Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қатынастың модельдері





Дамуында қиындықтары бар адамдардың қоғамға интеграциялануы

қоғамның өзінің осы адамдарға қатынасына, мүгедектердің өмірлері, ерекшеліктері жайлы мәліметтеріне байланысты. Әдебиеттерді талдау арқылы анықталды – қоғамның дамуының түрлі кезеңдерінде мүгедектік туралы түрлі пікірлер қалыптасқан: діни, медициналық, әлеуметтік. Зерттеушілер даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қатынас модельдерінің түрлі классификацияларын ұсынды. Біздің ойымызша, ұсынылған классификациялардың арасында қазақстандық авторлар А.Е.Думбаев пен Т.В.Попованың классификациясы мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеушілер Е.Р.Ярская-Смирнова мен Э.К.Наберушкина мүгедектіктің он екі түрлі тарихи және заманауи модельдеріне негізделе отырып мүгедектік модельдерінің келесідей топтастырылуын ұсынады:

1. «Ескі» (дәстүрлі) модель – классикалық, медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдерден тұрады, яғни мүгедектікті «медициналық» бағытта қарастыру.

  1. «Жаңа» (дәстүрліден соң) модель - мүгедектікті «әлеуметтік» бағытта қарастыру.

3. Мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы.

Авторлардың ойынша бұл классификация мүгедектікке байланысты көзқарастар дамуының тек тарихи аспектілерін емес, сонымен қатар тәжірибелік бағытты да қарастырады. Қазіргі уақытта халықаралық және отандық саясатта приоритетті болып мүгедектіктің әлеуметтік моделі саналады, бірақ діни және медициналық модельдер де кейбір жағдайларда қалдықты қалып түрінде көрініс табады. А.Е.Думбаев пен Т.В.Поповалардың еңбектерінде моральдік (діни) және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жекелендіру түрлерін қарастыратын модельдер терең сипатталмаған, бірақ аталған модельдер адамзат дамуының ерте кезеңдерінде орын тапқан.

І. Даму бұзылыстары бар адамдарды жекелендіру бірнеше модельдерден

тұрады – «адам емес моделі», «қоғамға қауіпті», «аяныш нысанасы», «қамқорлықты қажет ететін нысаны» және т.б.

ІІ. Мүгедектіктің моральдік (діни) моделі – тарихи есеппен ең ерте пайда

болған, қазіргі уақытта қолданылмайтын, мұнда мүгедектік «ұят» деп, күнәлары үшін жаза деп саналған.

ІІІ. Мүгедектіктің медициналық моделі. Аталған модель бойынша психофизикалық және интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар адам ауру деп саналады. Мүгедектіктің медициналық моделі мүгедектікті медициналық феномен деп анықтайды («ауру адам», «ауыр физикалық кемістіктері бар адам» және т.б.). Бұл модель 18 ғасырда медицинаның әлеуметтік институт ретінде қалыптасуымен байланысты. Медициналық бағыттың шеңберінде Еуропа мемлекеттерінде әлеуметтік саясаттың патерналистік жүйесі пайда болды. Мемлекет мүгедектікті еңбекке жарамсыздық деп қарастырып, анықталған жағдайда, адамға тегін медициналық қызмет көрсету, зейнетақы, жәрдемақы түрлерінде әлеуметтік көмек көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы мектептер мен техникумдар ашылып, мүгедектерге арналған өндіріс орындарына жұмысқа орналастырылған. Патерналистік саясат мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке жарамсыз, немесе жарамдығы шектеулі деген түсінікпен теңестірген, ал бұл жағдай олардың өзіндік әлеуметтік белсенділіктерін төмендеткен. Мүгедектіктің медициналық моделі ұзақ уақыт бойы доминантты болып, ерекше ғылымилық пен адамгершілік деп саналған, оны тағы да «әкімшілік» моделі деп аталған, өйткені ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту жүйелер негізінде пайда болған (Е.Р.Ярская-Смирнова мен Э.К.Наберушкина). Мүгедектіктің медициналық моделі адамдар арасындағы физикалық және психикалық айырмашылықтарын патологиялық ауытқушылықтар мен кемістіктер терминдері арқылы қарастырылады. Медициналық модельдің ерекшелігі - мүмкіндігі шектеулі адамдарды өзіне жауап бере алмайды, еңбектене алмайды, компетентті емес деп қарастырды. Медициналық модель жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жүргізілетін жұмыс патерналистік мінезді (қоғамның шектеу қоюы, қамқорлық жасау ұстанымы және адамды өмір сүру үшін емдеу, еңбекпен емдеу, арнайы қызмет көрсету). Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы оқу мекемелері, арнайы өндіріс орындары және санаторийлер оларды қоғамнан шектетіп, құқықтарының іске асырылуына кері әсер етеді. Мүгедек балаларға арналған арнайы оқу мекемелері медициналық модельді бейнелейді – әр балаға үйінде білім алуға мүмкіндік жоқ.

А.Е.Думбаева мен Т.В.Попованың ойынша, медициналық модельдің негізгі үш түрі бар: классикалық медициналық, реабилитациялық және экономикалық.

А) Мүгедектіктің классикалық медициналық моделі (немесе «әкімшілік моделі») адамдар арасындағы физикалық және психикалық айырмашылықтарды патологиялық ауытқушылықтар мен кемістіктер терминдері арқылы қарастырады.

Мүгедектіктің классикалық медициналық моделінен функционалдық шектеуліктің анықтамасы шығарылады – тұлғаның дені сау адамдармен қатар бірқатар қызметтерді орындай алмауы:

- өзін-өзі күте алмауы;

- қарым-қатынасқа түсудегі, білім алудағы, қозғалудағы, өзін-өзі қадағалаудағы шектеулер;

- экономикалық тәуелділік саясаттың субъекті емес, объекті болуы тиіс.

Медициналық модельдің идеологиясы қазіргі күнге дейін заң шығаруға, әлеуметтік саясатқа және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әсер етеді.

Б) Мүгедектіктің реабилитациялық моделі.

Бұл модельдің мақсаты – мүгедекті қоғамға бейімдеу, енгізу, бірақ мүгедектің қызығушылықтарын ескере отырып қоғамды өзгерту және оның әлеуметтік статусын жоғарылату қарастырылмайды. Көптеген зерттеушілер мүгедектіктің медициналық моделі жайлы айтқанда осы екі модельдің аралас мінезді екендігін ескертеді.

В) Мүгедектіктің экономикалық моделі қоғамның түрлі деңгейдегі мүшелері арасында табысты реттеп бөлуді қарастырады. Мұнда әдіснамалық негіз ретінде мүгедектіктің медициналық анақтамасы алынады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар физикалық жетілмеген немесе психикалық ауыру деп саналғандықтан, олар дені сау адамдарға қарағанда «аз мөлшерді жүктемені» орындайды немесе мүлдем жұмыс істемейді. Сонымен бұл «жетілмеген» тұлғалар экономикалық шығын әкеледі. Олар өздерін қамту үшін қажетті мөлшерде ресурстар өңдемейді, сондықтан қоғам үшін пайдасыз, тек ауыртпалық болып табылады. Егер мүгедек еңбектену көрсеткіштеріне сәйкес бола алса, бірақ денсаулығында тұрақты бұзылыстары бар болса, юристтердің пікірі бойынша оның «мүгедектігін» алып тастауға болады.

IV. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі.

20-шы ғасырдың 70-жылдарында Скандинавияда «медициналық модельдің» альтернативасы ретінде «қалыптандыру» түсінігі пайда болды. Қалыптандыру концепциясы даму ерекшеліктері бар баланы жаңа бағыттан қарастырып, ол тұратын қоғамда қабылданған мәдени ережелерге сай тәрбиелеуге назар аударды. Бұл кезең дамуында ерекшеліктері бар балалардың қалыпты құрдастарының қатарына интеграциялану процесімен байланысты. Интеграция бұл контекстте ассимиляция процесі деп қарастырылды (адамның доминантты мәдениетке сай ережелерді қабылдап, өз іс-әрекетінде оларды орындауы). «Қалыптандыру» түсінігінің негізінде келесі ережелер жатыр: мүмкіндігі шектеулі балалар – түрлі іс-әрекеттерді меңгеруге қабіллетті, дамып келе жатқан адам. Яғни, қоғам мұны мойындап, қалыпты жағдайға мүмкіндігінше жақын өмір сүру жағдайын қамтуы тиіс.

Қоғамның көзқарасын өзгерту мақсатымен, қысым көрсетпей баланың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, баланы оқуға және күш-жігерін жинақтауға бағытталған модель - «қалыптандыру» моделі. 1981 жылдан бастап (мүгедектердің Халықаралық жылы) мүгедектіктің әлеуметтік моделі кеңінен пайдаланыла бастады: мұнда мүгедектіктің өзінің әрі оны реабилитациялауда қоғамның ролінің маңыздылығы негіз деп саналды. 1990 жылдары мүгедектіктің анықтамасына оның еңбектену қабілеттілігімен қатар өмірлік іс-әрекеттерінің басқа да жақтары қосылды. Бұл бағыттың мағынасы 1991 жылы АҚШ-та қабылданған мүгедектер туралы заңда былай деп берілген: «мүгедектік» - бір немесе одан көп тұлғалардың негізгі өмірлік іс-әректтерін шектейтін, қалыптылықтан ауытқыған физикалық немесе ақыл-ойдың дамуындағы ауытқушылық. Әлеуметтік модельдің авторлығы (оны кейде «интерактивті модель» немесе «өзара байланыс моделі» деп атайды) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздеріне тиесілі. 1976 жылы «Физикалық кемістіктері бар адамдардың бірлестігі шеттетуге қарсы» атты ұйым Пол Ханттың идеяларын әрі қарай дамытты. Бұл ұйым мүгедектіктің (UPIAS) жаңа анықтамасын ұсынды. «Мүгедектік» - физикалық кемістіктері бар адамдарға аз мөлшерде немесе мүлдем назар аудармайтын заманауи әлеуметтік құрылымның әсерінен пайда болған кедергі немесе белсенділікті шектеу, яғни ол кедергі мүгедектердің қоғамның негізгі әлеуметтік іс-әрекетіне қатысуына жол бермейді. Бұл модельдің назарында – нақты адам мен оны қоршаған ортасы арасындағы байланыс. Әлеуметтік модельге сәйкес, мүгедектігі бар адам қоғамдық қарым-қатынастың тең құқылы субъекті болуы тиіс, және де қоғам оған тең құқықтар, тең мүмкіндіктер, тең жауапкершілік және оның ерекше қажеттіліктеріне сай еркін таңдау беруі керек. Бұл модель көптеген дамыған мемлекеттерде ресми түрде мемлекеттік деңгейде қабылданған (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция). Әлеуметтік модель мүгедектікті медициналық бағытта қабылдауға альтернатива ретінде құрастырылған. Сондықтан ол мүгедектігі бар адамдарды шеттету кедергілері мен қоғамның толыққанды мүшесі болдырмау себептерін анықтауға бағытталған. Біз қарастыратын классификацияның авторлары (А.Е.Думбаев, Т.В.Попова) бойынша түрлі әлеуметтік модельдер арасынан келесілерін бөліп алуға болады:

А) Материалистік модель

Б) Тәуелсіз өмір моделі

В) Handicap моделі (концепциясы)

Г) Кіші топтар концепциясы

Д) Психоәлеуметтік модель

Е) Мүгедектіктің мәдени моделі

Ж) Адамдар түрлілігі моделі

А) Британдық материалистік модель – әдіснамалық негіз ретінде марксисттік әлеуметтану мен марксисттік саяси экономиканы қарастырды. Мүгедектіктің материалистік моделі алғаш рет Ұлыбританияда ашылды және мүгедектердің британдық әлеуметтік қозғалысы «ұлы идея» деп аталды. Мүгедектіктің материалистік моделі бірнеше маңызды элементтерден тұрады:

- мүмкіндігі шектеулі адамдар кемістілген әлеуметтік топ деп қарастырылады;

- адамдардың бұзылыстары және оларды құлшылық ету арасында айырмашылықтар бар екендігін растайды;

- мүгедектікті «әлеуметтік кемсіту» деп анықтайды.

Бұл модельде қоғам өзінің әлеуметтік институттары мен денсаулығында қиындықтары бар адамдарды мүгедек деп есептейді. Капиталистік өндірістің басты мақсаты – пайда табу, сондықтан денсаулығында тұрақты бұзылыстары бар адамдарды мүгедек деп анықтап, олардың жәй және нәтижелі емес жұмыс жылдамдығына қызығушылық танытпаған.

Б) «Тәуелсіз өмір» британдық моделі қалыптандыру және әлеуметтік валоризация теориясына негізделеді. Бұл модель көптеген батыс мемлекеттерінде мүгедектік аймағында әлеуметтік саясат концепциясының қалыптасуына әсер етті (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция). Ресми түрде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы интернаттарды біртіндеп жабылып, мекен-жайы бойынша мүгедектерге қолдау және қызмет көрсетудің түрлі бағыттары дамыды (алғашқыда Скандинавия мемлекеттерінде, соңынан Ұлыбританияда және АҚШ).

Аталған модельдің негізінде жатқан қалыптандыру идеясы бұл бағытта түрлі өзгерістер енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, тәуелсіз өмір сүру идеологиясына сай өз-өзіне көмек көрсету де дамытылады. Тәуелсіз өмір сүру идеологиясын жақтаушылар өз-өзіне көмек көрсете алуды мүгедектің өзіндік іске асыру процестерінің нәтижелілігіне әсер етеді деп қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмірін қалыптандыру жағдайлары дегеніміз – білім алуға, еңбек етуге, демалуға, түрлі әлеуметтік жетістіктермен пайдалануға, өз-өзіне қызмет көрсету мен қарым-қатынасқа түсе алуға қол жеткізуі.

Бұл модельдің компоненттері келесі пікірлерден құрылған:

- біріншіден, қалыптандыру теориясы капиталистік қоғамда мүгедектер неліктен кемістілетіні мен дискриминацияланатынына қанағаттандыратын жауап бермейді;

- екіншіден, бұл модельде дискриминациядан толық босату стратегиясы ұсынылмаған, тек «тәуелсіз өмір сүрудің» кейбір әдістері ғана бар;

- үшіншіден, «қалыптылық/қалыпты емес» түсініктерінің анық еместігі, сондықтан оларды мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қалпын бағалауда қолдануға болмайтындығы.

В) Handicap моделі (концепциясы)

20-шы ғасырдың 70-жылдары еуропалық зерттеушілер «мүгедек» терминінен бас тартады. «Мүгедек» сөзі «жарамсыз», «қатардан қалған» деген мағынаны береді, оның орнына ағылшын саксондық «Handicap» (Handin cap) – «шляпадағы қол» мағынасын беретін сөз қолданыла бастады. Бұл концепцияның авторы Ф.Вуд өзінің моделін қарапайым постулатқа негіздеді: «Мүгедек болып, қалыпты іс-әрекет жасауға кедергі болатын шектеулерден аса алмаған, нәтижесінде әлеуметтік ұтымсыз жағдайға түсетін, кез-келген адам саналады». Бақытсыз жағдай, ауру және т.б. себептер ағзаның функцияларының жетіспеушілігіне, дамымауына соқтырып, органикалық бұзылыстарға негіз болады, (Handicap патологиялық аспекті), ал мұның барлығы әлеуметтік жағымсыздықтың, жағымсыз жағдайдың себебі болады (жағдаяттық аспект). Handicap – философиялық, әлеуметтік және медициналық концепция деп саналады. Әлеуметтену ешқашан қоғамнан тыс өтпейді. Пандустар арнайы әжетханалар, арнайы бағдаршамдар орнатып, Брайль алфавитін таратып және т.б. жағдайларды жасау арқылы қоғам, мемлекеттің атынан «Әлеуметтік протездеу» жұмысын нәтижелі жүргізе алады. Көптеген еуропалық мемлекеттерінің Халықаралық келісімдері Handicap концепциясын бейімдеу арқылы қоғам мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты азаматтық ұстанымдарын анықтап, құқықтық қоғамда азаматтық статусты нақтыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Г) Кіші топтар концепциясы – соңғы уақытта кеңінен таралуда. Мүгедектіктің бұл моделі қоғамды мүгедектердің ерекше құқықтарын қорғауға бағыттайды. Мүгедектерді шеттету теориялық моделін АҚШ-та мүгедектер қозғалысының белсендісі, оқытушы Харлан Хан 1994 жылы ұсынды. Концепцияның теориялық негізі өткен ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ пен Батыс Еуропада мықты дамыған, азаматтық құқықтар идеологиясы мен мүгедектер құқықтары философиясының принциптеріне негізделген. Мүгедектіктің медициналық модельдерімен салыстырғанда, Х.Ханның моделі мүгедектерді қазіргі қоғамда шеттетілген топ деп қарастырады. Бұл концепция бойынша, мүгедектікті индивидке тән ерекшелік деп қарастырудың қажеті жоқ, бұл индивидті қолдамайтын қоршаған ортаның әсері. Егер қоршаған орта белсенділік танытуға немесе қандай да болмасын міндеттерді орындауға жағдай жасаса, онда индивид үшін мүгедектік мәселе ретінде жойылады. Мүгедектіктің бұл моделінде үш негізгі постулаттар бар:

- мүгедектер соқтығысқан қиындықтардың бастауы, бірінші кезекте, әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі;

- қоршаған ортадағы көптеген қажетті жағдайларды қоғам мен нәтижелі саясат қамти алады;

- демократиялық қоғамда саясат мүгедектерге қатынасын бейнелеумен қатар оларға деген дұрыс қатынастың қалыптасуына белсенді әсер етуі керек.

Д) Психоәлеуметтік модель ғылыми қауымдастықта кеңінен таралып, мүгедектіктің көптеген американдық модельдерінің әдіснамалық негізі болды: шеттетілген топ ретінде мүгедектіктің әлеуметтік–саяси моделі, мүгедектіктің мәдени моделі, адамдар түрлілігі моделі. Бұл модельде кез-келген мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға «таңба» басылған. Дені саулар мен мүгедектер арасындағы шекара, яғни «қалыптылық» пен «қалыпты еместік» арасындағы шекара әлеуметтік құрылым болып табылады. Сондықтан, «қалыптылық» түсінігін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды оған қосып кеңейту және қоғамның санасында мүгедектіктің жағымды бейнесін қалыптастыру қажет (Е.Тарасенко).

Е) Мүгедектіктің мәдени моделі 20-шы ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысында қалыптаса бастады, оның негізінде мүгедектердің өздерінің маңыздылығын түсіну, яғни өзіндік идентификация жатыр. Мүгедектіктің мәдениетін дамыту арқылы топтық идентификацияға жетуге болады. Мүгедектердің өзіндік идентификациясы кешенді шешімдерді іздеуді талап етеді:

- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамда басым мәдени ұстанымдарға тәуелді болуын жеңу;

- мүгедектіктің ерекше субмәдениетін құру және қоғамның өміріне оны белсенділікпен енгізу;

- мүгедектіктің мәдениетін құру, өз мемлекетінің мәдени өміріне белсенді қатыстыру, осы арқылы қоғамға толық интеграцияландыру, өзіндік мақсаттары мен қызығушылықтарын іске асыру;

- қоғамның жағымсыз ұстанымдарын белсенді өзгерту және мүгедектердің құқықтарын қорғаудағы маңызды компонент ретінде мүгедектердің өзін-өзі анықтауларына жағдай жасау.

Бұл ұмтылыс мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған американдық қозғалыстың үш заманауи ұрандарында көрсетілген: «Біз туралы бізсіз ешнәрсе!», «Өз ерекшеліктеріңді танытыңдар!», «Мен мүгедекпін, бірақ мен онымен мақтан етемін!»

Ж) Адамдар түрлілігі моделі бойынша, мүгедек - көпқырлы индивид, оның мүгедіктігі адамдар арасындағы түрліліктерден оған берілген ерекшеліктері, мұнда ешқандай бағалау компонентін, қалыптылық пен ауытқушылықтардың иерархиясын құру қажет емес. Негізгі акцент теңдік түсінігіне жасалады: қоғам өмірінің барлық аспектілері оның барлық мүшелері үшін қол жетімді болуы керек. Бұл бағыт бойынша мүгедектік – адамның қалыпты күйі. Мұндай ой-пікір өзінің юристтік анықтамасын 1993 жылы АҚШ-тан шыққан мүгедектер мен Билл туралы құқықтық әрекеттер Заңында тапты: «Мүгедектік адам тәжірибесінің бөлігі болып табылады...» Бұл прогрессивті мүгедектік модельдері мүгедектігі бар адамдарды қоғамның өміріне қатысатын және өз жетістігін оған қосатын адамдар ретінде сипаттайды.

V. Мүгедектіктің «жаңа» парадигмасы мүгедектік түсінігін мүлдем қабылдамайды, ғылыми қауымдастықта жақын арада мүгедектіктің әлеуметтік модельдерінің идеологиясы «кешегі күнгі идеология» деген тақырыпта дебаттар басталды. Мүгедектіктің жаңа парадигмасының пайда болу уақыты келді. Зерттеушілердің ойынша, бұл пікірдің дұрыстығын растау үшін негізгі үш сыни ескертулерге тоқталған дұрыс:

- мүгедек пен қоғамның әлеуметтік өзара байланыстарын талқылау аурулар мен зақымдар кеңістігінде жүргізіледі;

- мүгедектік индивидтің ауруы немесе кемістігі бар болуының себебі ретінде модельденген соң қоғам дені сау көпшілік пен «басқаларға» (ауру, әлсіз) бөлінеді. Онда келесі бірлесу дұрыс болар: «қоршаған ортаның қолжетімдігі мүгедектік», мұнда акцент мүлдем басқа кеңістікке ауысады: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды идентификациялауда мүгедектік, олардың басқа қасиеттеріне қатысты, негізгісі ретінде қарастырылады.

Бұл сынауды ескере отырып, қазақстандық авторлар А.С.Думбаев және Т.В.Попова мүгедектік пен әлеуметтік саясатты қабылдаудың бірнеше даму траекториясын болжайды:

1) егер мүгедектердің өз құқықтарына күресі жеңіспен аяқталса, онда

ешқандай кедергілер қалмай, мүмкіндіктерді шектеу де болмайды. Мүмкін, мүгедектердің басты айырмашылығы болып жаңа технологияларды белсенді қолдану болып табылар, сондықтан кейбір зерттеушілер мүгедектіктің техникалық моделін ұсына бастады.

2) Мүгедектікті қарастырудың жаңа парадигмаларына «жұмыссыздық»

мүгедектік моделі де қосылады. Бұл модельдің шеңберінде келешекте «мүгедек» түсінігі жойылып, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмыссыздармен мағыналық негізде бірігуі мүмкін. Мұндай жағдай да іске асырылуы мүмкін, егер қоғам барлық кедергілер түрлерін жойса, бірақ қоғам барлық мүгедектерді қамтуға жағдай жасай алмайды. Яғни, еңбектене алмайтын немесе жұмыссыз мүгедектер халықтың басқа сегменттерінен ерекше деп идентификацияланып, басқа жұмыссыздармен қатар жұмыссыздық жәрдем ақысын алады. «Жұмыссыздық» түсігінігінің мағынасы кеңейеді, өйткені мүгедектер мен дені сау адамдардың «жұмыссыздық» негізде бірігуі арқылы «жұмыссыз» категориясы жаңа мағынаға ие болады. Қоғамның көзқарасы тұрғысынан жұмысы бар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалардан ешқандай айырмашылығы болмайды.

Сипатталған мүгедектіктің әлеуметтік модельдері мүгедектік идеяларын

біртіндеп қайта қарастыруда: стереотиптік бағыттардан бас тарту, мүгедектерді өздерінің талпыныстары арқылы қоғамға нәтижелі бейімдеу мүмкіндіктерін пайдалану, қоғамның мүгедектікке байланысты қатынасын өзгерту.

Мүгедектіктің медициналық және әлеуметтік модельдерінің дифференциалды көрсеткіштері

Медициналық модель Әлеуметтік модель
Бала жетілмеген Әр бала құндылық деп қабылданады.
Диагноз Бала мен оның ортасы анықтайтын оның күшті жақтары және қажеттіліктері.
Кемістіктердің мағынасын күрделендіру. Кедергілерді анықтау және қиындықтарды шешу.
Бұзылыс назардың ортасында. Нәтижеге бағытталған іс-шаралар жүргізу.
Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, бұзылыстар терапиясы. Қосымша ресурстарды қолдану арқылы стандартты қызметтерді қолжетімді жасау.
Шеттету және нақты, ерекше қызметтер ұсыну. Ата-аналар мен мамандарды оқыту мен дайындау.
Тұлғааралық қарым-қатынас қажеттіліктері назарға алынбайды. Бір-біріне ұқсамайтын адамдар арасында қарым-қатынасты орнату.
Қалыптылыққа жақын жағдайда қалыпқа келтіру, болмаса ауруханаларда (интернаттарда және т.б.) дәрігерлердің қарамағында өмір бойы қалу. Айырмашылықтарға қолдау жасалып, қабылданады. Әр баланы «қосу».
Қоғам өзгеріссіз қала береді. Қоғам дамиды.

 

Қоғамда әлеуметтік модельдің орнығуы мүгедектікті ауру мен еңбекке қабілетсіздік деп қабылдау стереотиптерінің жойылуына әкеліп, ұжымның үйлесімді дамуына негіз болады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік саясаттың жүйелі шаралар орындауын талап ететін ұзақ процесс. Қазіргі уақытта мүгедектіктің әлеуметтік моделі мүгедектік мәселелерін бұзылған әлеуметтік байланыстарды қалыптандыру аспектінде қарайтын бірқатар халықаралық құжаттарда бейнеленген. Мүгедектерге медициналық көмек берумен қатар, маңызды рольді басқалармен тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамту алады. Білім беру саласында инклюзивті білім берудің приоритеті басты деп саналып: мүгедектер «білім алуда ерекше қажеттіліктері» бар адамдар деп қарастырыла бастады.

Пысықтау сұрақтары

1. Инклюзивті білім берудің мағынасын ашыңыз.

2. «Инклюзивті білім беру» түсінігінің анықтамасын беріңіз.

3. Инклюзивті білім берудің идеологиясының мағынасын ашыңыз.

4. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуына қоғамдық қатынастың модельдерін сипаттаңыз.

5. «Инклюзивті білім беру» мен «интеграциялық оқыту» түсініктерін мағыналары бойынша ажыратып беріңіз.

 








Date: 2015-10-19; view: 501; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.016 sec.) - Пожаловаться на публикацию