Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тұқымқуалаушылықты зерттеудің генетикалық әдістерінің жиынтығы қалай аталады?





3. Генотип өзгеруіне байланысты мутациялар қалай бөлінеді? Генотип өзгеруіне байланысты мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді. Гендік мутация, мутацияның мұндай түрі жекелеген гендерде болады және жиі кездеседі.Гендік мутация хромосоманың белгілі бөлігіндегі ДНҚ молекуласы нуклеотидтер қатарының өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Гендік мутацияның нәтижесінде жаңа аллельдер пайда болады. Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге немесе абберацияларға байланысты болады. Хромосомалық мутацияға олардың сандары, геномдық мутация мен құрылымының өзгеруі немесе құрылымдық мутациялар жатады. Геномдық мутация -жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік. Геном дегеніміздің өзі гаплойдты хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы. Цитоплазмалық мутация жасуша цитоплазмасында кездесетін плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады.Плазмогендер негізінен пластидтер мен митохондрияларда болады.Цитоплазмалық мутация да гендік мутация сияқты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп тұқым қуалайды.

4. Физикалық мутагендерге жататын факторларды атаңыз? Физикалық мутагендерге негізінен радиациялық мутагендер жатады. Мутагендердің бұл класына негізінен иондаушы және ультракүлгін сәулелер жатады. Иондаушы сәулелерге рентген, протондар, жылдам электрондар және нейтрондар жатады. Иондаушы сәулелер өздерінің әсер ету сипатына байланысты аталады, кез келген заттың электрондарын ұшырып оларды иондайды. Мұның салдарынан гендік және құрылымдық мутациялар пайда болады. Ультракүлгін сәулелер микроағзалар үшін күшті мутаген болып саналады. Олардың ұзын толқындары микроағзаның ДНҚ молекуласына жеңіл сіңіріледі. Ультракүлгін жарық әсерінен ДНҚ молекуласында пиримидин, әсіресе тимин димерлері түзіледі.

5.Бір популяциядағы гендер жиынтығын қалай атаймыз? Табиғи мутация процесстің және сұрыптаудың нәтижесінде әр популяция өзіне тән нәсілдік қасиетіннің хромосома құрылымы мен сипатталады. Осы тұқым қуатын гендердің популяциядағы жиынтығын А.С.Сереборский генофонд деп атады. Популяциялар генофондтары түр генофондтын құрайды. Бір түр дараларында әртүрлі генотиптер болады.

Date: 2015-09-02; view: 1207; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию