Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Есту бұзылыстары бар балалар іс-әрекеттерінің ерекшеліктері





Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Керең балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2,5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана.

Заттық іс-әрекет негізінде керең баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, бірінші қатарда - көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/; қозғалыстары дамып, күрделенеді, негізгі ойлау түрі - бейнелі-әрекеттік -қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын - мектепалды жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті. Ерекшеліктері: керең балалардың ойындарында үлкендердің өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-қатынастары бейнеленеді. Ойын іс-әрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері күрделеніп, толықтырыла түседі.

Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының деңгейін.

Жүйелі тұтастылық принципі. Баланы зерттеудегі жүйелі тұтастылық принципі психикалық даму бұзылыстарының кейбір көріністерін ғана емес, сонымен қатар олар арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Есту бұзылысы бар баланы толық зерттеу оны іс-әрекет процесінде бақылауды /заттық, ойын, оқу, еңбек/ және онымен қарым-қатынасқа түсуді талап етеді. Есту бұзылысының маңызын және оның психикалық даму процесіне әсерін түсіну мақсатымен баланы үйлесімді зерттеу қажет. Бұл зерттеу арқылы оның қазіргі уақыттағы білімдері мен іскерліктері ғана анықталмайды, қосымша оның мүмкіндіктеріне, «жақын даму аймағына» байланысты болжам жасалады. Ерте балалық шақ және мектепалды жас кезеңдерінде сөздік емес тапсырмалар қолданылады, өйткені бала мен үлкен адам ауызша сөйлеумен қолдана алмайды. Бастысы - бала есту бұзылысының деңгейін және кемістігінің пайда болған уақытын анықтау.

Есту бұзылыстары бар балалардың жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін жұмыстардың келесі бағыттары анықталған:

1. Есту бұзылысы бар баланың жеке тұлға қасиеттері, эмоционалдық
ерекшеліктері және іс-әрекет ережелері жайлы түсініктерін
қалыптастыру қажет.

2. Балаларда аталған қасиеттерді басқа адамдар - балалар мен үлкендер,
іс-әрекеттерінде байқауға үйрету, олардың әрекеттерін түсіну
іскерліктерін қалыптастыру, бағалау үлгілерін беру қажет.

3. Есту бұзылысы бар балалардың адекватты өзін-өзі бағалауын
қалыптастыру, өйткені, ол бір жағынан өзіндік іс-әрекетті басқара
алудың негізі, бір жағынан - түлғааралық қарым-қатынастың жағымды
болуының шарты.

Бастауыш мектеп және жеткіншек жастағы балалардың адамгершілік қасиеттерін, өмірлік жағдайларды талдау арқылы түлғааралық қарым-қатынасқа түсу қабілеттерін, әдеби кітаптар, кино, қойылымдар арқылы кейіпкерлердің эмоционалдық уайымдары мен байланыстары жайлы түсініктерін кеңейту, толықтыру керек. Әр бір жастық кезеңде оқыту мен тәрбиелеуді байланыстыру қажет.

 








Date: 2015-10-19; view: 512; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию