Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары





Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.

Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:

Ø дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ

Ø беріліс типі таржолақты

Ø ену әдісі CSMA/CА

Ø деректердің беріліс жылдамдығы 2 Кбит/с

Ø кабельдік жүйесі UTP, оптикалық талшықты кабель

Apple Talk клиент-серверлі таратылған жүйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар және принтерлер сияқты) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші немесе қызметші құрылымдар деп (servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) деп аталады. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады. Таратылған жүйелер қарапайым болумен қатар, барлығы тең басқа жүйелерге қарағанда экономикалық артықшылығы бар, себебі маңызды материалдар көп жерлерде емес, бірнеше жерде ғана орналасуы мүмкін.

LocalTalk – Apple компаниясының патенттелген таратушыға енуші жүйесі. Ол жүйе кіруге мүмкіндік алуға бәсекелестікке негізделген, біріктіруші топологиясы шина және сигналдар негізгі жолақ бойынша беріліске (baseband signaling) түседі, таратушысы – 230,4 Kбит/с жылдамдықты экрандалған шиыршықталған жұп. LocalTalk сегменттері 300 метр қашықтыққа таралуы мүмкін және 32 түйінді қамтамасыз ете алады.

Apple Talk бірнеше желілік объектілерді теңестіреді. Ең қарапайымы – Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатынтүйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады. Apple Talk анықтаған келесі объект желі болып табылады. Apple Talk желісі жеке логикалық кабельді құрайды. Бұл логикалық кабель көбінесе жеке физикалық кабель болғанымен, кейбір есептеу орталықтары бірнеше физикалық кабельдерді қосу үшін көпірлерді пайдаланады. Соңында, Аpple Talk-тың аймағы – (zone) бір-бірінен алыс жатқан, бірнеше желіден тұратын логикалық топ.

Arc Net ортасы – Datapoint Corporation компаниясының 1977 жылы құрылған өнімі. Бұл – қарапайым, арзан және икемді, жұмыс тобы аумағына арналған желілік архитектура.

Arc Net желісінің негізгі сипаттамалары:

Ø дәстүрлі топологиясы жұлдызша-шина

Ø беріліс типі таржолақты

Ø ену әдісі маркерлік беріліс арқылы

Ø деректердің беріліс жылдамдығы 2,5 – 20 Мбит/с

Ø кабельдік жүйесі коаксиал кабель

Arc Net маркерлік берілісті қолданатын болғандықтан, Arc Net желісіндегі компьютер деректер берілісін бастау үшін, маркерді қабылдауы керек. Маркер компьютерлердің физикалық орналасуына қатыссыз өзіне тағайындалған реттік нөмір бойынша бірінен-екіншісіне өтеді.


 

Date: 2015-09-02; view: 1422; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию