Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы интеллектуалды қабілет





Интеллект үғымына — жиналған тәжірибе, білім, тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі жатады.

Интеллект барлық психикалық процестерін, яғни ойлау назар, жады т.б тұтастырып қарайды. Интеллект туралы айту үшін алдымен қабілеттілікті білу қажет.

Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып, қазіргі психология психиканы «психикалық үрдістердің» жәй қосындысы деп қарамай, оларды жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдайдың көбінесе интеллектке қатынасы бар. Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллекет туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше коңіл аудару керек. Интеллекттің алдыңғы себептері ретінде ес пен назарды айтуға болады. Сондықтан, ес интеллекттің ең басты емес, бірақ маңызды шарты. Осы жағдайды сөйлеген кезде «менің есім нашар» - деп айтылады. Ешкім де «менің ақылым нашар» - деп айтпайды.

Бала кездегі назардың сапасы, тұрақтылығы, шоғырлану қабілеттігі интеллект дамуына әсер етеді.

Білім көлемі интеллекттің ең маңызды құраушысы болып табылады.

Білім неғүрлым жоғары болса, интеллект деңгейі соғүрлым жоғары болады. Бар білімді жағдайға қарай қисынды түрде пайдаланудың маңызы зор. Бірақ, адамның байымдау мен қорытынды шығару қабілеті ойлау - деп аталады.

Сондықтан, интеллекттің алдыңғы себептері ес пен назар болса, ал оның ойлаумен тікелей байланысы бар. Белгілі бір жағдайға байланысты білімді пайдалану арқылы өткір анализ және синтез арқылы байымдау мен қорытынды шығару жоғарғы түрдегі интеллекттің қасиеті деп санауға болады.

Қабілеттілік - адамның қасиеті. Ол білімді тез және жеңіл меңгеруіне, дағды мен ептілікті үйренуіне көмектеседі. Қабілеттілік интеллектке қарағанда кеңірек психикалық құбылыс. Қабілеттілік барлық уақытта, белгілі бір уақытта болады. Мысалы, білімге, музыкаға, техникаға және оны тәжірибеде қолдануға т.б. Интеллект басқа да қабілеттіліктер сияқты тұрақты көрсеткіш емес, қабілеттіліктің негізінде биологиялық, гендік түбір жатады. Оны жетілдіру өмір бойы, әсіресе балалық және жастық шақта жүреді. Ол өмір сүру жағдайына, тәрбиеге, уйретуге, оқытуға байланысты дамиды.

Қабілеттілік деп адамның белгілі бір жұмысты нәтижелі орындауға икемділігін айтады. Қабілет білімді тез және жеңіл меңгеруіне көмек береді. Қабілеттіліктің негізінде биологиялық існдік түбір жатады. Қабілеттілікті жетілдіру өмір бойы әсіресе балалық және жастық шақта жылдам жүреді. Интеллект дамуы сыртқы ортаға, тәрбиеге, өмір сүру жағдайына байланысты болады.

Егер адамның қабілеттілігі жақсы дамыған болса, біріншіден оны басқалармен салыстырғанда қолға алған істі тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны игереды. Екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетеді.

Адамның даралық ерекшеліктеріне оның ерекше қабілеттері жатады. Арнайы жүргізілген зерттеулер бойынша көпшілік адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым деген қөзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша әр адамның қабілеті оған туа берілетін өзіндік табиғи қасиет.

Бірақ қабілеттілік адамда тек туа пайда болды деп айта алмаймыз. Ол өмір тәжірибесі, тәлім - тәрбие нәтижесінде дамиды.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне - талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер жатады.

Талант - бұл адамның белгілі бір істі өз бетімен және ойдағыдай орындауға қабілеттіктердің қиысып келуі. Кейде балаларда математикалық және техникалық таланттары өте ерте аңғарылды.

Талантты адамдар шығармашылық қызметке ерекше қабілеттілік аңғартады. Әдебиет пен өнер саласында құнды шығармаларды дүниеге әкеледі, ғылым мен техника саласында күрделі теориялық және практикалық міндеттерді ойдағыдай шешуге қабілетті.

Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Қоғамдық өмірде, ғылымда, әдебиетте, өнерде және т.б. жаңалықты аша білетін дарынды адамдар. Қазақ халқының ғүлама ойшылдары Абай, Шоқан, Ыбырай, Мұқтар, Қаныш – сирек кездесетің дарынды тұлғалар. Дарынды тұлғалардың қатарына А.С.Пушкинді, М.В.Ломоносовты жатқызуға болады.

Данышпандық (гений) таланттың, дарындылықтың және адамның ақыл ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежесіне көтерілуі.

 

Date: 2015-09-24; view: 2467; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию