Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Логикалық бөлiну





IP хаттамасында негiзделген желiлердің логикалық сегменттерге немесе логикалық подсетьтерге бөлiнуі кеңінен үйретіліп келеді. Ол үшiн әрбiр сегментке желiнiң мекенжайы және желі маскасымен көрсетілген адрестер диапазоны беріледі. Мысалы (жазулар CIDRге):

192.168.1.0/24, 192.168.2.0/24, 192.168.3.0/24 және тағы басқалар. —әрбiр сегментiнде 254 түйiндерге дейiн сәйкесiнше 126, 62, 30 түйiндерге дейiн 192.168.0.0/25, 192.168.128.0/26, 192.168.172.0/27-шi сегменттерiнде. Логикалық подсетьтер маршрутизаторлар көмегімен жалғастырады.

Логикалық желі басқару агенттері орнатылған және басқару топтарына ұйымдастырылған Windows-желі жиынындағы көптеген компьютерлерді айтамыз.

Логикалық желіні құрудың мақсаты логикалық желі компьютерлерінде орнатылған Касперский лабораториясындағы антивирустық программалармен басқарылған алып тасталған мүмкіндік.

Басқару агентімен орнатылған логикалық желінің әрбір компьютері клиенттік компьютер немесе клиент деп аталады.

11. OSI желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.

1984 жылы ISO ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда да осы үлгіні ұстанады. OSI үлгісі жүйелердің әрекеттесуінің әртүрлі деңгейлерін анықтап берді, әрбір деңгейдің функциясын көрсетіп оларға стандартты аттарды тағайындады. OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары 7 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, көрсету, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық.

Физикалық деңгей (Physical layer) OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы жібереді. Мұнда интерфейспен кабель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функционалдық байланыс орнатылады. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгейлерден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл деңгейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі және де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған. Бұл деңгей деректерді кодтауға, биттерді синхронизациялауға жауап береді. Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін әрбір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік немесе оптикалық импульсқа көшірілуін орнатады. Бұл деңгейде сонымен қатар разъемдердің типтері анықталып, әрбір қосылыс тағайындалады.

Арналық деңгей (Data Link layer) Физикалық деңгейде тек биттер тасымалданады. Байланыс арналары бірнеше өзара әрекеттесетін компьютерлермен бөлініп пайдаланылатын кейбір желілерде физикалық беріліс ортасы бос болмауы мүмкін екендігі есепке алынбай қалады. Сондықтан да арналық деңгейдің мақсаттарының бірі ортаның бостығын анықтау болып табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар деп аталатын топтарға біріктіріледі. Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физикалық деңгейге жібереді. Жіберуші компьютердің арналық деңгейі физикалық деңгейден түскен биттердің ағымын деректердің кадрларына біріктіреді. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлардың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді. Көбінесе, арналық деңгей кадрларды жіберген кезде қабылдаушы жағынан оның алынғанын растауды күтеді. Қабылдаушының арналық деңгейі мүмкін қателерді тексереді. Жіберу барысында бұзылған немесе олады қабылдағаны жайлы хабарлама түспеген кадрлар қайта жіберіледі.

Желілік деңгей (Network layer) Үшінші желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге және логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Нақты желілік шарттарға, қызметтер үстемділігіне және басқа факторларға байланысты жіберуші мен қабылдаушы компьютерлер арасындағы бағыт анықталады. Пакеттерді коммутациялау, бағыттау және шектеу сияқты желілік трафикке байланысты туатын проблемалар да осы деңгейде шешіледі. Егер бағыттауыштың желілік адаптері деректердің үлкен бөліктерін жібере алмаса, желілік деңгейде ол бөліктер бөлшек­тенеді. Ал қабылдаушы компьютердің желілік деңгейі оларды жинап, алғашқы қалпына келтіреді. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.

Транспорттық деңгей ( Transport layer) Жіберушіден қабылдаушыға барар жолда пакеттер өзгеріске ұшырауы типті жоғалып кетуі мүмкін. Транспорттық деңгей пакеттердің өз адреса­тына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде ұзын хабарламалар бірнеше пакеттерге бөлінеді де, қысқа­лары бір пакетке біріктіріледі. Бұл пакеттердің желі бойынша тиімді жіберілуіне жол ашады. Қабылдаушы компьютердің транспорттық дең­гейін­де хабарламалар ашылып, алғашқы қалпына келеді де олардың дұрыс жеткендігі жайлы сигналдар жіберіледі. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.

Сеанстық деңгей (Session layer)Бесінші деңгей (Sessіon) әртүрлі компьютерлердегі екі қосымша үшін сеанс деп аталатын қосылысты құрады, пайдаланады және біріктіруді аяқтайды. Бұл деңгейде желідегі екі қосымша арасында байланысқа қажет­ті атауларды түсіну және қорғау орындалады. Осы деңгейде қолданушы­лар тапсырмаларын деректер ағындарының арасына бақылаушы нүктелер деп аталатын нүктелерді қою арқылы синхронизациялау жүзеге асырыла­ды. Сонымен, желілік қателік туған жағдайда, соңғы бақылау нүктесінен кейін орналасқан деректерді ғана қайталап жіберу қажет болады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.

Көрсету деңгейі (Presentation layer) Алтыншы көрсету деңгейі (Presentatіon) желілік компьютерлер ара­сын­да деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Бұл деңгейді аудармашы десек те болады. Жіберуші компьютердегі қолдан­балы деңгейден түскен деректер бұл қадамда жалпыға бірдей аралық формат түрінжде көшеді. Қабылдаушы компьютердегі сәйкес деңгейде ол деректер аралық форматтан сол компьютердің қолданбалы деңгейінде пай­даланылатын формат түріне көшіреді. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, оларды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға немесе өзгертуге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады. Көрсету деңгейі, сонымен қатар, жіберілетін биттер санын азайту үшін дерек­терді сығуға да қатысады. Бұл деңгейде редиректор (redіrector) деп аталатын утилита жұмыс істейді. Оның қызметі енгізу-қорытындылау амалдарын сервердің ресурстарына бағыттау.

Қолданбалы деңгей (Application layer) Жетінші OSІ үлгісінің ең жоғарғы деңгейі. Ол қолданбалы процестердің желілік ресурстарға енуіне арналған терезенің ролін атқарады. Бұл деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды және файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәлімет­тер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтіндік Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Төменде орналасқан деңгейлер қолданбалы деңгейде орындала­тын тапсырмаларды қолдайды. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) деп аталады.

Кең мағынада ашық жүйе деп ашық спецификацияға сәйкес құрылған кез-келген жүйе, мысалы: компьютер, есептеу желісі, ОЖ, программалық пакет, басқа да аппараттық және программалық өнімдер аталуы мүмкін. "Спецификация" термині аппараттық және программалық компоненттердің формалданған сипатталуын, олардың іс-әрекеттерінің тәсілдерін, басқа компоненттермен әрекеттесуін, қолданылу шарттарын, шектеулерін және басқа да сипаттамаларын білдіреді.

Ашық жүйелердің әйгілі мысалы халықаралық Internet желісі болып табылады. Internet желісінің жұмысын анықтайтын стандарттың Request For Comments (RFC) "түсініктемеге сұраныс" деген атының өзі қабылданған стандарттың ашық сипатын көрсетеді.


 

12. Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.

Драйверлер – компьютерге әртүрлі құрылымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайтын программалық жабдық. Желілік адаптер тақшасының драйверлері Ортаға енуді басқару бағыныңқы деңгейінде орналасқан. Ортаға енуді басқару бағыныңқы деңгейі желілік адаптер тақшасының физикалық деңгейге ортақ енуін қадағалайды, яғни драйверлер компьютер мен тақшаның өзі арсындағы тікелей байланысты орнатады. Бұл өз кезегінде компьютерді желімен байланыстырады.

Пакеттер дегеніміз – файл бөлінгеннен кейін алынған деректердің кішігірім басқарылатын блоктары. Деректерді пакеттерге бөліп тастағаннан кейін оларды тасымалдау жылдамдығының өсетіні соншалық, әрбір компьютер деректерді желідегі басқа компьютерлермен бір мезетте жіберу және қабылдау мүмкіндігін алады. Хаттама дегеніміз – қандай да бір байланысты реттейтін ережелер мен процедуралардың тобы.

Желілік ортада хаттамалар деректерді тасымалдаудың ережелері мен процедураларын анықтайды. Желінің дұрыс жұмыс істеуі хаттамаларды орнатумен шектелмейді. Кабель бойымен деректерді жіберу үшін компьютер әртүрлі ену әдістерін қолданады.

Date: 2015-09-02; view: 1659; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию