Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы. Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын





Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын дербес ғылым ретінде қарастырылады. Осыған орай этнопедагогика компоненттерінің логикалық құрылымын айқындау үшін оның мақсаты мен міндетін, обьектісі мен заңдарын, заңдылықтары мен теориясын педагогикамен салыстыруда құрылымдық- талдау әдісін қолданамыз. Мұндағы этнопедагогика компоненттерін Г.Н. Волков еңбегі бойынша құрылған.

Кесте 1 (этнопедагогика бойынша: мақсаты, міндеттері, обьектісі, пәні, функциясы, әдістері, принциптері, категориялары, заңдары, заңдылықтары, теориялары қарастырылады.)

Кесте 1 (ЭТНОПЕДАГОГИКА)

Ғылымның компоненттері Этнопедагогика–жас жеткіншекті тәрбиелеудегі халық бұқарасының тәжірибесін, олардың педагогикалық көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым
Мақсаты мен міндеттері Мақсаты: бойында «ақыл», «қайырымдылық», «еңбекқорлық» қасиеттері бар жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу; Негізгі міндеттері: · Халық педагогикасының ерекшелігін, оның пайда болуын, дамуын және қазіргі замандағы жағдайын, халық өміріндегі орнын, адамзаттың педагогикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу; · Халық тәрбиесінің негізгі категориялары мен заңдылықтарын айқындау; · Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру процессін зерттеу; · Халық педагогикасының педагогикалық ғылыммен байланысын айқындау;
Обьектісі Халықтық педагогика
Пәні 1.Жалпы халықтық педагогикалық мәдениет аймағы. 2. Халықтық педагогика: · негізгі педагогикалық түсініктер; · бала тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде; · тәрбие функциялары; · тәрбиенің факторлары; · тәбие әдістері; · тәрбие құралдары; · адам тұлғасын жетілдіру идеясы; · тәрбиені ұйымдастыру; · адамның өмір сүруіндегі педагогикалық маңызы; халық тәрбиешілері;
Функциясы · Этникалық педагогика тарихи жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған ұлттық мінез- құлықтың ерекшеліктерін зерттейді. · Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған құнды педагогикалық байлығымызды насихаттау. · Халықтық педагогикалық салт-дәтүрлердің сақталу себебін анықтау және қазіргі қоғамның рухани өміріне ену механизмін анықтау; · Үлкен және кіші мөлшердегі халықтардың тәрбиелік ерекшелігін түбегейлі зерттеу;
Әдістері Этнографиялық, бірақ педагогикалық обьектіні зерттеуге бағытталған әрі педагогикалық мазмұнға толы және басқа да ерекше педагогикалық әдістермен өзара бірлестікте. Педагогика пәнінің қарастыратын мәселелерін ысырып, халық түсінігіне сәйкес бір адамзаттық ғасырды толық педагогикалық цикл ретінде қарастыратын этнопедагогикалық тәсіл.(«Адам немере болып туады, ата болып өледі»)
Принциптері Табиғилық (Волков бойынша) табиғатпен үйлесімділік, бейбітшілік, келісімділік жағдайында болу; Ұлттық және жалпы адамзаттық, жалпы және жеке меншік бірлігі принципі жасерекшілік кезеңденуінде табиғатпен ұқсастығы басым болады: бір жағынан этникалық ерекшеліктер зерттесе, екінші жағынан халықтық педагогикалық мәдениеттін бірлігі анықталады. Халықтық принципі.
Категориялары · Халықтық педагогика · Халықтық педагогикалық шығармашылық · Халықтық педагогиканың негіздері · Балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде · Тәрбиенің халықтық құбылысы · Халықтың педагогикалық мәдениеті · Халықтық тәрбиенің ерекшеліктері: мирасқорлық, табиғилық, синкритизм, бұқарашылдық. · Этнопедагогика · Этнопедагогикалық тәсіл · Этнопедагогиканың объектісі · Этнопедагогиканың пәні
Заңдылықтары Халық мәдениеттің деңгейі қай салада болмаса да, халықтың педагогикалық мәдениетінің деңгейін анықтайды. Халық педагогикасындағы нашар тәрбие болашақ ұрпақтың жүріс-тұрысының төмендеуімен байланысты болады. Халық педагогикасында тұжырымдардың тұтас иерархиясы орын алады, жалпылаудың әр сатысында адам жоғарылай береді. Жалпы заңдылық – игі ұлттық әрқашанда интернационалды.

Құрылымдық-аналитикалық тәсілдің мақсаты кез-келген білімнің ғылыми жүйесінің статусын зерттеуді көздегендіктен, бұл салыстырмалы талдау этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, оның ғылыми статусын айқындайтын негізгі компоненттерін ашып көрсетеді.

Сондықтан да Г.Н. Волковтың зерттеулері қанша уақыт өтсе де қазіргі күнде әсіресе әдіснамалық жағынан маңыздылығы жойылмайды. Этнопедагогика педагогика ғылымының құрамдас бөлігі болғандықтан, жалпы педагогиканың заңдары, принциптері, заңдылықтары оған да қатысты болады.

Date: 2015-10-18; view: 3876; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию