Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геологиялық карталар туралы жалпы мәлімет





Геологиялық карта – беткі жер бедері қамтылған аумақтың геологиялық құрылысын айқындайтын белгілі бір масштаппен құрылған картографиялық үлгісі. Оны құру үшін соңғы 1,8 млн жылда қалыптасқан төрттік дәуірдің шөгінді қабаттар карта мен оның қосымшаларына түсіріледі.

Кез-келген геологиялық картаның басты және міндетті мазмұны геологиялық дененің шекаралары мен стратиграфиялық қималардың құрамдас бөліктері (жүйе, бөлім, тау жыныстарының келесі қабаттарына дейінгі белгілі бір тау жыныстарының қалыңдығы немесе свита) эффузивті және интрузивті денелердің, метаморфты кешендердің ағындары мен жабынын және т.б. көрсету. геологиялық картаның міндетті құрамдас бөліктері болған жағдайда үзілмелі (дизъюнктивті) ығысулар.

Барлық стратифияланған тармақтардың (шөгінді, жанартаулық және метаморыты қабаттардың қалыңдығы) жастары халықаралық стратифиялық шкалаға сәйкес, ал интрузивті жыныстар химиялық құрамдарына қарайи анықталады.

Геологиялық денелер белгілі бір түспен қатар халықаралық стратифиялық шкалаға сәйкес латин әріптерімен белгіленетін инднекспен беріледі. Мысалы, D – девон, С – таскөмір, К – бор. Төменгі оң жағында берілетін 1, 2, 3 сандары аталған жүйелердің бөлімдерін көрсетеді. Атап айтсақ D1 – төменгі девон, С2 – орта таскөмір, К2 – вжоғарғы бор жүйесі болып табылады.. интрузивті түзілімдердің жастық индексінің сол жағына магмалық жыныстардың химиялық құрамын көрсететін грек әріптерін қосып жазады. Мысалы, γD1–ерте девон жасының шекарасы, ξС3 – кейінгі таскөмір жасындағы сиениттер.

Жастық боялар мен стратиграфиялық қабаттардың индекстері. Архей – AR – күңгірт қызғылт; протерозой – РR – қызғылт; кембрий – Є – көк-; ордовик – О – сұр-күңгірт жасыл; силур – S – жасыл; девон – D – қоңыр; карбон – С – сұр; пермь – Р – қызғылт сары қоңыр, триас – Т – қара көк; юра – J – көкшл; бор – К – ашық сұр- жасыл; палеоген – Р – қызғылт-сары, неоген – N – сары; четвертичный – Q – жасыл-сұр.

Жүйенің ішіндегі бөліктер әр түрлі қоюлықтағы сәйкес келетін түспен, әріптік индекстің төменгі оң жақ шетінде жазылатын 1, 2,3 сандарымен жазылады. Мысалы, төменгңі юра – J1 – қара көк, орта юра – J2 – көк, вжоғарғы юра – J3 – ашық көк.

Интрузивті түзілімдердің бояуы мен индекстері. Қышқыл(граниттер) – γ – қызыл; орташа (диориттер) – δ – құлпынай түстес қызыл; сілтілі (сиениттер) – ξ – қызғылт-сары; негізгі (габбро) – υ – күңгірт жасыл; ультранегізді(пироксениттер, дуниттер, перидотиттер) – σ- қара көк.

Дайкаларды индекстеу барысында, сонымен қатар, интрузивті жыныстардың құрылымдық немесе минералдық ерекшеліктерін көрсету үшін химиялық құрамының негізгі әріпіне аплиттер үшін- ά, профирлі құрылымды тау жыныстары үші π, меланократты жыныстар үшін-m қосып жазылады. Сонымен қатар, минералдардың атын қысқартуға ol – оливинді, px – пироксенді, amf – амфиболды және т.б жазылады. Мысалы, рх υπР2 –кейінгі пермь жасындағы пироксенді габбро-порфирит.

Геолгиялық карталарда жоғарыда аталғандардан басқа төменде аталғандар көрсетілуі мүмкін:

- шөгінді қабаттардың литологиялық құрамы мен магмалық түзілімдердің петрографиялық құрамы әр түрлі сызықтық, нүктелік, штрыхтық белгілердің жиынтығымен;

- масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленетін қабаттар мен дайкалар (түрлі-түсті сызықтармен)кен түзілу көрністері және пайдалы қазбалардың кен орындары (әр түрлі түспен кескінделетін геометриялық пішіндер), палеонтологиялық құндылықтардың қалдықтары. т.б;

- гидрологиялық (өзен) торлары, жер бедерінің горизонтальдары мен олардың абсолют биіктіктері.

Қорыта келе геологтардың жұмысының жемісі және одан ары жүргізілетін зерттеулердің бастау болып табылады.

Геологиялық карталарда қандай жағдайда, қандай кезеңде түзілгенін айқындауға мүмкіндік беретін геологиялық қималар мен стратиграфиялық қоса беріледі.

Date: 2015-11-13; view: 1883; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию