Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Желдің геологиялық әрекеті





Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша “Эол” — жел құдайы

деген мағынада) деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылады немесе үгіліске

ұшырайды. Ал үгілу заттары желдің әсерінен (үрлеу күшіне) бір орыннан екінші бір орынға ұшып қонады. Желдің

геологиялық әрекеті әр түрлі процестермен сипатталады.

Корразия (латын тілінде “корразио” — қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұшырған ұсақ құм түйіршіктердің

жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әсерін айтады.

Дефляция (латын тілінде “дефлятцио” — үрлеу деген мағынада) деп, үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың

ұсақ құм түйіршіктерінің (желдің үрлеу күшіне қарай) жаңа орынға ұшып-қонуын айтады. Ал желдің үрлеу күші,

оның, жылдамдығымен анықталады.

Дефляциялық әрекет шөлді аймақтарда жиі байқалады. Дефляция жазық жерге қарағанда жел өтінде орналасқан

белесті үстірттерде күшті дамиды. Мұндай әрекеттерге байланысты әр түрлі пішіндегі скульптура

лық бейнелер (саңырауқұлақ немесе бағана т. б. тәрізді) қалыптасады.

Сазды, құмды жыныстан құралған шөлді далалар мен шөлейт жерлерде дефляциялық шағын ойыстар жиі

кездеседі. Олар желдің құйындап соғуынан пайда болады.

Ауаның қозғалыс жылдамдығы артқан сайын желдің геологиялық әрекеті де күшейе түседі. Мысалы, ауаның

қозғалыс жылдамдығы 4,5 м/с — 6,5 м/с болған жағдайда, ірілігі 0,25 мм-ге дейінгі үгілу заттары қозғалысқа

ұшырайды; 10—11 м/с болғанда ірілігі 0,5— 1 мм-лік түйіршіктер қозғалысқа араласады; 20—30 м/с-ке жеткенде 4

мм-лік кейде одан да ірі кесек бөлшектер домалай қозғалып, орын ауыстырады; жел жылдамдығы 30 м/с немесе

одан да жоғары болған кездері ағаштар тамырымен қопарылып жатады, ал 50—80 м/с жылдамдықпен қозғалған

кездері апатты жағдайға ұшыратады. Жел дауыл боп соққанда үгілу заттарының зор массасы шаң-тозаңдар

түрінде ауаға көтеріліп, алыс жерлерге көшіп қонады.

Бұл әрекеттердің жиі байқалатын орындары — құрғақ және ыстық климаттық аймақтар. Сонымен қатар өсімдік

өспейтін жалаңаш тасты тау-жоталары, өзендер мен теңіз жағалауы болып саналады.

Коррозия мен дефляциялық процестер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл процестердін, нәтижесінде жер

бедері әр түрлі пішінде қалыптасады. Мысалы, мұнара, бағана, саңырауқұлақ, сүйіртас, сандықтас секілді

пішіндер жиі кездеседі. Кейде олардың сыртқы көрінісі адамның немесе жануарлардың кескініне ұқсас болып

келеді.

Бедердің дұрыс пішіндері берік жыныстардың арасында, ал бұрыс пішінді бедер түрлері жұмсақ, борпылдақ

жыныстар арасында жиі байқалады.

Желдің тасымалдау әрекеті нәтижесінде ірілігі 1 мм-ге дейінгі құм және шаң-тозаң түріндегі үгілу заттары басқа

орындарға ұшып-қонады. Ал үгілу заттарының бұдан ірілеу бөлшектері тек дауылды жел соққанда ғана орын

ауыстырып, көшіп-қонуы мүмкін.

Жел үрлеген үгілу заттары жер бетімен домалай қозғалады, ал ауа қабатына ұшып көтерілген жағдайда желдің

соғу бағытына қарай қозғалады. Мысалы, Африка шөлдерінің шаң-тозаңы Атлант мұхитының жағалауларына

дейін (2100—2500 км-ге дейін) көшіп-қонады; Оңтүстіктен соққан жел Сахараның шаң-тозаңын Италияға, кейде Германия жеріне дейін жеткізетіндігі белгілі. Сонымен, эолдық шөгінділер осылайша да жиналады.

Желдің аккумуляциялық қызметіне байланысты құмды шөгінділер бір орынға жиылып өзіндік бедер пішіндері

қалыптасады. Олар жылжымалы (дюналар, бархандар) және бекіген (қырқалы, төбешікті) құм шоғырлары түрінде

жиі кездеседі.

Жылжымалы құм шоғырлары (өсімдік тамырлары арқылы бекімегендіктен) сусымалы келеді. Олар қатты жел

соққанда оп-оңай қозғалып көшіп-қонады, әр түрлі дыбыс шығарады.

Дюналар желдің құмды үйіре суырып үрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында

белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендер мен көлдердің және теңіздердін, жағаларында биіктігі 20—40 м-

дей адырлы құм үйінділері (дөңдер) түрінде жиналады. Дюналар әр түрлі климаттық жағдайларда кездеседі.

Бархандар (кұм шағылдар) сыртқы көрінісі қол орақ немесе тағаның ізі тәрізді болып келген асимметриялы құм-

төбелер түрінде түзіледі (VI. 2-сурет). Олардың сүйірлеу шеті желдің жиі байқалатын негізгі бағытын айқындайды.

Құмды шөлдерде олар тізбектеле топталып, желдің басымырақ соғатын бағытына көлденең орналасады. Оқшау

орналасқан құмды төбелер мен төбешіктер өте жылжымалы болып келеді. Олар жылына 5—6 м-ден 50—70 м-ге

дейінгі жылдамдықпен қозғалады. Мұндай құмдардың қозғалысы өте қауіпті. Өйткені олардың зор массасы

қозғалысқа ұшырап, көшіп-қонған жағдайларда егістік жерлерді, каналдарды, жолдарды, жеке үйлерді, тіпті елді

мекендерді түгелдей басып қалады.

Бекіген құмды-таулар шөлейтті аудандарда жиі кездеседі. Олар (биіктігі 10 — 20 м-дей) қырқалы құмдар түрінде

белгілі бір бағытта созыла орналасады. Құмды төбелер мен төбешіктер (биіктігі 10 м-дей ғана) жайпак беткейлі

болып келеді. Олардың жылжып көшіп-қонуына өсімдіктер жамылғысы тосқауыл болады.

Шаң-тозаңдардан түзілген шөгінділер шөлден тысқары аймақтарда лёсс түрінде жиі кездеседі.

Лесс-түсі ашық сары, құрамы біртекті келген, қабатсыз орналасқан шаң-тозаңдардан (0,01 — 0,05 мм),

борпылдақ жыныстар болып саналады. Оның негізгі құрамы ұсақ түйірлі каолиниттен тұрады. Әрине, қосымша,

ірілеу бөлшектерден құралған кварц, дала шпаттары, слюдалар, сонымен қатар кальций-магнийлі конкрециялар,

моллюскалар мен өсімдіктер қалдығы бірге кездеседі. Гранулометриялық (ірілі-ұсақтық) құрамы жағынан лёсс

саздақтар (балшықтар) мен ауыр құмдақтарға сәйкес келеді. Оның құрылысында кеуек қуыстар жиі байқалады.

Лёсс және лёсс тәрізді жыныстар шетелдерде — Европа, Азия, Солтүстік Америка, Аргентина елдерінің қоңыржай

белдеулерінің шөлді және шөлейтті аудандарында, біздің елімізде — Орта Азияда, Батыс Сібірде, Украинада,

Солтүстік Кавказда, Карпат сыртында, Қазақстанда — Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауында, Талас, Қаратау және

Шу өңірлерінде, Сарыарқа мен Торғай далаларында жиі кездеседі. Лёсс қалыңдығы бірнеше метрден ондаған

метрге, кейде 70 — 100 м-ге дейін (мысалы, Іле Алатауының тау-алды беткейлерінде) жетеді. Олардың түзілуі әр

түрлі геологиялық процестермен байланысты түсіндіріледі. Мысалы, неміс ғалымы

Ф. Рихтюфен лёстердің түзілуі субаэралдық, ал орыс ғалымдары

В. А. Обручев — эолдық, Л. С. Берг — топырақтық деп санайды.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, лёсс формациясы эолдық, элювийлік, пролювийлік, аллювийлік, мұздық, көлдік,

флювиогляциалдық жыныстардан құралады.

Лёсс формациясынан түзілген топырақ қабаттарының құнарлылығы өте жоғары. Лёсті шөгінділер халық

шаруашылығында құрылыс материалы ретінде (күйдірілген кірпіштер дайындауда) кеңінен пайдаланылады.

Date: 2015-11-13; view: 3539; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию