерігенде ішкі мореналар мұз бетін тегіс жабады. Ішкі мореналар жарқабақтарда мұз, фирн бетіне құлап, сырғанап түскен кесектердеи құралады. Мұндай кесектер фирн қарынын келесі жамылғысымен көміледі де глетчермен қоса жылжиды. Түпкі мореналар мүз экзарациясынап уатылып, кейінірек мұзға еріген кесектерден құралады.

Мұздықтын ақыр жиегінде мұзы түгел ериді де көшіріп өкелген барлық моренді үгінділер осы жиекте жал, төбе болып үйіледі. Осыны ақырғы (немесе негізгі) морена деп атайды.

13.10-сурет. мұздықтың көлденең қимасындағы мореналардың орналасуының сызбасы (1 мен мұздықтың сұлбасы(2). Мореналар: А — бүйір; Б — орта, В — ішкі; Т — табан; С — соңғы; бағдарсызықтар қозғалыстағы бүйір, беткі орталық, барлық бетін жпуп жатқан төменгі немесе табан мореналары көрсетеді

Мұз шөгінділері. Мұз аккумуляциясы негізінде морена шөгінділерінен құралады. Олар төрттік кезенінде солтүстік жартышардағы құрлықтын аумақты аймақтарын бүркеді (9.6-сурет). Морена шегінділеріне төрт рет «емес» деген сипаттама сай. Олар: 1) жұмырланбаған; 2) ірі-уағына іріктелмеген дөнбектердін, құм-қиыршықтын, құмайт, саз-балшықтын үйіндісінен тұрады; 3) қабаттасу кейпі байқалмайды; 4) жыныстар кесектерінін құрамы неше түрлі, өйткені мұздықтын жолында тап болған барлық тау жыныстары қиратылып үгіліп, мұзбен бірге көшеді. Онын үстіне дөнбектердін беті қым-қиғаш айғыздалған, өжімделген болады. Мореналар жер бетінде көптеген өр бағытта созылған төбешіктер құрайды. Егер олар мұздықтын жылжыған бағытын бойлаған ұзын жалдар түзсе, оларды друмлина (ирланд тілінде дөн) дейді, ұзындығы 1—2 км., көлденені 400-600 м, биіктігі 15—30 м. шамасында. Друмлиналар топ талып жайылып, ерте замандарда мұз басқан аумақты аймақты құрды.

Мұз айдынынын беті үнемі буланып, еріп отырады да олар мұзбен құрсауланған нағыз өзендерге айналады. Тасқын мұз бетімен де, онын жарыктарын бойлап та, мұз табанымен де ағады. Ағындары жол бойында кездескен морена үйінділерінен құмлайды ағызып өке-тіп, оларды өрі апарып шөктіреді. Осылайша мұз суынан шөккен үгінділерді флювиогляциялдық шепнділер дейді. Олар жер бетінде зандр, оз, кам деп аталған бедерлер түзеді.

Зандрлар (датша «зандр» — құм) деп негізгі моренанын сырт жағында құм, қиыршық, малта үйіндісінен қалыптасқан жайпау бедерді атайды. Мұз астынан жазық жерге шыққан судын ағысы кілт баяулайды да көптеген арналарға бөлініп, жайылып кетеді. Сонда агы-зып жеткізген үгінділердін барлығы шөге бастайды. Ақырғы моренанын жиегінде ірі кесектері — малта қиыршық, ірі құм шөгеді, өрі қарай ауқымды өлкеде құм үйіледі, одан өрі ағысы өбден басылғанда құмайт, лай шөгеді. Сонымен зандрлы аймақ негізінде кұм шөгінділерден кұралады. Бет бедерінін көлбеуі 3—5° шама Оздар (швед тілінде «азар» — жал) деп мұздын көшу бағытында созылған ұзын, жінішке жалдарды қыр-қаларды атайды. Олардын ұзындығы опдаған-жүздеген метрден ондаған километрге, биіктігі 3—5 метрден 50 метрге жетеді. Жал, қырқалары кебінесе түзу бағытта созылады, кейде езен анғары секілді иірімделіп отырады. Бұл мұздықтын асты-үстінен, арасынан аққан тасқын суынын бағытына байланысты. Оздар жақсылап шайылған, қабаттасуы айқын құм-қиыршық, малта тастардан тұрады.

Камдар (немісше —қырқа) деп орташа биіктігі 10—12 м қисық пішінді төбелерді атайды. Олар мореналық дөнбектер аралас құм, құмайт, балшықтардан тұрады. Қейде құм мен балшық жұқа таспадай қаттар түзеді. Қамдар орнынан жылжымаған мұз бетінде ол тез еріген шақта көлшіктер пайда болып, жан-жақтан құйған жылғалардын ірілі-ұсақтығы өр түрлі шайындылардан құралғанын көреміз. Аталмыш бедерлердін барлыгы да Балтық манындағы, Беларус, Вятка өлкесінде, қысқаша айтсақ, төрттік кезенінде мұз басқан аймақтарда кездеседі.

Мұздық көлдерінін шөгінділері. Мұз астынан аққан суды жер бетіндегі төбе немесе морена жалдары бөгеп, мұздықтын сыртында көлдер пайда болады. Олардын жағалауына арасында малта және қиыршық аралас құмдар шегеді, теренірек тұсында лай тұнады. Маусымға байланысты олар ырғақталып қайаттасады. Жаз кезінде мұздық қатты ериді де су молайып, келге құм-құмайт тегеді. Қыс маусымында мұз қатып, көлге су кұйылмайды да одан тек лай тұнады. Осындай ретпен қосақталып жұқа қабаттасуды (жаз—құм, қыс— балшық қабат) таспалы қабаттасу дейді. Қос таспа қабатты бір жылға тенеп, мұздықтан туған келдін жасын қайыруға болады.

Date: 2015-11-13; view: 2430; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию