Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Этнопедагогика әдіснамасы ұғымы білім мен іс-әрекет жүйесі ретінде





Ғалым В.В. Краевский: «Түсінбеушілік методологиясының анықтамасы мен міндеттерінен басталады»... дей келіп, педагогика аймағындағы іс-әрекеттің үш түрінің байланысын: практикалық, арнайы – ғылыми және әдіснамалық зерттеу формаларын береді. В.В Краевский ғылым мен практика үшін үлкен маңызы бар, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысады: «педагогиканың методологиясымен айналысу деген не? Педагогика методологиясымен кім айналысуы керек? Методологиялық білім алудың қандай әдісі бар?» В.В Краевский практикалық іс-әрекеттен бастайды. Оның субьектісі (педагог, тәрбиеші) педагогикалық іс-әрекеттің құрамына кіретін, әртүрлі білімдерді қажет етеді. Олардың жиынтығын автор методологиялық қамтамасыз етілу деп атайды, яғни зерттеуші ғылыми танымның субьектісі ретінде арнайы іс-әрекетпен айналысады және ол да өзінің іс-әрекетінде ғылыми қамтамасыз етілуді қажет етеді.

Ғалым В.В. Краевскийдің белгілеуінше, «педагогиканың методологиясы өзінің реттеушілік функциясын күшейте отырып, педагогикалық шынайылықты және тікелей ғылыми іс-әрекетті туғызады». Осылай байланыстыра отырып, педагогикалық шынайылықты және тікелей өзінің көзқарасын келесі түрде көрсетеді: «педагогика методологиясы – бұл тек педагогикалық шынайылықты көрсететін, білімді игерудің амал-тәсілдерінің принциптері және педагогикалық ғылымның құрылымы мен негізі туралы білімнің жүйесі ғана емес. Сонымен қатар, ол арнайы-ғылыми педагогикалық зерттеулердің методологиялық қамтамасыз етілудегі іс-әрекет жүйесі болып табылады. Олай болатын болса, педагогикалық практикалық іс-әрекет – педагогикалық ғылымдардың обьектісі, ал ғылыми іс-әрекет- педагогикалық ғылымның методологиясының обьектісі (Кесте бойынша талдау жасау)

Методологиялық қамтамасыз етілу: методологиялық іс-әрекеттің анағұрлым көп таралған түрі – зерттеуді методологиялық қамтамасыз етудің қалыптасуы.

В.В. Краевскийдің еңбектерін талдағанда, бұл этнопедагогикалық зерттеулер көбінесе педагогиканың шарықтауына бағытталған, іс-әрекеттің арнайы ғылыми сипатында болғандығын көрсетеді. Педагогикалық теория және методологияның қатынасы туралы сұрақтар бойынша ғалымдардың пікірлері:

В.В. Краевскийдің көсқарасымен мына тұрғыда сәйкес келеді, яғни методологиялық білімнің мәні тек білім және таным туралы емес, сонымен қатар сәйкес келетін обьектінің қайта пайда болуы туралы білім ретінде де:

1. Танымдық құралдардың дамуына және зерттеулерге бағытталған методологиялық талдаумен сәйкес келеді.

2. Шынайлықтың кейбір обьекті аймағының шарықтауына және зерттеулерге бағытталған нақты-ғылыми талдаумен сәйкес келеді.

Олардың пікірінше, методологиялық, теориялық, эмпирикалық білімнің тығыз байланысын және шынайылықтың өзі қазіргі методологиялық анализдің дамуының ерекшелігін қажет деп санаған.

Этнопедагогика үшін методологиялық білімнің қалыптасу көзі біріншіден, обьективтіліктің, танымдылықтың, детерминизмнің, дамудың, тарихилықтың, теория мен практиканың бірлігінің – материалистік принципі болып табылады.

Екіншіден, жалпы ғылымдық әдістер – анализ, синтез, дедукция, индукция, аналогия, идеализация, салыстыру, бақылау, эксперимент, өлшеу, модельдеу, және т.б., Үшіншіден, этнопедагогика аймағындағы арнайы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, сонымен қатар педагогтардың практикалық іс-әрекеті.

Этнопедагогиканың өзекті идеясы – бұл этнология, этнопсихология, этномәдениет т.б. жеке ғылымдарда белгілі болған зерттеу құралдары мен әдістерінің қатынасы мен дамуына байланысты пайда болған, ғылыми білімнің ерекше бөлігі ретінде қатысатын ғылыми зерттеудің методологиясы болып табылады.

Педагогиканың теориясы және методологиясы арасындағы өзара байланысты зерттей келе, зерттеуші мынаны табады:

Методология пәні- педагогикалық ғылым, яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеу процесі және оның нәтижесі – педагогикалық білімдердің жүйесі;

Теория пәні – мақсатты бағытталған оқу-тәрбие процесі. Бірақ зерттеушінің анықтағанындай, көрсетілген айырмашылықтарға қатысты, яғни педагогиканың методологиясы мен теориясы іштей бірыңғай немесе біртұтас.

Методологиялық білімнің құрамына В.И. Журавлев мына топтарды кіргізеді:

1. Педагогикалық ғылым мен практиканың әлеуметтік мақсаты;

2. Педагогика білімі туралы ғылым;

3. Педагогика теориясының түсініктеме қоры;

4. Педагогикалық зерттеудің әдістері;

5. Педагогикалық болжамның принциптері мен әдістері;

6. Педагогикалық болмыстың өзгерген әдістері мен принциптері;

7. Педагогикалық зерттеулердің бағыттары мен нәтижелерінің идеологиялық интерпритациясының принциптері;

8. Педагогикалық критериалдық (белгілеу аппараты).

Көрсетілген топтарды методологиялық білімнің құрамына кіргізудің обьективтік себебін ғалым: жалпылық; фундаментальдық; икемді құрудың бүтіндігі деп көрсетеді. Журавлевтің осы жіктеуі жан-жақты сипат алады, өйткені оны педагогикаға да, сондай-ақ этнопедагогикаға да және педагогикалық білімнің басқа салаларына да қолдануға болады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5.

 

Date: 2015-10-18; view: 2718; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию