Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сымсыз желілер





Кабельдер – компьютерлер арасында деректер алмасудың көпшілік мақұлдаған ортасы. Дегенмен, бүгінгі таңда бізді физикалық қосылыстардың қиындықтарынан құтқаратын деректер тасымалдаудың сымсыз технологиялары пайда болды. Сымсыз орта біздің өмірімізге біртіндеп ене бастады. Бұл технология толығымен соңына дейін құрылған кезде, өндірушілер құны төмен, тиімді өнімдерін көптеп ұсына бастайды, мұның өзі ол өнімге деген сұранысты арттырып, сату көлемінің өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде сымсыз ортаның одан әрі өркендеп дамуына әсер етеді.

«Сымсыз орта» сөз тіркесі желіде сымдардың мүлдем жоқтығын білдіретіндіктен, теріс түсінуге соқтыруы мүмкін. Шындығында олай емес. Әдетте сымсыз компоненттер беріліс ортасы ретінде кабель қолданылатын желіде әрекеттеседі. Мұндай әртүрлі компоненттерден тұратын желіні гибридті деп атайды.

Сымсыз желі идеясы қызығушылық туғызары қақ, себебі:

· жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;

· жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге резервті көшірмені ұйымдастыруға көмектеседі;

· тездіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді;

· желінің максималды ұзындығына мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдер арқылы қойылатын шектеуді алуға мүмкіндік береді. Сымсыз желілерге даусыз артықшылық беретін тағы бір фактор – кабельді орнатудың қиындығы. Бұл желілер келесі жағдайларда өте пайдалы болуы мүмкін:

· адамдар көп жиналған бөлмелерде (мысалы, кіреберіс бөлменемесе қабылдау бөлмесі);

· әр жерде жұмыс істейтін адамдар үшін;

· оқшауланған бөлмелерде және ғимараттарда;

· жобасы жиі өзгеретін бөлмелерде;

· кабельдерді жүргізуге болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарихи немесе архитектуралық ескерткіштер).

Технологиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады:

· жергілікті есептеу желілері;

· кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;

· жылдам (тасымалданатын компоненттер).

Сымсыз жергілікті есептеу желілері деректерді жіберудің төрт тәсілін пайдаланады;

· инфрақызыл сәулелену;

· лазер;

· тар спектрдегі радиоберіліс (біржиілікті беріліс);

· шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс.

Инфрақызыл сәулелену.Барлық инфрақызыл сымсыз желілер деректерді тасымалдау үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланады. Мұндай жүйелерде өте күшті сигналдарды генерациялау қажет, әйтпесе басқа деректер көздерідің әсері айтарлықтай болады. Инфрақызыл жарық жиіліктің кең диапазонын қамтитындықтан, бұл тәсіл сигналдарды өте жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. Инфрақызыл желілер 10 Мбит/с жылдамдықта дұрыс жұмыс істей алады. Деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында тікелей көру мүмкін жағдайда ғана жұмыс істейтін желілер бар. Шашыраған инфрақызыл сәулеленуге негізделген желілер қабырға мен төбеден шағылысып барып, соңында қабылдаушыға жететін сигналдарды пайдаланады. Мұндай желілерде тиімді аймақ 30 метрмен шектеледі және беріліс жылдамдығы төмен.

Лазер. Лазерлік технология деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында тікелей көруді талап етуімен инфрақызылға ұқсас. Егер қандай да бір себептермен сәуле үзіліп қалса, онда беріліс те тоқтатылады.

Тар спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл кәдімгі радиостанцияның хабар таратуына ұқсас. Қолданушылар нақты жіберушілері мен қабылдауыштарын нақты жиілікке икемдейді, бұл жағдайда тікелей көрудің қажеті жоқ. Байланыс жылдамдығы салыстырмалы түрде төмен

(4,8 Мбит/с жуық).

Шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл бойынша сигналдар жиіліктің қандай да бір жолағымен беріледі. Біржиілікті берілістегі байланыс барысында туатын проблемалар болмайды. Бұл – технологияның нағыз сымсыз желіні құруға мүмкіндік беретін жағдайы. Беріліс жылдамдығы 250 Кбит/с, бірақ деректерді ашық кеңістікте 2 Мбит/с жылдамдықпен 3,2 км қашықтыққа дейін, ал ғимарат ішінде 120 м-ге дейін тасымалдайтын желілер бар.

Жедел желілер. Сымсыз жедел желілерде беріліс ортасы ретінде телефон жүйелері және қоғамдық қызметтер пайдаланылады. Пакетті радиоқосылыс, ұялы желілер және жерсеріктік станциялар қолданылады. Байланыстың бұл түрі ыңғайлы болғанымен, өте баяу. Беріліс жылдамдығы 8 Кбит/с пен 28 Кбит/с аралығында.


 

Date: 2015-09-02; view: 5354; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию