Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геологиялық карталарды талдауға арналған әдістемелік нұсқаулар





Геологиялық карталардыталдау (оқу) төменде көрсетілген негізгі мәселелерді анықтау мақсатын көздейді.

1. астыңғы қабаттарда ежелгі, бетінде жас жыныстар қабаты орналасуына сәйкес шөгінді, эффузивті жыныстар мен қабатталған (стратификацияланған) метаморфтық кешендердің жастық жату ретін, олардың салыстырмалы жастарын анықтау.

2. Сол қабаттардың жатысының өзара қатынасын, сәйкес тігі мен сәйкессіздігін, жатыс бағыттарының бағыттас немесе бұрыштық болуын жағдайын айқындау.

3. қатпарларды сипаттау. Антиклинальдар мен синклинальдарды, олардың санын көлденең қимасының пішіндері-симметриялы немесе симметриялы емес болуын, білігі көлденең немесе көлбеу болуын, көкжиектің тұстарына қатысты жатыс бағыттары мен батуын анықтау.

4. интрузивті денелердің пішіндері мен олардың өлшемдерін, кеңістіктегі орынын, араласатын тау жыныстарымен өзара қатынасын, қандай қабаттарды бұзып шығатынын және интрузияның салыстырмалы эаын анықтау.

5. үзілмелі (дизъюнктивті) ығысуларды тауып, олардың көтеріле, төмен түсе ығысулары мен жылжуын, қандай бөліктерінің көтерлгенін, қақайысының төмен түскенін, ығысу амплетудасы мен олардың жасын анықтау.

Геологиялық картаны талдаудың соңғы нәтижесі барлық геологиялық оқиғалардың бір ізділігі мен ретін шөгінді қабаттардың жиналуын, шөгінділердің шөгуіндегі сәйкессіздікті, қатратлануды, интрузияның енуін табуды, ауданның геологиялық даму тарихын қалпына келтіруді көздейді.

Геологиялық картаны талдау (оқу барысында төменде көрсетілген негізгі ережелерді қолдану қажет:

- стратиграфиялық қабаттар көлденең жатқан жағдайда олардың шекарасы Жер бедерінің горизонтальдарына сәйкес келеді. Бастапқы карталарда горизонтальдар болмаған жағдайда мұндай қабаттарды дақ түріндегі абсолют биіктіктері бірдей табанымен анықтайды. Беткі қабаттар басқа барлық тау жыныстарын жауып жататын ең жасы болып табылады.

- бір қатпарлықтың шегіндегі стратиграфиялық қабаттар қатпарланып жатқан жағдайда бұл қабаттардың Жер бетіне шығып жатқан бөлігін картадан бағыттас, түзу немесе иілген доға тәрізді сызықтар арқылы табады. Бір қабаттың жолақтары қатпарлардың санына байланысты болады. Бір қабаттың жолақтарының ені қабаттардың құлау бұрыштары кемігенде артыуы, сол юұрыш артқанда кемуі мүмкін.

- салыстырмалы геологиялық жасының анықтауды қатар жатқан екі қабаттың қабаттың қайыссы жас, қайыссы біршама ежелгі екендігін төмендегі маңызды геологиялық ережеге сәйкес жүргізеті. Біршама ежелгі қабаттар антиклинальды қатпарланудың ядросында, ал біршама жасы синиклинальды қатпарланудың ядросында Жер бетіне шығады.

- қабаттардың сәйкестігі жағдайда шөгінділер бірінің үстіне бірі жатады және олардың бір біріне бағыттас жатқан сәйкессіздіктер геологиялық карталардағы ең күрделі қатпарлықтың өзінде бір-бірімен қилыспай бағыттас жатады. Бұрыштық сәйкессіздікте біршама жас қабаттар геологиялық шекараны жасырып дақ түрінде жабын жыныстарды жауып жатады..

- еніп жарып шығу барысында шөгінділерді метаморфтандыратын интрузиялық денелер мен үзілмелі ығысулардың (дизъюнктивтердің) салыстырмалы жасы өздері жауып жатқан қабаттарға қарағанда әрқашан жас, ал үстілерінен жауып жатқан қабаттарға қарағанда интрузиялық денелер мен үзілмелі ығысулардыкі (дизъюнктивтердің) біршама ежелгі.

Қатпарлы тектоникалық қозғалыстар, үзілмелі (дизъюктивті) ыңысулар тақырыптарын өту барысында осы ережелерді пайдаланып бастапқы геологиялық карталарға талдау жасау қажет.

Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1-тапсырма. 10.1-суреттегі бастапқы геологиялық картаға талдау жасау арқылы жастық индекс пен картаның шартты белгілерін пайдаланып АБ нүктелерінің арылығының геологиялық қимасын, стратиграфиялық бағанасын тұрғызу арқылы барлық геологиялық оқиғалардың жүру ретін қалпына келтіріңдер.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: АБ нүктелерінің арылығының геологиялық қимасын, стратиграфиялық қатарын тұрғызу үшін алдымен барлық геологиялық оқиғалардың іретін, шөзінді және эффузивті тау жыныстарының қабаттарың ретін, енген интрузиялардың, қатапрланулар мен үзілмелі ығысулардың қалыптасуын; шөгінді және эффузивті жыныстардың өзара әрекетін тау жыныстарының жату бағыттарының сәйкес тігі мен сәйкессіздігін; интрузиялардың қщандай жыныстарды жарғанын, қайыссын жармағанын; қатпарланудың түрлері мен олардың санын, үзілмелі ығысуларды анықтау қажет.

Осы құрамдас бөлікетері бойынша қабаттардың алыңдығы мен олардың дер бетіне шығу сипатын, көлбеу немесе иіліп қатпарланын, соңғы жағдайда антиклиналь мен снклинальдың қайда екенін табуға баса назар аудару қажет.

Одан ары қатпарлану мен қабаттардың өзара орналасуын талдауға негізделіп, жалпы стратиграфиялық жату ретін; интрузиялық денелердің түрлері дайка әлде шток екенін, енген қабаттармен өзара әрекетін, олардың жасын; үзілмелі ығысулардың түрлерін,ығысу бағытын, ығысу амплитудасын анықтайды.

Ең соңында шартты белгіде көрсетілген сәйкес келетін жастық индексті пайдаланып шөгінді қабаттар мен интрузивтік денелердің жасы анықталады. Халықаралық геохронологиялық шкаланы студент өзі қолданып олардың орналасу ретін анықтауы тиіс.

Геологиялық картаны талдау барысы төмендегі ретпен жүргізілуі тиіс (12.1-сурет). Басқа геологиялық түзілімдер кешенді бұзатындықтан (солтүстік-шығыстағы конглемереттер мен құмтастардың моноклиналь) немесе оны жаратындықтан (гранитті шток, диабаздардың дайкасы, үзілмелі ығысу (дизъюнктив) біршама ежелгі жыныстарға қатпарлы кешен жатады (12.1-сурет).

Орталық антиклинальдың құлыбынан табылғандықтан қатпарлы кешеннің ішінде ең ежелгі қабат әктастар, ал ең жасы батыс сниклинальдың ядросынан табылған сазды (көмірлі) тақтатас болып саналады. Әк таспен сазды тақтатастың аралығында филлиттер (хлоридті тақтатастар) қабаты орналасқан(12.1-сурет).

Картада ұсынылған геохронологиялық шкаланың индексіне сәйкесең ең ежелгі жыныс әктастың жасы– орта кембрий, ал филлиттер (хлорлы тақтатас) ордовик, ал сазды тақта тас (көмірлі тақтатас) силур жасына сәйкес келеді.

Сазды (көмірлі) тақта тастар филилттердің (хлоридті тақтатастардың) үстіне шөккендіктен олардың аралығында үзіліс жоқ. Ал әктаста филлиттер бағыттас сәйкссіздікпен шөгеді олардың аралығында жоғарғы кембрий шөгінділері жоқ. Ең жас қабат моноклиннің солтүстік шығысындағы конгломераттер мен сілтіленген құмтас болып табылады. Олар әр түрлі бұрыштық сәйкессіздікпен бақа барлық тау жыныстарын жабады. Геохронологиялық шкалаға сәйкес конглемераттардың жасы юра мен жоғарғы борға жатады. Қорыта айтқанда бағыттас сәйкессіздікпен жоғарғы юра конглемератының үстінде жоғарғы бор құмтасы жатады.

Кембрий, ордовик пен силурдың қатпарланған шөгінділерімен граниттердің оңтүстік-батыс денесі шектеседі. Біршама жас бұл жыныстардға шток түзетін диабазды дайкалар, граниттер жарады. Ұсынылған геологиялық картаға, ондағы жастық индекс пен жалпы геохронологиялық шкалаға назар аударсақ граниттердің таскөмір, ал диабаздың төменгі пермь жасына жататынын көреміз.

Таскөмір дәуірінің граниті төменгі палеозойдың майысып қатпарланған девон жасындағы шөгінділерді жарады.

Қатпарлы кешенді юра қабатына дейін жететін солтүстік-шығысқа бағытталған үзілмелі ығысу (дизъюнктив) бөліп жатыр. Картада ол жіңішке жолақ түрінде кескінделген. Үзілмелі ығысуды (дизъюнктивті) силуртан кейін юра дәуіріне дейін түзілген деген қорытынды шығаруға болады. Үзілмелі ығысу (дизъюнктив) жарған солтүстік бөлігі көтеріліп ені артқан. үзілмелі ығысу (дизъюнктив) жазықтығы солтүстікте бағытталғандықтан қатпарланудың солтүстік бөлігі аспалы болып табылады. Сондықтан бұл үзілмелі ығысуды жоғары көтерілген ығысуға жатқызуға болады.

Геологиялық картаға жасалған талдауларға негізделіп барлық геологиялық оқиғаларды төмендегі жастық ретпен тұрғызамыз:

1. терең тектоникалық иін геосинклинальға орта камбрий әктастарының жиналуы;

2. жоғарғы кембри кезеңінде шөгінділердің жиналуында үзілістердің болуы;

3. ордовик пен силурда шөгінділердің жиналуы аймақтық (шекаралық) метоморфизмнің әсерімен жүрііп шөгінді жыныстар метаморфтанып хлоридті және көмірлі тақтатас қабаттары түзілді;

4. кембрий, ордовик шөгінділері девон дәуірінде қатпарланды;

5. таскөмір дәуірінде қатпарлы кешенге гранитті интрузия енді;

6. төменгі пермь жасындағы диабаздар дайкасының енуі;

7. силур мен юра дәуірлерінің аралығында үзілмелі ығысулар түзілді;

8. юра дәуірінде конгломераттардың жиналуы;

9. төменгі борда шөгінділер жиналуында үзілістің болуы

10. жоғарғы борда құмтастардың жиналуы.

Бор дәуірінен кейінгі кезеңдерде қатпарланудың әлсіз жүруі солтүстік-шығыс моноклиннің түзілуі. Көтерілулер жүріп аумақтың құрылыққа айналуы.

Геологиялық қима Жер бедерініңгеологиялық құрылысының бірқатар тереңдігін экстрополяциялау (тұрғызу) жолымен геологиялық картаны тік жазықтта кескіндеу болып табылады. Бірінші тапсырмадағы біртұтас геологиялық құрылымдармен салыстырғанда тұрғызылатын қима кесіп өтетін барлық геологиялық құрылымдар мен денелерді тауып кескіндеу қиындық тудыратын күрделілігімен ерекшеленеді. Бірінің астнда бірі белгілі бір ретпен қабаттасып жатқан геологиялық құрылымдар мен денелерді біршама толық кескіндеу үшін геолгиялық картада көрсетілген қиып өтетін шекараларын тауып белгілі бір масштабпен кескіндеу қажет. Интрузивті денелердің шекарасын қимата тік сызықтар жолағы тетінде кескінделеді.

Қиманы геологиялық картаның масштабы мен шартты белгісіне сәйкес құрады. Қиманың тереңдігін геологиялық құрылымдардың картадағы дәлелді көрсеткіштерінің көмегімен кескінделеді. Біздің жағдайда ол қиматың ұзындығының оннан бір бөлігіне сәйкес келуі тиіс. Қимаға литологияға сәйкес келетін шартты белгілер қойылуы тиіс. Геологиялық қиманы тұрғызғанда келесі қателіктер кетеді:

1. қиманың бағытынан шатасатындықтан батыстан шығысқа қарай тұрғызу қабылданған;

2. Жер бетері ескерілмейді. Жер бедерін бастапқы карталарды пайдаланып биіктік белгілерін пайдаланад. Абсолют биіктік белгілері болмаған жағдайда жер бедерінің биіктік белгісі ретінде 250м алынады.

3. көлденең және тік масштабтарын өз бетімен өзгерту қималардағы геологиялық құрылымдардың бұрмалануын тудырады. Тұрғызуды жеңілдеті үшін бастапқы картадағы өлшемдерді ұлғайтуға ғана ұлықсат беріледі.

4. тау жыныстары қабаттарының қлыңдығын өз бетімен өзгертіледі. Егер қосымша мәліметтер болмаса қиманың барлық ұзындығында әр қабаттың қалыңдығы тұрақты болып қалуы тиіс.

5. шөгінді қабаттардың литологиялық құрамының шартты белгілері көпнесе геологиялық құрылымдарға қатыссыз белгілі бір қабаттың қалыңдығын көрсететін шекараларын қиып өтетін түзу, қиғаш штрыхтар түрінде беріледі. Шын мәнісінде қимадағы геологиялық құрылымдарды көрсететін шартты белгілердің сызықтық құрамдас бөліктері геологиялық картадағыдан ауытқымай қабаттың табаны мен қалыңдығына бағыттас жүргізілуі тиіс.

Геохронологиялық шкала және оның шартты белгілері. Жаңа ережелерге сәйкес 1:50 000 және оданда ірі геологиялық масштабты карталардың қосымшалары өзгерді.. Барлық геологиялық түзілімдердің шартты белгілері бұрын тек шартты белгілерде көрсетілсе қазір олар берілген ауданның геохронологиялық шкала бойынша сол геологиялық түзілімдердің жастарына сәйкес таратылады. Көптеген жылдар бойы стратиграфиялық бағананы жеке шартты белгілермен белілеп келсе қазір ол картаның шартты белгілерімен біріктірілген. Стратиграфиялық бағана 12.1 ә суретте берілген.

Картагның геохронологиялық шкаласы жалпы халықаралық геохронологиялық шкаланың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан бастапқы геологиялық картада қамтылған аумақта кескінделген қандайда бір шөгінді, эффузивті, интрузивті жыныстар мен кендердің түзілгенін көрсететін геологиялық уақыттың белгілі бір бөлігін қамтиды. Оның құрылысы 12.1 суреттегі 1:100 000 масштабты геологиялық картаның бөлігінде жақсы бейнеленгендіктен оныоқу қиындық тудырмайды. Тек бірін-бірі үздіксіз алмастыратын геологиялық уақыттың (мысалы, ордовик, силур) шекараларының кескінделуіндегі айырмашылықтарға, түзу сызықтар шөгінділердің жиналуындағы үзілістерді көрсететін толқынды үзіктермен алмасуына, дәуірлер мен кезеңдердің шегіндегі үзілістер мен масштабта көрсетілген шөгінді қабаттардың еніне баса назар аударыңдар.

Шкаланы тұрғызып бағананың оң жағына қабылданған геологиялық ережелерге сәйкес бірінің үстіне бірі қабаттасып келетіндей ретпен шөгінді қабаттарды тік төрт бұрыштармен белгілеп бояп әр қабаттың ішіне жастық индексін қою қажет. Қабаттардың қалыңдығын көрсететін тік төрт бұрыштардың бағыттас сәйкессіздігі толқын тәрізді сызықтармен белгіленеді (12.1-суреттегі ордовик, жоғарғы бор). Бұрыштық сәйкессіздік болған жағдайда ара тістес сызықтармен жүргізіледі.

Интрузивті түзілімдердің тік төрт бұрыштары шөгінді қабаттардың оң жағында жеке бағанада кескінделеді. Тік төрт бұрыштардың оң жағында шөгінді қабаттардың немесе интрузивті денелердің сипаттамалары жазумен берілед. Геолгиялық қимадан алынған шөгінді қабаттардың қалыңдығы жақшаның ішінде метрмен көрсетіледі..

Date: 2015-11-13; view: 2458; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию