Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геологиялық ортаны қорғау





Адам қауымының кен шығарудағы, жер бедерін өзгертудегі, су қорларын қайта бөліп қолданудағы, тағы басқа күннен-күнге күшейген әрекеттері геологиялық ортаның баяғыда баянды түрде қалыптасқан арақатынасының бүлінуіне ұшыратып отыр. Бұл өзгерістер көбінесе қалпына келмейтін, оның үстіне олар адамға зиян келтіретін бағытта дамыды. Осылайша жер астында кен шығаруда пайда болған қуыстар, бір жағынан, жер асты суларының жолын өзгертіп, бұрып жібереді, деңгейін төмендетеді, салдарынан топырақ құрайды; екіншіден, солардың кеселінен жер опырылады, көшкіндер, сырғымалар, апан-шұңқырлар пайда болады. Осылардан жер бара-бара шаруашылыққа қолдануға жарамсыз халге ұшырайды. Қазірдің өзінде осындай әрекеттерден жарамсыз болып қалған жер үстінің ауданы 3 проценттен асты.

Тау-кеншілік өндіріс қалдықтарын қалай болса солай үйе берудің салдарынан ауа бассейні шаң-тозаңға толады да қоршаған ортаны былғайды; күннің сәулесі бұлыңғыр тартып, микроклимат өзгереді, өлкенің жан-жануарлары, өсімдік дүниесі, адам қасірет шегеді.

Жер астынан қазып алынған тас көмірдің 30 проценті отқа жанбай, жылу бермей күлге айналып ауаға ұшады. Бір жылда Қарағанды көмірінің 1 млн тоннасын тасымалдау жолында ашық вагондардан жел ұшырып әкетеді. Бұл мөлшер — ірі шахтаның бір жылғы өнімі. Екібастұз көмірінін шаңы мен құбырларының түтіні Алтайдан асып, Моңғолияға жетеді екен, содан ондағы сиырлардың тісі түсетін көрінеді.

Айналамызды қоршаған табиғатты қорғау ең әуелі геологиялық проблемаға жатады, өйткені оның өзгерістері мемлекеттік шекараларды мойындамай, дүние жүзін түгел қамтиды. Полюстердегі озон қабатының жыртылуы, «парник әсері» сияқты көріністер бүкіл әлемдік проблемаларға жатады. Тур Хейердал айтқандай, планетамыздың желдеткіш құбыры жоқ қой. Осылардан түйетініміз — геология ілімі адамзат өмірінің қорғаушысы десек асыра айтпаймыз. Сондықтан адамзаттың табиғатқа жағымсыз әрекетінен күні бұрын сақтандыру үшін бүгінгі күні арнайы түрде геология ілімдерінің геологиялық ортаны қорғау деп аталатын жаңа саласы құрылды. Оның міндеттері: антрпогендік әрекеттен геологиялық ортаның өзгеруін алдын ала болжау, геологиялық барлау, кен қазып алу, техникалық-инженерлік құрылыстар салу, ауыл шаруашылық жұмыстарды жүргізудің табиғатқа ең тиімді жолдарын іздестіріп, оларды болжау, бағдарлау және жер бетінде, оның қойнауында рекультивацияны кең қолданып, планетамыздың денесіне тигізген «жараларды емдеу», сол арқылы жер бетін қайтадан пайдаға асырылатын ету, геологиялық орта мен атмосфераның, гидросфераның, биосфераның табиғи арақатынасын толық немесе мүмкіндігінше бұрынғы қалпына келтіру. К. Маркс айтқандай, егер өзінің ақыл-парасатын табиғаттың ұлы заңымен үйлестірмесе, онда адамзат бақытсыздыққа душар болады. Геологиялық ортаны қорғауға мұнымен қатар табиғи геологиялык үрдістердің адамға залалды зардаптарымен күресу де жатады. Олар табиғи ортаны стихиялық апаттардан — дауылдан, селден, су басудан, көшкін-сырғымалардан, опырықтардан, жанартаулар зардабынан, жер сілкіну залалынан т. б. қорғау. Осылардың барлығын кітаптың әр тарауында ескертіп отырдық. Қазіргі кезде бұрын түсіріп болған әр масштабты геологиялық карталарды қайта түсіріп, әр ауданның экологиялық жағдайлары туралы мәліметтермен толықтыру міндеті алда тұр.

Date: 2015-11-13; view: 1411; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию