Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтихан билеті. Геномдық мутация дегеніміз НЕ.





Геномдық мутация дегеніміз не? Анықтама беріңіз. Геномдық мутация нөтижесінде организм хромосомаларының диплоидты саны қалыпты деңгейден әр қилы ауытқиды. Мал селекциясы үшін геномдық мутациялар ішінен анеуплоидия мен полиплоидияның маңызы бар. Анеуплоидия деп кариотиптегі кейбір хромосомалар санының өзгеруі аталады. Анеуплоидияға моносомиктер (жұп хромосомалардың біреуінің жетіспеуі -2п-1), трисомиктер (кариотипте қосымша бір хромосоманың пайда болуы -2п+1), нулесомиктер (кариотипте гомологты екі хромосоманың да жоқ болуы -2п-2), тетрасомиктер (2п+2), қосмоно- және қостетросомиктер (2п-1-1 жене 2п+1+1) жатады. Анеуплоидияның пайда болуының негізгі механизмі митоздық және мейоздық бөлінуде кейбір хромосомалардың клетка полюстеріне қалыпты ажырамауы және жоғалып кетуіне байланысты. Алғаш рет анеуплоидияны 1916ж. Бриджес D. melanogaster шыбынының мейоздық бөлінуінде хромосомалардың ажырамауын зерттеп ашты. Кейбір аналық дарақтарда жыныс хромосомалардың үш жиынтығы болады: екі Х-хромосома - және бір Ү-хромосома (ХХҮ); кейбір аталық дарақтардың кариотипінде Ү-хромосома жоқ болып шықты, бірақ онда жалғыз Х-хромосома бар (ХО).

Жынысты көбеюдің цитологиялық негіздері. Мейоз. Бірінші және екінші мейоздық бөлінулердің кезеңдері мен фазалары. Мейоз (грекше «мейозис» - азаю, «редуцерес» - кішірею, азаю)-жыныс клеткаларының редукциялық бөліну тәсілі. Мейоз жыныс клеткаларының қалыптасуын, организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды және гендер мен хромосомалардың рекомбинациялануын қамтамасыз етеді. 1-ші мейоздық бөліну редукциялық деп аталып, диплоидты жасушалардан гаплоидты жасушалар түзіледі. Лептотена- жіңішке жіпшелер сатысы. Мұнда хромосомалар ширатылып, жарық микроскопы арқылы ұзын әрі жіңішке түрінде әрең көрінеді. Зиготена- жұп хромосомалардың белгілі бөліктерін қосатын саты. Гомологті хромосомалар конъюгациялнып, бивалент түзеді. Пахитена - жуан жіпшелер сатысы. Мұнда хромосомалардың ширатылуы мен олардың қысқаруы сияқты үдерістермен қатар гомологтық хромосомаларда айқасу немесе кроссинговер үдерісі жүзеге асады. Диплотена- жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып, олар бір-бірінен ажырай бастайды. Х тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды. Диакинез- қос жіпшелердің оңашалану, жекешелену кезі. Мұнда гомологтік хромосомалар тек белгілі бір хиазма нүктелерінде ғана бірігіп тұрады және сақина, сегіздік т.б. ерекше формаларға ие болады. 1 метафаза кезінде бөліну ұршығының қалыптасуы толығымен аяқталады. Олардың жіпшелері бивалентке немесе қосылған хромосомалардың центромерасына бекінеді. 1 анафаза кезеңінде биваленттердегі гомологтік хромосомалар арасындағы байланыс әлсіреп, олар бір-бірінен ажырай отырып, бөліну ұршығының әртүрлі полюстеріне бағытталады. 1 телофаза кезеңінде хромосомалардың жіпшесі тарқатылып, ядролық мембрана түзіліп, жасушада екі ядро пайда болады. Осымен кариокинез- ядроның бөлінуі аяқталып, цитокинез-жасушаның бөлінуі жүреді. 2-ші мейоздық бөліну. 2-ші профаза кезеңінде хромосомалар ширатылады, ядроның мембранасы жоғалады, әр жасушада ұршық жіпшелері түзіледі. 2-ші метафаза- хромосомалар жасушаның экваторына жиналады. 2-ші анафаза- хромосомалардың центромерасы бөлінеді, хроматидалары ажырайды, полюске ұқсас емес хромосомалардың хпроматидаларының кездейсоқ комбинациясы пайда болады. 2-ші телофаза- хромосомалардың жіпшелері тарқатылады, ядро аралық мембрана түзіледі, жасушалар бөлінеді. Мейоздық бөлінудің нәтижесінде 4 жасуша түзіледі.

Дигетерозиготалы организмніің генотипі қандай болады?

Тіркесу тобы дегеніміз не? Тірі организмдегі тіркесу тобының саны нешеге тең болады? Гендер тіркесу құбылысы ашылғаннан кейін Т.Морган мен оның қызметтестері бір жұп гомологты хромосомада орналасқан гендердің тұтасымен тұқым қуалап тіркесу топтарын құрайтындығын анықтады. Белгілі бір топқа жататын гендерді будандастыру кезінде бір-бірімен тіркесетіндегі байқалды, ал әртүрлі топтарға жататын гендер бір-біріне тәуелсіз тұқым қуалайды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі гендердің тіркесу топтарының саны хромосомалар жұптарының санына сәйкес келетіндігін көрсетті. Мысалы, дрозофила шыбынында 4 жұп хромосома және 4 тіркесу тобы, арпа мен бұршақта 7 жұп хромосома және 7 жұп тіркесу тобы бар.

Егер де адамның жыныстық хромосомасының жиынтығы ХХҮ болса, онда адам қай жынысты болады? Еркек

Date: 2015-09-02; view: 1293; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию