Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Имыл-қозғалыс аппаратының қызметіндегі бұзылыстар





Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктерін мінездейтін нақты дәлелдер өте көп. Мұндай балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері нәтижелі дамытылған.

Қозғалыс бұзылыстары пайда болуы мен көріністері бойынша әртүрлі. Қозғалыс функциялары мен қозғалыс дағдыларының бұзылу ауырлық деңгейіне байланысты балаларды үш топқа бөледі:

- ауыр бұзылыстарымен;

- қозғалыс бұзылыстарының орташа деңгейімен;

- жеңіл қозғалыс бұзылыстарымен.

Церебралды сал ауруы бар балалардың қозғалыс функциялары дамуының кезектілігі мен жылдамдығы бұзылған. Оның қозғалыс аппараты қарапайым туа біткен қозғалыс белсенділігінің рефлекторлық қалыптарымен сипатталады. Қалыпты даму жағдайында алғашқы айларда бұл рефлекстер анық көрінбейді. Ұстап алу рефлексі алақанды сипау, еңбектеу рефлексі табанды сипау арқылы тексеріледі. Бұл рефлекстерге тән қасиеттер келешекте өшіп қалады. Ұстап алу рефлексі оның ырықты қозғалыс акті ретінде қалыптасқанға дейін өшеді. Еңбектеу рефлексі де өзіндік қозғалыс дамуының негізі болмайды. Бұл рефлекстердің сақталуы ырықты моториканың қалыптасуын тежелейді. Бала өмірінің бірінші жылының екінші жартыжылдығында бұл рефлекстердің пайда болуы бас миы қыртыстарының қозғалыс бөлімдерінің зақымдану белгісі болады.

Церебралды сал ауруы бар балалардың туа біткен шартсыз рефлекстері өшпейді, бірінші жылда бұзылған рефлекстердің әсері күшейіп келешекте тұрақтанады, ал бұл жағдай ырықты қозғалыс актілерінің қалыптасуын тежелейді.

Церебралды сал ауруы бар баланың қозғалыс сферасының ерекшелігі -негізгі моторикалық функциялары қалыптасуының тежеленуі. Бұл балалар моторикалық функцияларды орта есеппен 3-5 жаста меңгереді. Аса тежеленетін қозғалыс актілері - арқадан бүйірге, арқадан ішке, іштен арқаға аударылу.

Отыру әдістері 7-9 айлар арасында қалыптасуы тиіс. Ал церебралды сал ауруы бар балалар бұл әдісті 2-3 жаста меңгереді. Еңбектеуді меңгеру де тежеленеді. Жүру - моторлық дамудағы жаңа кезең ғана емес, сонымен қатар танымдық шеңбердің кеңейюі. Қалыпты деңгейде жүру қозғалыс акті ретінде бір жастан қалыптаса бастайды.








Date: 2015-10-19; view: 469; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.004 sec.) - Пожаловаться на публикацию