Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Token Ring желілік технологиясы. Маркер





Token Ring желісін алғашында IBM компаниясы 1970 жылы құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM - нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet –ке жол береді.

Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:

Ø дәстүрлі топологиясы сақина

Ø басқа топологиялары жұлдызша-сақина

Ø беріліс типі таржолақты

Ø ену әдісі маркерлік беріліс

Ø беріліс жылдамдығы 4 және 6 Мбит/с

Ø кабельдік жүйесі UTP және STP

Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды.

Маркер дегеніміз– компьютерге деректерді кабель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны).

Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адресіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Компьютер-қабылдаушы кадрді қабылдау буферіне көшіреді де, оның өрісіне ақпараттың қабылданғандығы жайлы белгі салады.

Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландырады. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады.

Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жіберіледі. Маркердің берілісі – детерминистік процесс. Бұл дегеніміз кез-келген соңғы станца беріліске қатысарға дейінгі максималды уақытты есептеуге болатындығын көрсетеді. Token Ring желісінің бұл сипаттамасы кідірісті алдын-ала болжауға мүмкіндік береді және желі жұмысындағы орнықтылықтың маңызын арттыра түседі. Бұл желіні қолданудың жарқын мысалдары зауыттардағы автоматтандырылған станцалар болып табылады.

IBM-нің Token Ring станцалар желісі кабельдердің көмегімен MAU-ға (Multistation Access Unit) тікелей қосылып үлкен бір сақиналық желіні құрайды.

Кабельдер-ұстатқыштар MAU-ды көршілес MАU-мен қосады. Кабельдер-жапырақшалар MAU-ды станцалармен қосады. МAU құрамында станцаны сақинадан шығаруға қажетті реле бар. Сонымен істен шыққан компьютер Таким образом, неисправный (немесе қосылыс) Token Ring желісінің жұмысына әсер етпейді. Оған сегіз компьютерге дейін қосуға болады. Бірақ Token Ring желісі тек сақинамен шектеліп қоймайды, әрбір сақинада 33 концентраторға дейін болуы мүмкін.

Сақина толған кезде, яғни МAU портына компьютер қосылған кезде, желіні тағы бір сақина қосу арқылы созуға болады. Орындалуға тиісті жалғыз ереже: әрбір МAU сақинаның бөлігі болатындай етіп қосылуы керек. МAU-дың «ену» және «шығу» ұяшықтары бүтін сақинаға кабельдің көмегімен үйінді болып орналасқан 12 МAU-ға дейін қосуға мүмкіндік береді.


 

Date: 2015-09-02; view: 3143; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию