Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зейіннің негізгі қасиеттері





Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы шоғырлануы жатады.

Зейіннің ауыспалылығы - бұл зейіннің бір нысанадан екіші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт өз зейінін суреттер көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруы мен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады. Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануы дейді. Мысалы біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға бағытталуын айтады. Мысалы, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінің дүрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жолаушылардың, автомобильдердің және басқа трамвайлардың қозғалысы сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек.

Шоғырлану мен орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады.

Зейіннің көлемі өте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Колеміне қарай зейін тар немесе кең болуы мүмкін. Зерттеуші неғүрлым көп нысанды қамтыса, солғүрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды экран арқылы тез арада көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ турактай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойы белгілі бір нысанда зейінді шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде қысқа мерзім ішінде зейін басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.

Өте әлсіз зейінді алаңғасарлық деп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бірде-біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының омірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мысалы шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

 

 

Date: 2015-09-24; view: 1516; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию