Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Интеллекттің бұзылуы





Олигофренияда интеллект пен ойлау қабілеттілігінің бұзылу байқалады. Олигофрения деп жүктілік кезінде, туа біткен немесе ерте балалық шақтағы әртүрлі жұқпалы аурулардың жарақаттардың, интоксикацияның әсерінен пайда болатын естің азаюын айтады. Олиго - аз, френиус - ақыл- ой деген мағынаны білдіреді.

Көбінесе олигофренияның пайда болуына ата-ананың есірткіге алкогольді ішімдіктерге құмарлығы себеп болып жатады.

Олигофренияның 3 сатысы байқалады:

1. дебилдық

2. имбецилдық

3. идиоттық

1. Дебилдық- олигофренияның ең жеңіл сатысы. Балаларда кейбір қабілеттіктер, мысалы механикалық жаттау, есептеу жақсы дамыған. Олар мектепте бастапқы кезде сау балалармен бірге оқиды, бірақ жасы үлкейе келе ақылы аздығы күшейе береді, сондықтан ондай балаларды арнайы мектептерде оқытады.

2. Имбецилдік- олигофренияның орташа сатысы. Науқас онға дейін ғана санайды, аз сөйлейді, сөздік қоры аз, ойлау қабілеті төмен болады. Қарапайым жұмыстарды атқарады және өзіне қызмет жасай ала мұндай науқастар тек қана арнайы мектептерде оқиды.

З.Идиоттық немесе идиотия олигофренияның ауыр сатысы.

Науқастың сөйлеу қабілеті дамымаған, ойлау қабілеті жоқ, агрессивті, еш нәрсені түсінбейді. Әке-шешесін танымайды, өзіне қызмет жасай алмайды.

Деменция- жүре пайда болған ақыл ойдың аздығы. Деменция кезінде де интеллекттің төмендеуі байқалады. Деменция - бұл үлкен адамдардың бастағы миын патогендік әсердің нәтижесінде мийда болатын естің азаюы. Деменция бастағы ми жирақаттарында, бастағы ми тамырларының атекросклерозында, гипертония ауруының церебральды түрлерінде кездеседі. Науқастармен жақсы қарым-қатынаста болу, оларды тәрбиелеу, үйрету олардың ойлау қабілеттеріне әсер етеді. Егер бала қараусыз болса, олигофренияның сатысы күшейеді.



Ипохондриялық синдром— науқас өзінде жазылмайтын ауру бар деп ойлайтын ойлау патологиясы.

Тілдің шалдығуы (сөйлеудің бұзылулары)

Бас ми қан айналымының бұзылуларында көлемдік процестерде жиі кездеседі.

Сөйлеу жылдамдығына байланысты жылдам, көп және тез сөйлеу не баяуойлар болады, аз және баяу сөйлеу.

Үзілгендік (разорванность) - сөйлегенде логикалық байланыстың болмауы.

Толықтық (обстоятельность) - сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.
Өсиетшілдік (резонерство) - көп сөздің ішіндегі негізгі мәні түсіну қиындығы.

Афазия- сөйлеудің бұзылуы. Оның 3 түрі бар.

Моторлы афазия кезінде науқас басқалардың сөзін түсінеді бірақ өзі сөйлей алмайды.

Сенсорлы афазияда - науқас өзі сөйлейді, бірақ баскалардың сөзін түсінбейді.

Аралас афазияда - науқас сөйлей алмайды және басқалардың сөзін түсінбейді.

Аграфия - жазудың бұзылуы.

Алексия - оқудың бұзылуы

Акалькулия - есептің бұзылуы

 








Date: 2015-09-24; view: 744; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию