Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геохронологиялық кестеге сипаттама





Стратиграфиялық атаулар Геохронологиялық атаулар

Эонотема Эон

Группа (топ) Эра (замана)

Система (жүйе) Период (дәуір)

Бөлім Эпоха (кезең)

Ярус (қабат) Ғасыр

Кейде жеке бір аудандарда зерттелген қабаттар Халықаралык, келісім бойынша қабылданған шкаламен

салыстыруға келмесе, онда олар үшін жергілікті атаулар беріліп стратиграфиялық ұсақ бөлімдер мен

бөлімшелерге (свита, подсвита, серия) ажыратылады. Стратиграфиялық шкала — белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын, ал оған сәйкес келетін геохронологиялық шкала — уақыт мерзімін көрсетеді. Шартты түрде стратиграфиялық атаулар стратондар, ал геохронологиялық ұғымдар геохрондар деп аталады.

Пайдалануға ыңғайлы болу үшін екі шкаланың да бөлімдері мен бөлімшелері бірдей атаулармен аталады.

Стратиграфиялық бөлімдер төменгі, орта және жоғарғы болып бөлінеді. Соған сәйкес геохронологиялық кезеңдер— алғашқы, орта және соңғы болып ажыратылады.

Эонотемалар — бірнеше эраларды (заманаларды) қамтитын ең ірі стратиграфиялық топтардан (эратемалардан) тұрады. Қазіргі кезде жердің тарихы екі эонотемаға ажыратылады:

1. Фанерозойлық (грекше “фанерос”—айқын, “зоэ”— өмір) — палеозой, мезозой және кайнозой топтарын

біріктіреді.

2. Криптозойлық (грекше “криптос” — жасырын, құпия, “зоэ” — өмір) — протерозой және архей топтарын

біріктіреді.

Топтар — бір эра (заман) бойы қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жинтығын құрайтын стратиграфиялық ұғым. Олар Жер қыртысының даму тарихында өте ұзақ кезеңдерді қамтиды. Топтардың шекарасы органикалық дүниенің құрт өзгеріп, жаңа түрлердің пайда болуымен анықталады. Топтардың және эралардың атаулары (грек сөздерінен құралады) алғашқы қарапайым өмірдің пайда болу және олардың даму сатыларымен байланысты.

Ең алғашқы тіршіліктің бастамасы — Жердің көне тарихымен байланысты. Бұл уақыт архей (грекше “археос” — көне, ескі деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой (грекше “протерос” — бірінші, алғашқы деген мағынада); палеозой (грекше “палеос” — ескі); мезозой (грекше “мезос” — орта); кайнозой (грекше “кайнос”— жаңа) болып бөлінеді. Жүйелер белгілі бір периодта (дәуірде) жиналған шөгінді қабаттарынан құралады. Олардын, атаулары, әдетте,шөгінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті (кембрий, девон, пермь, юра) атаулармен аталады. Мысалы, девондық жүйе Англиядағы Девоншир атты граф жерінің; пермьдік жүйе Пермь облысының атымен аталады. Сол сияқты жергілікті халықтардың атымен (ордовик, силур) немесе шөгінді жыныстардың құрамына (таскөмір, бор) байланысты аталады. Ал кейде олардың ішкі бөлімшелерінің санына қарай (мысалы, триас — үштік) да аталады.

Жүйелер бөлімдерге ажыратылады. Оған сәйкес келетін уақыт аралығы эпохалар (кезеңдер) деп аталады.

Бөлімдер — қабаттарға (ярустарға), соған сәйкес эпохалар _(кезеңдер) ғасырларға ажыратылады. Ең соңында қабаттар зоналарға, ал ғасырлар жылдарға бөлінеді.

Стратиграфиялық бөлімшелерді ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Топтардың индекстері оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, протерозой —РК); жуйелердің индекстері оның латынша атының бірінші әрпімен белгіленеді (мысалы, пермь — Р); ал оныңбөлімдері сан арқылы көрсетіледі. Мысалы, бор жүйесі (К) екі бөлімнен тұрады: төменгі бөлім (К1) жә-не жоғарғы

бөлім (К2)- Бұл индекстер геологиялық карталар мен геологиялық қималарда және т. б. геологиялық құжаттарда қолданылады. Мұндай құжаттарды оқуға қолайлы болу үшін түсті бояулар мен әр түрлі белгілер пайдаланылады. Мысалы, бор дәуірінде түзілген жыныстар — ашық көк түске, палеогендік жыныстар — қою сары түске боялады.

Абсолюттік геохронология — жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, сонымен бірге жердің

тарихындағы геологиялық ірі оқиғалардың болған уақыты және ұзақтығы (кәдімгі астрономиялық жылдар

есебімен) оның құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің (уран, торий, рубидий, калий, көміртегі)

ыдырау заттарын (238U 235U, 232ТҺ, 87КЬ, 40К, 14С) зерттеу арқылы анықталады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтауда радяологиялық әдісті қолдану мумкіндігі туралы алғашқы ойды француз ғалымы Пьер Кюри (1903 ж.) айтқан болатын. Радиоактивтік элементтердің ыдырауы (жартылай ыдырау мерзімі) — әр уақытта тұрақты болып, белгілі бір жылдамдықпен, өз бетінше жүріп жататындығы эксперимент жүзінде дәлелденген. Сонымен, ыдырау жылдамдығын ескере отырып минералдың құрамындағы радиоактивтік элементтің жасын оның ыдырау заттарының (изотоптардың) салмағына қарай анықтауға болады.

Қазіргі кезде қолданылатын радиологиялық әдістердің ішінде уран-торий-қорғасындық калий-аргондық,

рубидийлі-стронцийлық және көміртегілік әдістер ең бастылары болып саналады.

1. Уран-торий-қорғасындық әдіс уран, торий элементтерінің ыдырай келе радиогендік қорғасынға

айналатындығына негізделген: 288U--Рb-8Не4+, 235U-^207РЬ+ +7Не4+, 232ТҺ-”-208РЬ+6Не4+.

Қорғасынның изотоптық құрамы арнаулы аспаптар (масспектрометр) арқылы анықталады. Бұл әдіс

1ООмлн-нан 5 млрд-қа дейінгі аралықта анықтау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

2. Калий-аргондық әдісінде атомдық массасы 40-қа тең калий изотопы өзінің ядросына бір электрон қосып алып, аргонға айналады: 40К+е->~40Аг. Олардьщ қатынас саньша қарай (40Аг/40К) минералдық заттардың жасын анықтайды. Бұл әдіс жиі қолданылады. Өйткені, калий жер қыртысында кең таралған. Сондықтан да оның минералдары (дала шпаттары, слюдалар, амфиболдар, пироксендер) жиі кездеседі. К/Аг әдісі арқылы 100000 жылдан миллиард жылға дейінгі аралықта тау жыныстарының жасын анықтауға болады.

3. Рубидий-стронцийлық әдісі — рубидий изотопынын, (87КЬ) стронций изотопына (87Sг) айналуына негізделген. Рубидий (шашыранды түрде) калийлі минералдардың (слюдалар, калийлі дала шпаттары) құрамында кездеседі. анықтауға негізделген. Бұл изотоп атмосфера қабатында ғарыштық сәулелердің азотқа тигізген әсеріне байланысты кұралады.

 

Date: 2015-11-13; view: 4170; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию