Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс № 4. Халық идеялындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі





«Жетілген тұлға» ұғымын анықтау мақсатында әлеуметтік ғылымдар саласындағы «тұлға», «даралық», «жеке адам» ұғымдарын зерттеу тарихына сүйенеміз.

Тұлға – «адамзаттық таптың жеке бір өкілі, биологиялық тірліктің түрі» оның психологиялық үрдісі биологиялық деңгейде өтеді, тіршілік ету әрекеті болмысты дене арқылы сезінумен қабылдау, есту және көрумен шектелген. Оның негізгі қызметі – жалғастырушы ролін орындау және дәстүрді тарату.

Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Cодан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Егер философиялық категория әлеуметтік жүйеге бастапқы екеуінің мазмұнының анықтау қиын болмаса, онда екі негізгі философиялық категориялар тұлға және субъект мазмұнын анықтау әртүрлі пайымдаулары, сан-қырлы ағымы мен бағыты бар тұтас теорияны тудырады.

Тұлға теориясының даму тарихында оның түсініктік аппаратының талданылуы тұлғаның құрылымы, тұлғаның қозғалмалылығы, тұлғаның іс-әрекеті сияқты түсініктерді ашып көрсетеді.

Адам тұлғасының көп қырлылығы бәрінен бұрын адамның басқа биологиялық тірліктен негізгі айырмашылығы оның сана-сезімі мен ойлау қабілетінің бар болуымен ерекшеленеді. Санасы мен ойлау қабілеті тұлғаның әлеуметтік бастауын анықтайды. Философиядағы тұлға мәселесі- бұл біріншіден адам әлемде қандай орын алады, және де ол шын мәнісінде ме, бірақ, «...адам кім бола алады, яғни, адам өз өмірінің қожайыны бола ала ма немесе өзін өзі жасап және өз өмірін өзі құра ала ма». Педагогика үшін тұлғаның философиялық және әлеуметтік тұжырымдамасының маңызы өте зор, өйткені тұлға маңыздылығын айқындау үшін соңғы шыққан нүктесіне сәйкес өзі соған қатысты және сонда өз қызметі мен рөлін орындайтын әлеуметтік жүйе болып табылады. А.Н.Леонтьев «жеке адам» және «тұлға» ұғымдарына анықтама бере отырып, сол және басқа тұтастықта бейнеленген олардың қиылысу аясын анықтайды «жеке адам» үшін оны «генотиптің пайда болуымен», «тұлға» үшін әлеуметтік фактормен анықтаған жағдайда осы тұтастықты талдау негізінде бұл түсініктерді бір –бірінен ажыратып көрсетеді. Осыны негізге ала отырып ол мынадай түсінік береді: «Тұлға адамның қоғамдық- тарихи және генетикалық дамуының соңғы өнімі». К.К.Платонов тұлға құрылымын төрт бөліктен тұрады деп пайымдаған:

- әлеуметтік қамтамасыз етілген ішкі бөлігі (бұл бөліктін ерекше қасиеті тұлға азаматтығының желісіне мінездеме беріп, іс-әрекеттің барлық бағытындағы белсенділіктің көріну себебін айқындайды);

- жеке қалыптасқан тәжірибе;

- психикалық процестердің дара ерекшеліктері;

- тұлғаның биологиялық (генетикалық) қасиеті.

Сол сияқты Б.Г.Ананьевта тұлғаның бір бірімен өзара әрекетінің негізгі төрт қырын бөліп көрсетеді: «биологиялық ерекшеліктері, дара психикалық процесстердік ерекшеліктері, тұлға тәжірибесі, тұлғаның әлеуметтік сапасы».Сонымен қатар, ол тұлғаның әлеуметтік қырын – тұлға мәнін анықтауда үстемдік етуші ретінде қарастырады. Осыған орай, адам мінез-құлқымен іс-әрекетін салыстыра отырып, іс-әрекеттің барлық түрлерінің өзіне тән мәні болғандықтан, ол мінез-құлыққа рулық сипаттама ретінде қарап, сөні жөн көрді. Сонымен қоса көне қазақ ойшылы Жүсіп Баласағұнидің тұлға туралы тәлімінің маңызы өте зор. Оның тұлға туралы тәлімінің маңыздылығы сонда, ол тұлғаның негізгі төрт құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетеді:

- Парасат (сөзбе -сөз, сана, ақыл, ойлау қабілеті, даналық). Берілген компонент тұлғаның когнитивтік құбыласын тудыра отырып, оның танымдық, интеллектуалдық іс-әрекетімен сай келеді.

- Қанағат (сөзбе-сөз қанағаттанарлық, алғыс, өзінде бер азға да қанағат тұту, бірақ азға қанағат тұтып қалмай өз мақсатына жетуін керек, ол үшін біреудін ала жібін аттама). Ол тұлғаның рухани-адамгершілік құбыласын тудыра отырып, оның бағыттылық іс-әрекетімен сай келеді.

- Әділет (сөзбе-сөз әділеттілік, ақиқат: адамның әлеммен, табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасының ең жоғарғы деңгейі). Ол тұлғаның әлеуметтік-нормативтік құбыласын тудыра отырып, оны коммуникативті реттеу іс-әрекетімен сәйкестендіреді.

- Дәулет (сөзбе-сөз молшылық, жетістік, материалды байлықты білдіреді, әрине бұл жерде бірінші және негізгі байлық психикалық физиологиялық денсаулықты білдіреді). Бұл құрылымдық компонент тұлғаның психо-физиологиялық құбыласын тудыра отырып, оның эстетикалық, дене және тәжірибелік іс-әрекетемен сай келеді. Осы тұжырымдама қазақ халық даналығындағы «сегіз қырлы бір сырлы» нақыл сөзімен байланысып төрт құбыланың (психо-физиологиялық, әлеметтік-нормативтік, когнитивті, рухани-адамгершілік) қиылысуы мен ажырамастығын кесімдейтін тұлғаның сегіз қырын көрсетеді. Сонымен, тұлғаның көп қырлылығы оның биологиялық және әлеуметтік бастауының бірлігімен анықталады.

Этнос субъектісі түсінігі. Этнопедагогика дербес ғылым ретінде этникалық тәрбие және этнос субъектісі деген маңызды ұғымдарды қарастырады. Этнос субъектісін қалыптастыру мақсатты үрдіс болып қаралатындықтан, этникалық тәрбие контекстіндегі беріліп отырған ұғымдардың мәнін мүмкіндігінше толығынан айқындауға болады. Осы үрдістің мақсаттылығына назар аударылу тұтас екі процесстің қатысуымен топшыланады, олар: мақсатты қою іс-әрекеті және мақсатты жүзеге асыру іс-әрекеті. Бұндай жағдайда этникалық тәрбиенін мақсаты- этнос субъектісін қалыптастыру деп түсінімез. Сонымен этникалық тәрюбие контекстіндегі этнос субъектісі берілген үрдістің мақсаты және нәтижі болып табылады. Этнос субъектісі- бұл өзінің табиғатын және ата-баба тарихын жақсы таныған, ұлттық-мәдениетті белсенді қайта құрып, өз этносының әлеуметтік тәжірибесін ана тілін сақтаумен байыту арқылы жас жеткіншекке жеткізуші адам.

Date: 2015-10-18; view: 1850; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию