Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті





Атмосфералық жауын-шашын, жер бетіндегі ағын сулар жер бедерін үздіксіз өзгертіп отырады, яғни соның

әсерінен жер бетінін, бедері үнемі өзгеріп тұрады. Ағын сулар жер бетінің еңістігін қуалай қозғала отырып, бір-

бірімен қосыла келе иірмелерге, олар көбейе келе жіңішке жылғашаларға, бірнеше жылғашалар бір-бірімен

қосылып, жылғаларға айналады. Олар ең соңында өзендер құрайды. Ағын сулар, жолындағы борпылдақ

жыныстарды оп-оңай шайып әкетеді де, өзен арнасы қалыптасады. Судың белгілі бір жазықтықта байқалатын

бұзушылық әрекеті — жазықтық эрозия (шаю) деп аталады. Ағын сулардың эрозиялық әрекетіне байланысты

топырақ қабатының бұзылуы — топырақ эрозиясы деп аталады. Бұл әрекеттердін, ауыл шаруашылығына

тигізетін зияны өте зор.

Атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр мен қар) суларының бұзушылық әрекеті делювийлік (латыніпя “делюо” —

шаю деген мағынада) процесс деп аталады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде атмосфералық сулар ұсақ түйірлі

жыныстардан құралған үгілу заттарын өзімен ілестіріп әкетеді. Осындай жолмен тау беткейлерінде шоғырланып

жиналған (ірілі-ұсақты) тау-жыныстарының кесек бөлшектері делювий шөгінділері деп аталады Бұл

терминді бірінші болып академик А. П. Павлов қолданды.

Делювийлік процестердің нәтижесінде таудың биік бөліктері аласарады, ал ойдымдау келген бөліктері делювий

шөгінділерімен толып, биіктей түседі. Сонымен, делювийлік шөгінділер тау беткейін тегістеп отырады. Олардың

негізгі құрамы көбінесе саз балшықтардан тұрады.

VI. 3-сурет. Делювийдіқ пайда болу схемасы:

1 — тау беткейінің алғашқы беті; 2 —жазықтықтық шайылудан туған тау беткейінің төмендетілген беті; 3 —

делювий.

Жыралардың пайда болуы. Тау беткейлерінде жиі кездесетін әр түрлі ой-шұңқырларға атмосфералық су

қалдықтары жиналады. Олар асып төгіліп төмен қарай сарқылады. Тау беткейін құрайтын жыныстар эрозиялық

шайылу әрекеттеріне ұшырайды. Соның нәти-

жесінде жыралар пайда болады “Регрессиялық эрозия” заңдылығы бойынша, алғашқы жыра беткейді

бойлап, жоғарылап өсе береді. Жыраның көлденең қимасы V тәрізді болып келеді. Одан ары қарай жыра

біртіндеп тереңдей түседі. Оның сағасы аңғардың деңгейіне дейін жетеді. Жыраның бұл деңгейі “эрозия базисі”

деп аталады. Жыра эрозия базисінен төмен тереңдей алмайды. Соған байланысты оның түбінің көлденең қимасы

тегістеле түсіп, біртіндеп кеңейе келе U тәрізді пішін қалыптасады. Мұндай жыраның беткейлері біртіндеп құлай

келе, шөгінді жыныстарға тола бастайды, сөйтіп ең соңында сайға айналады. Егер жыраның түбі жер асты

суларының деңгейіне дейін жетсе, үздіксіз ағып жататын жылға пайда болады. Бұл жағдай жыраның одан әрі

тереңдеуіне себепші болады да, ақырында өзен аңғарына айналады. Жыралар халық шаруашылығына елеулі

нұқсан келтіреді. Пайдаланылатын жерлердің біразын істен шығарады. Жыралардың пайда болуына қарсы алдын

ала күрес жүргізуге болады. Ол үшін беткейлерін жыртпау керек.

Беткейлерді бойлай және жыраларды айнала көп жылдық шөптер мен өсімдіктер өсіру, сол секілді бау-

бақшаларды көбейту арқылы жыралардың ұлғайып дамуына қарсы тосқауыл жасауға болады.

Солифлюкця деп, коллоидты ерітінділерімен қаныққан сазбалшықты жыныстардың салмағы ауырлап, өз салмақ

күштері әсерінен тау беткейімен төмен қарай жылжу әрекеттерін айтады. Бұл процесс (қатаю мен жібу әрекеттері)

ерімей тоң болып қатып жатқан жазықтық беті арқылы кезектесе жүріп жатады. Жылжу жылдамдығы жылына бірнеше см-ден бірнеше м-ге дейін, ал кейде (апатты жағдайларда) сағатына жүздеген м-ге

жетеді.

Солифлюкция көпшілік жағдайда полярлық аймақтардың (солтүстік және полярлық Урал, Шығыс Сібір,

Қырғызстан, Чукот, Аляска, Шпицберген жерлері), қоңыржай белдеудің биік таулы аймақтарында көп жылдар

бойы тоң болып қатып жатқан аудандарда кең таралған. Солюфлюкция 2—3° ендіктен басталып, 8— 15°-қа

жеткенде қарқынды түрде дамиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде террасалар, белестер, шлейф баспалдақтары

секілді микробедер пішіндері қалыптасады.

Селді тасқындар. Сел дегеніміз, зор екпінмен жүйткіген, жойқын күшті балшық пен тас аралас сұрапыл су

тасқыны. Биік таулы аймақтарда кар мен мүз суларыныц орасан мол қорлары бар екендігі бәрімізге де белгілі.

Олар өте ыстық жаз айларында қар мен мұздың тез еруіне байланысты, нөсер жаңбыр жауған кездері, кішіпрім

тау өзендерін балшық пен тас аралас қоймалжың лай тасқындарымен толтырып, өте тез жылдамдықпен шың-

құздардан құлай аққан сарқырамаға айналып, ары қарай сай-саланы бойлап немесе жыраларды қуалай ағады.

Тарихи деректер бойынша жойқын күшті мұндай селді тасқындар Тяиь-Шань тауларында 1841 жылдан бері мәлім.

Мысалы, 1887 жылы Іле Алатауында болған жер сілкінуі кезінде, Ақсай және Алматы өзендерінде селді-тасқын

болған; 1921 жылы июль айында болған селді-тасқын кезінде сол кездегі Верный қалашығы (қазіргі Алматы

қаласы) зардап шегіп су астында қалған. Ал 1963 жылы 7 июльде болған сел-тасқыны кезінде биіктаулық Есік көлі

сарқырамаға айналып шарасынан асып төгілді де, қас қаққандай аз уақыт ішінде жоқ болды.

Бұдан он жыл өткен соң, 1973 жылы 15 июльде Іле Алатауының Медеу шатқалында сел тасқыны болғаны

көпшілікке белгілі. Бірақ қопарылыс жасау арқылы бұрынырақ қолдан салынған тасты бөгет селді тоқтатып,

қаланы апаттан сақтап қалды. Бұл әрине, селге қарсы күрестің дүние жүзінде алғашкы жасалынған эксперименті

болды. Соңғы жылдары Іле Алатауында және т. б. жерлерде сел тасқынына қарсы темір бетонды және тасты

бөгеттер көптеп салынуда.

Ғалымдардың есебі бойынша, сел тасқыны 3,8 млн. текше метрден астам балшық пен тас аралас қою массаны

тасты бөгетке әкеп тіреген екен. Қазіргі уақытта Медеудегі тасты бөгеттің биіктігі 200 м-ге дейін көтерілді.

Сонымен, Медеу шатқалында салынған тасты бөгет, селге қарсы күрестің үлгісі ретінде дүниежүзіне белгілі

болды. Бүрыннан атақты Медеу мұз айдынының даңқы онан сайын арта түсті.

Сел тасқындары қалай пайда болады және олардын, болу себептері қандай деген сұраққа жауап берейік, Селді

тасқындар — лайлы-тасты,сулы-тасты және лайлы болып үш түрге ажыратылады. Олардың биіктігі ондаған м-ге,

ені километрге дейін жетеді.

С. М. Флейшманның пікірі бойынша, Іле Алатауында байқалатын селді тасқындар нөсер жаңбырмен байланысты

(1841, 1921, 1940 жылдардағы селдер). Таулы аймақтарда жауған нөсер жаңбыр негұрлым күшті болса, оның

зардабы да соғұрлым зор болады. Нөсерлі жаңбыр кезінде, өзен алқабына келіп қосылатын құрғақ сайлар

балшық пен тас аралас қою массаға толып кетеді.

Сел қаупі, әсіресе ыстық жаз айларында (июль, август) өте күшті. Қейде селді тасқындар жаңбыр жаумай, ыстық

болмай-ақ мұздық белдеулерде жер астындағы көлдер жер бетіне бұзып шығатын жағдайларда да болып тұрады.

Мысалы, 1979 жылы 19 июльде Орта Талғар өзенінің бас жағында осындай жолмен сел тасқыны болды.

Сонымен селдің болуы үш жағдайға тікелей байланысты: 1) атмосфералық ылғалдың (қар мен жаңбырдың) мол

болуы; 2) биік таулық бедердің болуы; 3) үглу заттарының көп болуы.

Тау бөктерлерінде жыл маусымдарына байланысты кенеттен болатын тасқын сулардың (қатты нөсер жаңбыр,

селді тасқын, еріген қар мен мұз сулары) әрекеттері нәтижесінде тасымалданып ысырынды конус түрінде

жиналатын тау жыныстарының мүжілген кесек бөлшектері мен борпылдақ жыныстардың жиынтығы пролювий деп

аталады.

Пролюийдік ысырынды конустар бір-бірімен бірігіп тұтасқан шлейфтер кұрайды.

Ысырынды конустың басталған жері мен тауға таяу аралығында дөңбек қой тастар мен малта тастар көбірек

кездеседі; жазыққа қарай ұсақ малта тастар, құмдар, ал ағын су әрекеті баяулайтын жерлерде лёстержәне құмдар мен саздар жиналады, одан ары қарай (ең шеткі аймақтарда) гипсті, тұзды болып келетін ағын

сулардан (қысқа уақыт аралығында) алевритті--балшықты жыныстар түзіледі. Шөгінділердін, тасымалдану жолы

қысқа болған жағдайда пролювийлік жыныстар іріктелмеген үшкір қырлы кесек бөлшектерден құралады.

Пролювийлік жырынды конустарда Алматы, Әндіжан, Қоқан және Кавказдыд кейбір қалалары орналасқан.

Өзен шөгінділері аллювий деп аталады. Өзен аңғарларында және өзен арнасында жиналатын кесек

бөлшектерден және борпылдақ жыныстардан құралған (дөңбек тас, малта тас, қиыршық тас, құм, құмайт,

балшық, саздық) шөгінділер аллювийлік болып саналады. Олар аққан судың екпіні мен бағытына қарай ірілі-

ұсақты бөлшектерге жіктеліп отырады. Жайылмалық аллювий шөгінділері ұсақ түйіршіктерден тұрады. Олар су

деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты түзіледі. Өзеннің ескі арналық бөлігінде ескі арналық аллювий

шөгінділері кездеседі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-де-лювийлік шөгінділер жиналады. Олардың арасында

әр түрлі пайдалы қазбалар (алтын, алмас, платина және т. б.) кездеседі.

Аллювийлік шөгінділер (қүм, малта тастар) құрылыс материалдары ретінде өте бағалы кен-орындарын кұрайды.








Date: 2015-11-13; view: 674; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию