Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Мұздықтар геологиялық әрекеті





Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып

жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар

(айсбергтер) жатады. Олар жербетілік, теңіздік және жерастылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар

құрлықта, теңіз жағалауларында (шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар бойы қалыптасады; қардың қайта

кристалдануынан, еріген судың қатуына байланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың

табиғи жиынтығы болып саналады.

Жербетілік мұздардың қүралуына ғасырлық орташа температураның 5—7°С-ка төмендеуі және осыған сәйкес климат ылғалдылығының артуы себепші болады. Температураның осындай ауытқуларына байланысты

полярлық және қоңыржай ендіктерде мұзды аймақтар қалыптасады.

Жербетілік мұздар кұрлықтарда атмосфералық ылғалдықтың артуына, дүниежүзілік мұхит деңгейінің төмендеуіне

(120 м-ге дейін) әсерін тигізеді.

Жербетілік мұздар жамылғы мұздықтар және таулық мұздықтар болып ажыратылады.

Теңіздік мұздар ұзақ жылдар бойы жүзіп жүретін қалқыма мүздықтардан (айсбергтерден) қүралады. Олар

өздігінен де және құрлықтағы мұздармен де байланысты дамиды. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың мұз

жамылғысы, Оңтүстік жарты шардың ықпа мүздары, шельф мұздары, айсбергтер.

Жерастылық мұздар көп жылдар бойы қатып, тоң болып жатқан тау жыныстарын қамтиды. Жердің даму

тарихында мұз басу дәуірлері протерозой, палеозой, кайнозой эраларын қамтиды. Төменгі антропогенде березин,

ока, ортаңғы антропогенде днепр, москва, карель, осташков, сартан мұз басулары және скандинавия, жаңа жер,

солтүстік орал, канада және т. б. мұзбасу орталықтары болған (VI. 10-сурет).

Мұздықтар — жер бетіндегі кішігірім шағын мұздардың жиынтығы. Олар қатты күйдегі атмосфералық (қар мен

бұршақ) жауын-шашынның жалпы мөлшері, оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жағдайда, тау

беткейлерінің қарлы жиегінен жоғары орналасқан бөлігінде пайда болады. Жер шарындағы бүкіл мұздықтардың

жалпы көлемі 30 млн. км3, ал олардың ауданы — 16,3 млн. км2, яғни жалпы құрлық ауданының 11 %-і.

Таулық муздықтар — биік тауларда қалыптасып, тау шыңдарын, шатқалдарды, кең ойықтар мен түрлі

ойдымдарды қамтиды (VI. 11-сурет). Қөбінесе олар мұзды өзен түрінде тау аңғарын бойлай созылып жатады.

Мұндай аңғарлардың өзіндік пішіні науа (астау} тәрізді болады. Олар трогтар деп аталады Мысалы

Қавказда, Памирде, Оралда және т. б. тауларда. Тау мұздықтары тәулігіне 0,1 м-ден 7 м-ге дейінгі жылдамдықпен

қозғала алады. Ең жорарғы жылдамдық, Памир тауының Аю мұздығында (1963 ж.) белгілі болды. Оның шамасы

тәулігіне 50 м-ге дейін жетті.

Материктік мұздықтар —- аралдарды немесе кочтиненттерді толық жауып жатады. Мұндай мұздықтар.Мұздықтанудың таралу схемалары (А. И. Москвитик* бойынша). Мұздықтанудық жиектері:

Ок — окалық; Д — днепрлік; М — москвалық; Қ — калининдік; О — осташковтық.

Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және т. б. аймақтарда кездеседі (VI. 13-сурет).

Олардың қалыңдығы мыңдаған метрге жетеді. Мысалы, Антарктидада мұз қабатының қалыңдығы 4200 м-ге

жетеді. Гренландия мұздарының мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4—37 м-ге жетеді. Мұхит

жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Соның нәтижесінде пайда болған айсбергтер жел мен судың

ағынымен ашық мұхитқа қарай ығып,

біртіндеп ери бастайды.

.Тау мұздықтарыныц құрылыс схемасы.

Аралық мұздықтар төбесі жайпақ тауларда қалыптасады (VI. 14-сур.). Олар бөлшектенбей, тұтас бір мас-са

турінде шоғырлана келе құз-шатқалдарды бойлай сүйірлене тарайды. Осы тектес мұздықтар Скандинавия

түбегінде байқалады. Жердің геологиялық даму тарихында мұндай мұздықтар ТМД-ның Европалық бөлігінде де

талай рет (бес рет) болғандығы анықталды. Материктік мұздықтардың қозғалысы Скандинавия түбегі жағынан

басталған.

VI. 12-сурет.Трогтың схемалық профилі.

Қазіргі уақытта мұздар жер бетінің 11%-ін алып жатыр. Олардың ішінде полярлық аймақтардың үлесіне — 98,5%,

ал қалған 1,5%-і биік таулы өлкелердің үлесіне тиеді. Сонымен, мұздықтардың атқаратын геологиялық қызметі

тау жыныс-тарын бұзу және үгілу заттарын жаңа орындарға тасымалдап, қолайлы бір орындарға жинақтау болып

саналады.

Аралық түрдегі мұздықтардыд құрылыс схемасы.

Мұздықтардың бұзушылық әрекеті, әсіресе олар қозғалған кезде орасан зор. Бұл әрекеттердің нәтижесінде алып

ойықтар, қазан-шұңқырлар мен апандар, айғыз-айғыз жолақтар, ойма шұңқырлар пайда болады. Қалыңдығы 100

м-дей мұз қабаты жылжығанда, оның та-банына түсетін қысым мөлшері әрбір текше метрге 92 т-дай болады екен.

Осындай қысым күшінің әсерінен бұзылып бөлшектенген тау жыныстары мұз массасымен бірге, оньщ ішінде

қалып қояды. Қалық мұз массалары жылжып, қозғалған кезде оньщ арасындағы тау жыныстарының үшкір қырлы

кесек бөлшектері тегістеліп, жұмырланып және жылтырланып өзіндік бедер пішіндері калыптасады.

Мұздықтардың бұзушылық әрекеті “экзарация” (латынша “экзарацио” жырту деген мағынада) деп аталады.

Экзарациялық әрекеттің нәтижесінде кар, трог, қой-маңдай тас, бұйра толқын қүз жартастар түріндегі бедер

пішіндері пайда болады.

Беткейлері тікшіл болып келген шағын қазаншұңқырлар карлар деп аталады (VI. 15-сурет); жайпақ беткейлі

жақтары мұздықтың бастамасын, ал тікшіл беткейлі жақтары оның қозғалу бағытын көрсететін оқшау жартастар

“қоймандайтас” деп аталады (VI. 16-сурет). Олардың беттерінде байқалатын айғыз-айғыз сызаттар мұздықтың

жылжып қозғалуы кезінде туатын үйкеліс күштеріне байланысты деп түсіндіріледі. Бедердің ой-шұңқырларымен

кезектесе алмасып кездесетін қоймаң-

VI. І5-сурет. Карр мұздықтарының кұрылыс схемасы.

дайлы жартастар бұйра толқын құз-жартастар түрінде байқалады.

Шатқалдар арқылы немесе басқа бір еңіс жазықтық бойымен жылжып-қозғалу кезінде мұздықтар жол-жөнекей тау

жыныстарының үгінді-сынық бөлшектерін өздерімен бірге ілестіре отырып, ең соңында мұз массасымен

араластыра қатайтып тоңазытады. Ал мұздықтардың еріп-жібуі кезінде, оның құрамындағы аралас кесек

жыныстар босап қалады да, шөгінді қабаттар түрінде жиналады. Олар мореналық шөгінділер деп аталады.

Беткі мореналар — аңғардың беткейлерімен тасымал-данған тау жыныстарының кесек бөлшектерінен

(сынықтарынан) тұрады. Мұздық бетіне құлап түскен тау жыныстарының сынықтары мұздықпен бірге көшіп-қонып

жүреді. Кейінірек, қар мен фирн қабаттары жинала келе мұздық бетін жамыла көмкеріп, жауып қалады да, бір

кездегі беткі мореналар мұздықтың орта шенінде, ал кейде түбіне қарай орналасады. Осындай жолмен ішкі

немесе түпкі мореналар пайда болады.

Мұздық толығымен еріп біткен жағдайда оның құрамындағы мореналардың барлық түрлері бір жерге жиналып

қалады. Олар шеткі және негізгі мореналар болып бөлінеді.

Шеткі мореналар мұздық тілінің аяқталған шетінде оның тез еріп таусылуы нәтижесінде құралады. Олар биіктігі

ондаран, жүздеген метр келетін төбелі қырқаларды қалыптастырады.

Негізгі мореналар жекеленген мұздықтардың жылдам еріп, таусылуы кезінде құралады. Негізгі мореналар

жиналған аймақтағы бедер пішіндері төбелі және жазықты болып келуі мүмкін. Олардық құрамы сыдырынды тас,

шақпа тас, құм, құмайт, саздак, және құмды саздан тұрады.

Негізгі мореналарды қүрайтын кесек бөлшекті жыныстардың әр тектілігі, іріктелмегендігі және қабат-қабат болып

жиналмайтындығы олардың өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Мұздық еруінен пайда болған су мореналық

және т. б. шөгінділерді шаяды. бсындай

жолмен шайылған шөгінділер тасымалдана келе салмағына қарай іріктеліп мұздық шөгінділер қалыптасады.

Мұздык, шөгінділер қазіргі немесе көне дәуірлердегі құрлықтық мұздықтардьщ негізінде түзілген шөгінділер болып

саналады.

Мұздық шөгінділер мореналық, сулық-мұздық болып бөлінеді. Мореналық шөгінділер қалың мұз массасы

ерігеннен кейін, оның құрамьшдағы кесек бөлшекті жыныстардың шоғырланып бір жерге жиналуына байланысты

тұзіледі. Олар дөңбек тас, қоймаңдай тас, бал-шық, саздақ, құмдақ секілді борпылдақ жыныстардан тұрады. Бұл

шөгінділер шеткі мореналық белестер мен жағалық мореналар, төбелер мен төбешіктер түріндегі жиналған

аккумуляциялық бедер пішіндерін кұрайды.

Сулық-мұздық шөгінділер мұздықтардың ішінде немесе оның шеткі жақтарындағы ойықтарда мореналық

шөгінділердің еріген сулары есесінен іркіліп қайт,а жиылуына байланысты түзіледі. Сулы-мұздық шөгінділер:

мұздық-өзендік (флювиогляциалдық), көлдік-мұздық (лимногляциалдық) түрлерге ажыратылады. Ағын сулар

әсерінен жиылатын флювиогляциалдық шөгінділер құмдардың, қиыршық тастардың, малта тастардың қиғаш

немесе көлбеу орналасқан қабаттарынан тұрады. Мұздықтың өз ішінде немесе мұздыққа таяу орналасқан

көлдерде жиылатын лимногляциалдық шөгінділер таспа саздардан құралады. Флювиогляциалдық шөгінділерден

төмендегі бедер түрлері қалыптасады:

Оз — бұрынғы мұздықтардың қозғалған бағытына қарай созылып жатқан қазіргі бел-қырқалар. Ұзындығы 30—40

км, ені бірнеше метрден 2—3 км-ге, биіктігі ондаған метрге жетеді. Құм, қиыршық, қойтас, малта тастан түзіледі.

Друмлиндер — ұзынша, созыла біткен төбелер мен төбешіктер. Ішкі ядросы түп жыныстардан немесе құмдардан

түзіледі. Биіктігі 45 м-ге, үзындығы жүздеген метрден 2,5 км-ге дейін, кейде одан да артық болады, ені 150—400 м.

Зандр — мұздықтардың шеті мен етек жағындағы мореналық материалдың (жібіген тоң шайылып) қайта шөккен

қалдықтары. Олар құмбаскан кеңістік құрайды.

Кам — бүрыс пішінді келген биіктігі 10—20 м-лік төбелер. Олар әр түрлі қүмдардан, қиыршық тастардан, малта

тастардан, таспалы балшықтан, койтастардан түзілген. Бір-бірімен өте күрделі түрде ұштасып жататын мұздық шөгінділер мұздық кешендер мен формациялар құрайды.

Көбінесе антропоген жүйесіне тән болып келетін мұздық шөгінділер қазіргі полярлық және қоңыржай белдеулік

зор аймақтарды алып жатыр. Докембрий, ордовик және жоғарғы палеозойлық шөгінділер арасынан тығыздалып

цементтелген, кейде метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған мүздық шөгінділер табылады. Қаратаудың

метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған жыныстар қимасынан “тиллиттер” деп аталатын мұздық шөгінділерінің

қабаттары кездесіп қалады. Қазақстан жерінде Солтүстік Тянь-Шань таулы аймақтарында (мысалы, Іле Алатауы),

Алтай тауларында қазіргі мұздықтармен байланысты мұздық шөгінділер кездеседі.

Мұздық шөгінділер құрамында қорымды (шашыранды) кендер кездесуі мүмкін.








Date: 2015-11-13; view: 750; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.014 sec.) - Пожаловаться на публикацию