Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дәріс № 3. Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлары





Халықтық педагогика- белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс-тәжірибесі. Осы іс-тәжірибені зерттейтін ғылымды этнопедагогика деп атайды. Олай болатын болса этнопедагогика халық тәрбиесін зерттейтін ғылым. Бірақ та қазіргі ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині қолданылады. Сондықтан этнопедагогика- этникалық тәрбиені зерттейтін ғылым дегеніміз жөн болады. Сонымен, этнопедагогика ғылымының пәні- этникалық тәрбие болып табылады.

Құнды әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үрдісін тәрбие деп атаймыз. Адамның кез келген іс-әрекетінің этникалық қайнар бастауы болады, себебі кез келген адам міндетті түрде белгілі бір этностың мүшесі болып табылады, сондықтан да қандай тәрбие түрі болмасын бәрі де этникалық сипатта болады. Этникалық тәрбиенің құрылымы: идеясы, мақсаты, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесі, құралдары, халық тәрбиешілері. Идеясы: адамзаттың ең жоғарғы құндылығы ретінде этностың өз өмірін сақтап қалу идеясы. Мақсаты: этнос субъектісін қалыптастыру. Міндеттері: әлемнің этникалық бейнесінің біртұтастығы туралы жалпы көзқарасты қалыптастыру; өз этносының мәдениеті, тарихы, тілі, және географиялық аймағы туралы білім беру; этномәдени құндылықтарды сақтау, дамыту және жеткіншек ұрпаққа мұра ретінде қалдыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру; өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныстарын дамытуға ынтасын арттыру. Принциптері: ұлттық, ұлтаралық және жалпыадамзаттық диалектикалық бірлік принципі; тәрбиенің үздіксіздік және шексіздік принципі; этноәлеуметтік рольдерді меңгеру принципі; табиғат заңдылықтарына сәйкестілік принципі (жас және жыныс ерекшеліктерін ескеру); мәдениет заңдылықтарына сәйкес принципі. Мазмұны: ақыл-ой, адамгершілік, сұлулық, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесі. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, қарғау, сөгу, кінәләу және т.б. Құралдары: санамақ, жаңылтпаш, өлен-жырлар, бесік жыры, тақпақ, жұмбақ, ертегі- аңыздар, айтыс, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, саяттар, ырымдар, ұлттық ойындар, жол-жоралғылар. Халық тәрбиешілері: әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа- ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері. Нәтижесі: этнос субъектісі (сегіз қырлы бір сырлы, жетілген, кемелденген адам).

Мәдениет- бұл өзгеше құбылыс. Ол өте күрделі, көп жақты және қоғамдық өмірдің барлық сфераларына қатысады. Мәдениет «әлеуметтік организмнің бүкіл денесіне таралған сияқты». Мәдениет феноменінің көп аспектілігіне қарай оны зерттеуде көп концептуалдық әдістер бар. Бірақ, зерттеп отырған мәселенің ерекшелігіне қарай біз Ю. В. Бромлейдің концепцияға жасаған талдауына жүгінеміз.

Бүгінгі күнде мәдениет іс-әрекеттік түсіндірмесі мәдениет жайлы әдебиеттерде көшшілікке мәлім. Бұл концепцияның авторы Э. С. Маркорян. Ол мәдениет феноменіне сипаттама бере отырып, «Іс-әрекет әдісі» негізгі категория болып табылады дейді. «Іс-әрекет әдісі» деген ұғым адамзаттың іс-әрекетті қандай да бір процесс «қалай», «қандай жолмен», «қандай әдістер жүйесінің» арқасында жүзеге асады деген сұрақтарға жауап іздейді. Осыған байланысты тікелей сана сферасына жататын мәдениет элементтері өте маңызды, олар қандай да бір функцияларды атқаратын адамзат іс-әрекетінің спецификалық әдістерді білдіреді. Мәдениет сферасының басқа функцияларына – техника, физикалық өмірді қамтамасыз ететін әдістер т. б. жатады. Осыладың арқасында адамдар қоршаған ортаға әсер етеді, қоғамда өмір-сүруге қажетті өніммен қамтамасыз ету үшін оларды өзгертеді.

Э. С. Маркарьян мәдениеттің жүйеге байланысты үш түрін ашып көрсетеді. Біріншісі – қоғамның биофизикалық ортаға бейімделу әдісін көрсететін табиғи-экологиялық мәдениет. Оның фундаменті болып материалдық өндірістің мәдениеті табылады. Мәдениеттің тағы бір экологиялық сипаттағы екінші түрі қоғамдық-экологиялық деп аталады. Бұл түрі қарастырып отырған қоғамның бейбіт және әскери жолмен байланысқа түсу әдісімен сипатталады. Мәдениеттің үшінші түрі әлеуметтік жүйенің өзін қолдауға бағытталған әлеуметтік реттеуші мәдениет деп аталады. Бұл түрінде мәдениет өзінің көп түрлі функцияларын жүзеге асырады. Мәдениеттің осы түрінің арқасында адамзат әрекеті әр деңгейде ынталандырылады және дәлелденеді.

Осылайша жоғарыда айтылып кеткендей, жүйеге байланысты мәдениеттің табиғи-экологиялық, қоғамдық-экологиялық және әлеуметтік реттеуші түрлері - бұл автономды пайда болғандар емес, бұл «бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын адамның іс-әрекетінің комплексті әдістері.

Сонымен, мәдениет – адамды адам ететін біртұтас орта, жай халықтан – халықты, ұлттан ұлт тудыратын орта.








Date: 2015-10-18; view: 806; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию