Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жадының (ес) бұзылулары





Ес бұзылуының байқалуы әртүрлі. Осы мақсатпен ес патологиясының басты түріне жіктейміз.

Дисмнезия. Оған гипермнезия, гипомнезия, амнезия жатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке - жеке тоқталсақ:

Гипермнезия - жадының күшеюі, ақпаратты есте сақтаудың әлсіздігімен үйлесетін күшейтілген еске түсіру. Гипермнезиясы бар ауруларда бұрын ұмытылып кеткен нәрселер есіне түседі.

Гипомнезия жадының әлсіреуі, есте сақтау қабілетінің бұзулуы кезінде байқалады. Ауру тек жарқын, анық және маңызды сәттерді ғана еске түсіре алады. Гипомнезияның ең жеңіл сатысы - санды, күнді, есімдерді есте сақтау қабілетінің төмендігі.

Амнезия - жадының жоғалуы, бұл оқиғалардың, жағдайлар мен фактілердің толығымен естен шығып кетуі. Амнезияның төмендегідей түрлері бар:

Кертартпалық амнезия - аурудың күшейген кезіндегі болған оқиғалардың естен шығуы. Мысалы, улану немесе бастан зақым болганда. Кертартпалық амнезияның созылу мерзімі (апта, ай кейде бірнеше минут) әртүрлі.

Антероградты амнезия - оқиғаның толық және бір бәлігінің пхикалық ауру жағдайынан кейін естен шығуы. Мұның да уақыт мерзімі әрқалай болып келеді.

Фиксационды амнезия - есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Сол уақыттағы оқиғаны ғана жазып алып, кейін қайтадан ұмытып, естен шығару. Осындай бұзылуы бар адамдар өзінің кереуетінің қайда екенін, дәрігерінің атын ұмытып қалады.

Прогрессивті амнезия - Рибол заңдылығына байланысты естің ыдырауы: алдымен кеш сақталған оқиғалар мен фактілер естен шығады, ал ерте сақталғандары соңыңан жойылады. Бұдан басқа аффектогенді және психогенді амнезия кездеседі. Бұл жағымсыз аффектінің әсерінен оқиғаларды есте сақтай алмағанда байқалады.

Парамнезия - жадының патологиялық бұзылуы, естің қате, құбылмалы түрде болуы. Адам белгілі жердегі оқиғаны есте сақтауы мүмкін, бірақ оның уақытын сақтай алмайды. Тек психикалық ауруларда кездеседі. Оның екі түрі бар:

Конфабуляция - науқас өмірінде болған, бірақ ұмытылған кейбір оқиғаларды өтірік оқиғалармен толтырады, өзі соған сенеді.

Псевдореминисценция - науқас өмірінде болған оқиғалардың уақытын шатастырады.

 

Date: 2015-09-24; view: 1833; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию